Темірбек Қожакеев-ғалым, ұстаз, қайраткер

0
4736

Қазақ журналистикасының және сатирасының тарихын зерттеп , бір жүйеге түсірген Темірбек Қожакеевті білмейтін жан кемде-кем. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін жиырма жылдам астам уақыт басқарып, темірдей тәртіп орнатқан Темаға қазақ әдебиеті мен баспасөзінің теориясын қалыптастырған ғалым. Қарымды публицист , шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз.
Темірбек Қожакеев 1926 жылдың 17 желтоқсанында Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты, Ойтал ауылында дүниеге келген. Дүниеге шыр етіп келіп , көзін ашқанда бір жағынан қуанып, бір жағы сол кезде қиын өмірдің тауқыметінен өздері үшін емес, балалары, болашақтары үшін қорқып, ата – анасы жас сәбидің құлағына қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрі бойынша темірдей берік болсын деген ниетпен үш қайтара Темірбек деп дауыстапты. Ата- анасының ақ тілегі қабыл болып, өмірдің ыстық суығына төтеп беріп, бар саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы республикамыздың баспасөзімен бұқаралық ақпарат құралдарында қызмет атқаратын журналист кадрларын дайындауға атсалысып, қарапайым оқытушылықтан ғылым докторы, профессор дәрежесіне көтерілген Темірбек атамыз биыл 90 жасқа келіп отыр. Темірбек ата 1942 жылы Меркі ауданы, Калинин атындағы қазақ мектебін аяқтап, одан кейінгі жылдары соғыстың ащы дәмін татып, өмірдің қиын тауқыметіне төзе білді. Талайдың тұлымын жұтқан сұрапыл жылдар сол кездегі жасөспірімдерді шарпымай өткен жоқ. Бала күнінен ол кезеңнің ауыр күндерін көрседе, ешқашан мойымады. Әрдайым алға жылжып, өмірге деген сүйіспеншілігін дәлелдеп, үлкен жетістіктерге жетуге болатындығын айқындып берді. Соғыс жылдарынан кейін 1948 жылы сол кездегі Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне филолгия факультетіне оқуға түседі. 1953 жылы тәмәмдап, сол жақта мұғалімдік қызметте қалдырылғаннан бастап, бар ғұмырын сол білім ордасына арнаған ұлы тұлға. 1970-1986 жылдары аралығында журналистика факультетінде декан қызметін атқарды. Ол өте қатал, факультетте темірдей тәртіп орнатқан басшы болды. Темірбек ата тек қана қатал басшы емес, сонымен қатар ол – сатира сойқаны. Бауыржан Омарұлы суреттеуіндегі «түрі трагедияны танытатын, көкірегі комедияны теріс көрмейтін» ол қазақ әдебиетінің тың саласы сатирада қалам тербеумен бірге, сын бағытына да ат басын бұрған. Өзі қатарлас және өзгеде жас жазушылар туындыларын сына келе, түйінді тұжырымдамасында сүбелі сөздер жазған.
1986 жылы Желтоқсан көтерілісінен кейін қазақтың көптеген нарқасқа ұлт зиялылары үшін ауыр күндер басталып, бұл қуғын – сүргінді профессор Темірбек Қожакеевте көріп,партия қатарынан шығарылды, қызметінен шектетілді. Бір өзі ғана емес, бүкіл ұлт зиялыларына төнген қара бұлтты ауыр кезеңдер қайсар профессордың сағын сындыра алмады, өршелене аққан асау өзенге қарсы жүзіп, ғалым ретінде көптеген құнды еңбектер жазды. Қазақстан жазушылар одағының жанынан ашылған сықақшылардың «Найзагер» қауымдастығын ашып, ұлттық сатира-юмор жанрын дамытуға елеулі үлес қосты.
Қожакеев- қайталанбас тұлға. Ол қазақ журналистерінің мақтанышы, үлгі тұтары, журналистік жолындағы шамшырағы. Сатираныңда дамуына тың жол ашқан ғалым. «Қазақ сатирасы», «Қазақ совет сатириктері», «Сатира және дәуір», «Адам.Қоғам.Сатира», «Сатира – күштілер қаруы» тағы басқа еңбектері қазақ сатирасына қосқан зор үлесінің бір парасы ғана. Оның еңбегі жазған туындыларымен ғана емес, тәрбиелеген шәкірттерімен, сол шәкірттерінің қазақ сатирасына, баспасөзіне қосқан үлесімінде өлшенеді.Белгілі сатирик жазушы Ғаббас Қабышұлының «Темірбек Қожакеевті сатыпта ала алмайсың, атып та ала алмайсың» деп жазуы көп нәрсені аңғарса керек.
1937-1938 жылдары жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет қайраткерлерінің , журналистердің өміріне арналған «Жыл құстары» кітабы 1991 жылы үздік сыйлыққа ие болды. 1994 жылы таңдаулы журналистік жұмыстарға жарияланған бәйгеде жеңіп шыққаны үшін белгілі зерттеуші, журналист Темірбек атамыз «Дәуір» корпороциясының Сәтімбек Төлешов атындағы жүлдені иеленген. Сатира жанрын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Ара» журналының 75 жылдық мерекесінде құрмет грамотасымен марапатталған. Көзден кетседе, көңілден кетпейтін , есімін ел ардақтаған ұлы тұлға. Меркі ауданында №39 орта мектеп – гимназиясына өткен жылы атамыздың есімі берілді. Мектептің үшінші қабатында атамыздың мұражайы бар. Мұражайда кітаптары, ғылыми еңбектері, суреттері, өмірімен еңбегіне қатысты өзгеде жәдігерлер қойылған.Және аудан орталығында Т.Қожакеев атында көше, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде атамыздың атында акт зал бар.
Атамыздың ұрпағы бүгінгі таңда үлгі тұтарлық отбасы. Атаның тәрбиесінде тәрбиеленгендер бүгінде үлкен өмірде өзіндік орнын қалыптастырғандар. Атамыз 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеген ардақты әке.
Қазақты бағы жанған халық деуге болады. Өйткені алдыңғы құрсақ аналар дүниеге алып келген ұлдардың бізде осалы жоқ. Темірбек атамыз-бір ананың емес, тұтас елдің үмітін ақтаған азамат. Атамызға қанша таңданып , дарынына, адамдық келбетіне тәнті болғанымызбен туған жері туралы сөз болғанда ешкім таңырқамайды. Өйткені, талай алыптарды өсірген қасиетті топырақта бұндай тау тұлғаның туылуыда заңдылық еді. Атамыз туралы деректерді оқыған сайын сананың бір түкпірінде өкініш қылаң беріп, көңілде қыжыл пайда бола бастайды. Өйткені, біздің буын Қожакееыті көрген жоқпыз, оның мектебінен өткен жоқпыз. Қожакеевті танып, тағылым алған әрір жас Темірбек атамыздай тау- тұлға болып өссе деп тілеймін. Өйткені, біздің қоғамымызға атамыздай ұлы тұлғалар аса қажет…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ