Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері

0
13886

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен принциптері \r\n\r\nЖоспары:\r\n\r\n1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары\r\n

    \r\n

  1. Тəрбие принциптері
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n6.1 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары \r\n\r\nЖалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды — тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.\r\n\r\nТəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.\r\n\r\n- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.\r\n\r\n- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады.\r\n\r\n- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.\r\n\r\nСубъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет.\r\n\r\n- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие — өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі — өзіндік тəрбиенің табыс кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.\r\n\r\n- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.\r\n\r\n- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.\r\n\r\n- тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.\r\n\r\n- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.\r\n\r\nСонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 2. Тəрбие принциптері
  2. \r\n

\r\nТəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді.\r\n\r\nТəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.\r\n\r\nОсы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:\r\n\r\n- тұлғалық бағыт принципі;\r\n\r\n- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;\r\n\r\n- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;\r\n\r\n- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;\r\n\r\n- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі.\r\n\r\nТұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет — сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.\r\n\r\nТұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:\r\n\r\n1) тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу; 2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану; 3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару; 4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу; 5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету; 6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру; 7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу.\r\n\r\nОсы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан танымал жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды, тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мəн-мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте көрінетін тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді.\r\n\r\nТəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат ойлы педагогтар тəрбиені «өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым» (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті — адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге дайындау — қай заманда да сақталып қала береді.\r\n\r\nБұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.\r\n\r\nБұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті — балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз, ауызекі нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен ұнамды əлеуметтік тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс.\r\n\r\nТəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі. « Мектеп үшін емес — өмір үшін» — ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде –ақ адам тəрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.\r\n\r\nТəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді қызмет атқаруды талап етеді: 1) тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі жəне еңбегімен қолма-қол əрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан əлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп бару; 2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу.\r\n\r\nАталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер төмендегідей:\r\n\r\n- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;\r\n\r\n- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке баулу;\r\n\r\n- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;\r\n\r\n- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;\r\n\r\n- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;\r\n\r\n- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға баулу;\r\n\r\n- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту.\r\n\r\nТəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі ережелерді ұстанған жөн:\r\n

    \r\n

  1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау. Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт.
  2. \r\n

  3. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші əр оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша –үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
  4. \r\n

  5. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
  6. \r\n

  7. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиімді.
  8. \r\n

  9. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді.
  10. \r\n

  11. Бала тəрбие процесінде өз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс.
  12. \r\n

\r\nТəрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі. Егер өз тəрбиеленушісінде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын байқап, оны тəрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына жол тауып, тезірек табысқа жетуі сөзсіз. Дана педагогтар тіпті тəрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тəрбие мақсатына орай басқа да қасиет-сапаларды қалыптастырып, тұрақтандыруға шеберлікпен қолдана алған. Ұнамды үлгі-өнегелерді сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым: педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, əлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді.\r\n\r\nБаланың ұнамды сапалары (жануарларға мейірім, тума қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық жəне.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уəдесіздік, өтірік айту, еріншектік жəне т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей «бұзық» не тума «сүйкімді» бала болмайды. Адамдағы болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері сапаларды мүмкіндігінше азайту –тұлғаны ізгілендіру жолындағы тəрбие қолынан келер маңызды міндет.\r\n\r\nТəрбиеші қызметі табысты болып, тез əрі ұнамды нəтижеге жетуі үшін, ол келесі ережелерді ұстануы қажет:\r\n

    \r\n

  1. Тəрбие процесінде дау-дамайға, тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы қайшылыққа, күш жəне көзқарас тайталасына жол бермеу міндетті. Тек қызметтестік, ымырашылдық пен шыдамдылық жəне бала тағдырына мүсіркей араласумен ғана ұнамды нəтижелерге жету мүмкін.
  2. \r\n

  3. Оқушы қылық-əрекетіндегі тек олқылықтар мен кемшіліктерге ғана назар аудара беру қателік. Əрдайым жақсы нышандарды тауып, қолдау шарт, əлбетте, келеңсіз сапаларды түзету қажет. Дегенмен, мүмкін болғанша, алдымен ұнамды қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан əрі оларды жетілдіре түсу тиімді.
  4. \r\n

  5. Педагогикалық тұрғыдан тəрбиеленушілердің ұнамды қызығулары мен бейімділіктеріне (танымдақ,эстетикалық,табиғат жəне жануарларға қайырымдылық жəне т. б) арқа сүйеген тиімділеу, олар жəрдемімен көптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тəрбие міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-өнегені пайдалану принципі тəрбие процесінің табиғатына берілген жетекші өзекті таба білуге байланысты. Əр нақты жағдайға орай осы өзекті табу-бала тəрбиесі жолында жанпидалыққа түскен қай педагогтың да қолынан келетін іс.
  6. \r\n

  7. Ұнамды тəрбие аясын (фон) түзу-өнеге пайдалану принципінің жəне бір шарты. Бұл ая құрамы — тəрбиеленушілердің тіршілік, іс-əрекет ауқымы мен тəрбиелік қатынастар стилі. Байыпты, іскерлік жағдай жасалып, əркім өз ісімен шұғылданып, басқаларға кедергі болмаса, еңбектену мен тынығу жоғары дəрежеде ұйымдастырылса, «қабырға да көмектесіп» дегендей сергек те сенімді алға ілгерілеу болады. Жұмыс орнының барша қолайлылықтары алдын ала ойластырылып, үйлесімді əрекеттер мен бірдің екіншіге болған қамқорлығы сезілсе, мұның бəрі қызмет бабындағы адамға ұнамды əсер етпей қоймайды.
  8. \r\n

  9. Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған бала өзіне, өз күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сенуден қалады. Тəжірибелі педагогтар ғұлама Гомерден қалған «Мадақ бар жерде-Жаратқан мен сəби жүреді» қанатты ойды ұстанып, балаға деген жылы, қолдау лебізін бір де аямайды, болашақта қолға кіретін жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы қылығын күні бұрын жобалап, оның нəтижелі боларына баланы сендіреді, өз шəкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын береді.
  10. \r\n

\r\nТəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы.\r\n\r\nАталған принципті іске асырудың төменде келтірілген ережелері тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды ескеруге көмектеседі:\r\n\r\n1) Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. ықпалында қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама маңызды рөл сынып ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына тиісті болатынын еске ұстай отырып, басқа да тəрбиелік əсер көздері болатынын ұмытпаған жөн. Сыныптағы оқушылар мен тəрбиешіден болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.\r\n\r\n2) Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші – отбасы. Өз баласының даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тəрбиеші –педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» -деп атам қазақ бекерге айтпаған. Осыдан, талап – отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу.\r\n\r\n3) Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи тəрбиелеуші – жанұя ресми тəрбиеші- педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне қолқа болады да педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тəрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға ынталы болғаны жөн.\r\n\r\n4) Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз əріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала тəрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікті қызмет жүргізгені жөн.\r\n\r\n5) Ұштастық пен бірізділік принциптері талаптарына орайлас дəрістерге жəне оқудан тыс тəрбие жұмыстарын бір жүйеде алып барған орынды. Тəрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген жөн. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп баруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші – тəрбиеші-педагог.\r\n\r\n6) Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру тəсілі – тəрбиеге қатысты адамдардың, қызмет түрлері мен əлеуметтік мекемелердің басын қосып күш біріктіру. Осыдан да тəрбиеші қоғамдық мекемелер, əлеуметтік қауымдастықтар жəне отбасымен байланыс түзуде шаршап –шалдығу білдірмегені жөн.\r\n\r\nСонымен, тəрбие принциптері – тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары. Бүгінгі таңдағы гуманистік педагогика ұстанған принциптері: тəрбиені нақты тұлғаға бағыттау; жеке жəне қоғамдық тəрбие бағыттарын үйлестіре, байланыстыру; тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұштастыру; тəрбиелік ұнамды үлгі — өнегені арқау ету; тəрбиелік ықпалдарды біріктіре, пайдалану.\r\n\r\n \r\n\r\nСұрақтар мен тапсырмалар\r\n

    \r\n

  1. Тəрбиенің негізгі заңдылықтарына түсінік беріңіз.
  2. \r\n

  3. Гуманистік тəрбие принциптерін атаңыз.
  4. \r\n

  5. Гуманистік тəрбие принциптерінің негізгі салаларын атаңыз.
  6. \r\n

  7. Педагогикалық қызметтегі тəрбие принциптері мен ережелерінің маңызын ашыпберіңіз.
  8. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ