«Теңізге саяхат» ұйымдастырылған оқу қызметі

0
2360
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Теңізге саяхат»

Мақсаты: Балалардың дене бұлшық еттерінің қозғалысын жақсарту мен тыныс алу мүшелерінің жұмысын арттыру, омыртқаларын нығайтып, өз – өздерін бір қалыпта ұстауға дамыту. Жатып жасалынатын жаттығулар омыртқаға, әр түрлі қозғалыста жасалатын жаттығулар дене бұлшық еттерін қозғалтып өз-өздерін бір қалыпта ұстауға қалыптастыру, салауатты өмір салтын дамыту.

Қолданылатын көрнекті құралдар: Кілемшелер, доптар, гимнастикалық орындық, матрасты табан іздері, интерактивті тақта.

Оқу іс — әрекетінің  кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

 

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті

 

 

Мотивациялық қозғаушы

Бір сап бойымен залға кіру, тұру.

Солға бұрыл.

Сап түзе.

Тік тұр.

Сәлемдесу. Балалар біз қазір залды айнала жасайтын жаттығуды жасап бойымызды бір қыздырып алайық.

Оңға бұрыл. (Жүреміз)

 

 

Сәлемдеседі. Педагогтің нұсқауымен залды айнала жүреді.

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

Жан – жақты дамыту жаттығулары. Залды айнала жасайтын жан-жақты дамыту жаттығуларын бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. Аяғымызды көтеріп, бойымызды тік ұстап аяқты нық басып жүреміз.1,2 ТОҚТА.

 

Бастапқы қалыпта қолымыз белде басымызға жаттығуды жасаймыз. Оңға, солға басты бұру.  Бастапқы қалыпта қолымызға жасалатын жаттығу. Қолды алға, жоғары, жанына, төмен түсіріп, санап жүріп жасалатын жаттығу.

 

Бастапқы қалыпта белімізге жасалатын жаттығу. Қол белде бір қолымыз жоғары, оңға, солға иілу.

Бастапқы қалыпта өкшеге жаттығу. Қолды желкемізге қойып, өкшемізбен жүреміз. Бастапқы қалыпта аяқ ұшына жасалатын жаттығу. Қол белде аяқ ұшымен, аяқтың сыртқы, ішкі қырымен, б.қ. келу.

Сапқа тұрамыз. Негізгі қимыл: Балалар біз қазір теңізге саяхатқа шығамыз. Ондағы теңіз астындағы су тіршілік иелерімен танысып, қимыл іс-әрекеттерін бірге жасаймыз.

 

Бір қатар сапта жүріп әр бала өздері үстел үстінде тұрған кілемшелерді алып 1-ші, 2-шіге бөлінген екі топ балалары екі жаққа бөлініп, бір – біріне қарама-қарсы тұрады. Жаттығу: енді жоғары – төмен тербетілеміз. Қане бәріміз жасаймыз. Міне, біз теңізге де жеттік. Ал енді теңіздегі тіршіліктерді тамашалап жаттығуымызды бастайық. Су астына қараңдаршы бұл Шаян. Ал қане шаянның қимылын жасап көрейік. Жаттығуы: Ол үшін шалқалап жатып, қолдарымызды айқастыра ұстап аяғымыздың көмегімен оңға, солға бұрыламыз. Жарайсыңдар!

 

Ал мында қарайықшы су жиегінде Дельфин тұр. Ол адамдармен өте жақын дос бола алады. Балалар біз дельфин болып көрейікші. Жаттығуы: ішімізбен жатамыз, қолымызды аяғымызды созып ішімізбен тербетілеміз.

Жарайсыңдар.

 

 

 

 

Мына балықтың түрлерін білесіңдер ма, қараңдаршы? Бұл акула, өте қауіпті балық, адамды да, басқа жәндіктерді де жеп қояды. Жаттығуы: Төрт тағандап арқамызды ішімізді жоғары қарай көтеріп тек екі алақанымызбен аяқпен жүруіміз керек.

 

Мында мұқият қараңдаршы су астында да гүлдер өседі екен. Бұл Актиния деген гүл. Ал гүлдер жайқатылып тербетіліп тұрады. Су астында да олар судың толқынымен бірге тербетіледі. Жаттығуы: біз қазір сол гүлдердей болып тербетіліп тұруымыз керек. Алдымен жерге тіземізбен тұрамыз. Бойымызды түзу ұстап, қолдарымызды жанымызға түсіріп қойып, алға. артқа қарай тербетіліп тұрамыз.

Балалар біз теңіз асты тіршіліктерін тамашалап жүріп, солтүстік жағалауға өтіп кетіппіз. Қараңшы бұл жерде пингвиндер тіршілік етеді екен. Жаттығуы: Допты екі аяқ арасына қысып, қолдарын екі жаққа тастап пингвиндер секілді жүруіміз керек.

 

Ал енді балалар, сапарымызды аяқтап,балабақшамызға қайтайық. Бірақ біз кейін қайтуымыз үшін мұндағы мұздардан аттап, қар үстіндегі іздерден, көпірден өтуіміз керек. Кедергілерден өтуге дайынбыз ба, балалар? Алдымен мұздардан аттап, секіріп өтеміз. Одан кейін мына іздермен жай ғана кезектесіп өтеміз. Тепе-теңдік сақтай отырып, кезекпен-кезек көпірден өтеміз. Осылайша біз балабақшамызға жеттік.

Қимылды ойын: «Құс болып ұшамын»

Шарты: Екі қолымызды екі жаққа созып, қанатын жайып әуеде ұшқандай оң, сол жаққа қарай бұрыла жүгіріп тарайды. «Дауыл, жел» соқты дегенде барлығы тәрбиеші жанына бірге жиналып отырады.

 

 

 

 

Педагогтің нұсқауымен жаттығуларды орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бірінің артынан бірі тізбектеліп жүріп, екі топқа бөлінеді.

 

 

Шалқалап жатып тербеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлдер секілді барлығы бірге тербетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің нұсқауларын орындап, барлығы бірге жасайды.

 

Ойынға барлығы қатысады.

Рефлециялық -түзетушілік

Қорытындылау. Тыныс алу жаттығуын жасау.

Сау болыңыздар.

 

 

Өткізген: Дене нұсқаушысы Набиева М.Т.

 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ