Темірдің Отырарда дүние салуы туралы аңыз

0
1468
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Темірдің Отырарда дүние салуы туралы аңыз

И.Т.Пославский 1898ж. «ОрысТүркістаны» атты басылымда жарияланған мақаласында: «Орта Азияның екінші бір ұлы қиратушысы Темірлан Әзірет Сұлтанга зиярат жасап қайтқан соң әрқашан Отырарга келіп тоқтап, ең ыстық жаздың 40 күнін осы арада өткізеді екен. Кезекті зияраттық сапарынан кейін Темірланга осы жерде суық тиіп, қижраның 807 ж. 17 шабанында, яғни 1405 ж. 18 ақпанында дүние салды. Айбатшы жаулап алушының қайтыс балғаны жөнінде хабар қала тұрғындары арасында қатты үрей туғызып олардың көпшілігі тауга қашып кетіпті»{деп жартылай жазба деректердегі хабарларға сүйенген, ал жартылай халық қиялынан туған пікірді ортаға салды.

Отырар алқабында бір жыл кейін болған Н.С.Лыкошин де Темірдің Отырарда өлгені жергілікті халық жадында сақталғанын көрсетеді», «Отырардың осы жерде болғанын жергілікті халық аңыздары көрсетеді, Отырар мен онда Темірланның қайтыс болуы олардың жадында жақсы сақталған»—деп көрсетеді А.К.Кларе.

Алайда аталған еңбектерде аңыз мәтіні келтірілмейді. Әмір Темірдің Отырарда қайтыс болуы туралы аңызды біз 1991 ж. 16 қазанда Шәуілдір тұрғыны Нарымбетов Мамасадықтан жазып алдык. М.Нарымбетов ақсақал бұл аңызды өз әкесі Бабахан қарының аузынан естігенін айтады. Бабахан қары туралы О. Дастанов өз кітабында «діни сауаты бар, өз ата-бабасының тарихын жақсы білетін діндар адам», — деп сипаттайды. Анызға сүйенсек Темірланның ауырып дүние салуына келесі жағдайлар себепкер болыпты: «Қақаған қыс болатын.

Осы кезде Темір жорыққа атганбақ болыпты. Айналасындағылар «тақсыр, әскерді қырып аламыз, жорыққа көктемде шығайық», — депті. Сонда Темір сарбаздарын рухтандыру үшін аркінің үстіне шығып, шаштаразды шақыртып шаш алдыртыпты. Қатты желде шашын суга жібіткендіктен Темірге суық тиіп, қайтыс болыпты. Оның мәйітін былғарыға тігіп, Самарқанға әкеткен екен».

Аңыздағы «арк» сөзі назар аударарлық. Аңызды баяндап берушінің өзі бізге «арк» сөзінің мағынасын түсіндіріп бере алмады. «Арк» деп Орта Азияда ертеден тек ірі қалаларда, әдетте астаналык дәрежедегі қалаларда ғана болатын, билеушілер, әкімдер тұратын қорған-қамалды атайды, бұл орыстың кремль, француздың цитадель сөзінін синонимі. Мұндай корған ішінде билеушінің сарайы болады.

Әмір Темірдің қайтыс болар алдында Қытай елін басып алмақ болып Самарқаннан үлкен әскермен жорықка шыққаны белгілі. Шараф ад-дии Әли Йаздидің 1425 ж. аяқталған «Зафар—намесінің» жазбаларына сүйенсек: «Сейхун жағасынан аттанған Темір сәрсенбі 12 раджаб күні Отырардагы Бердібекшің сарайына (Отрарский дворец Бердибека) келіп тоқтады. Барлық ханзадалар, әмірлер және Темірге жақын болып саналатындардың әрбірі жеке бөлмелерге орналасты. Бір таңғаларлыгы, патшаның ордасына айналған сарайда келген күні ғимарат төбесінен от шығып, өрт болады. Өрт тез арада өшірілгенмен, сол күндері патша айналасындағылар қорқынышты түстер көріп, оны жамандыққа жорып үрейленіп, көңілсіз күйде жүрді. Тағдырға жазылған болмай қоймайды.

Темір Мұса Рекмалды көпірге баратын жалды және көпірден өтетін жағдайды тексеріп келуге жібереді. Ол тез аттанып және аса сақтықпен оралып, бұл жолмен өтудің мүмкін еместігін жеткізеді. Екінші кісі Сайрам бағытында Құлан тауына жіберіледі. Ол да оралып, тауда екі найзадай қалың қардың жатқанын хабарлайды.

Осы кезде Темірге көптен бері Дешті Қыпшақ даласында бір жерге қаңбақтай тұрақтай алмай жүрген Тоқтамыстың ескі қызметшісі Қарақожа келді. Сол күні Темір көрінісханага салтанатты түрде кіріп, биік таққа жайгасты. Оның оң қол жағына Үгедей қағаннан тараған Танзи оғлан, Жошы ханнан тараған Бастемір оғлан мен Шекіре оғлан, сол жағына ханзадалар Ұлықбек, Ибраим сұлтан, Айджеля отырды. Тоқтамыс елшісін әмірлер Бердібек, оның ағасы Шайх Нұр ад-дин, Шах Мелик, Қожа Жүсіп алып кірді».

Темір кайтыс болған жылы қыстың қатты суық болғанын барлық жазба деректер керсетеді, Отырарда Әмір Темірдің ауырып дүние салғаны, кейін онын денесін Самарқанға апарғаны туралы аңыз бен жазба деректердегі мәліметтердің бәрінің бір—біріне сәйкес келетіні байкалады.

Қазақстан мен қазақтардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін өткен ғасырлардың аса бай жазба мұраларын шығармашылық тұрғыдан меңгеру өте маңызды болып табылады. Біздің тарихымызға қатысты ХІІІ-ХҮІ ғғ. бізге дейін жеткен жазба ескерткіштерінің ішінде парсы тілді деректер ерекше орын алады.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Оларда Темір мен оның ұрпақтарының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, сонымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылық, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп. Зерттеудің мақсаты осы шығармалардың Қазақстан тарихын зерттеудегі алатын орнын көрсету.

Әмір Темір жэне оның ұрпақтарына арналған шығармаларға мына деректерді жатқызамыз: Әмір Темірдің «Тузук-и Темури», Низам ад-Дин Шамидің «Зафар-наме», Муин ад-Дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих-и Муини», Шараф ад-Дин Али ибн Шайх Ходжи Йаздидің «Зафар-наме», Мырза Ұлықбектің «Тарих-и арба улус».

Келесі шығарма «Тарих-и арба улус» («Төрт ұлыстар тарихы») Дешті Қыпшақтың тарихы бойынша бағалы деректің бірі. Шығарма сонымен қатар «Тарих-и арба-йи Чингизи» деген атпен де белгілі («Шыңғыстықтардың төрт ұлысы»), Еңбек шамамен 1425 жылы жазылған.

Шығарманың авторы Мырза Ұлықбек — ұлы ғалым және ХҮ ғасырдың мемлекет қайраткері, Әмір Темірдің немересі. Оның шын есімі Мұхаммед Тарағай. Ол 1394 жылы 22 наурызда Әмір Темірдің Ирак пен Әзірбайжанға бесжылдық жорығы кезінде Султания (Ирандық Әзірбайжан) қаласында дүниеге келген. Темірдің Сарайда бекітілген дәстүріне сай, шахзада Темірдің үлкен әйелі Сарай-мулк-ханымға тәрбиеге беріледі. 1395 жылы Әмір Темір немересін Самарқандқа жібереді. 1398 жылы белгілі ғалым және ақын Ариф Азари (1382-1462) Ұлықбектің ұстазы болып тағайындалады. Ұлықбек атасының 1399-1404 жж.

Түркия мен Сирияға, 1404-1405 жж. Қытайға бағытталған жорықтарына қатысады. Әмір Темірдің өлімінен соң (1405 ж. 18 ақпан) Мауараннахрдың тағын оның немересі Халил Сұлтан күшпен жаулап алады. Ұлықбек ол кезде өз әкесі Шахрухтың қол астына Гератка қашып барады. 1409 жылы Шахрух Халил Сұлтанды тақтан тайдырып, сол жылдың соңында өзінің ұлы Ұлықбекті Мауараннахрдың билеушісі етіп тағайындайды. Ол онда 1449 жылы 25 қазанындағы қайғылы қазасына дейін билейді.

Мырза Ұлықбек Шахрухтың (1409-1447) бірінші ұлы, ал оның анасы Гаухаршад-ага әйгілі қыпшақ әмірі Гийас ад-Дин Тарханның қызы еді. Мырза Ұлықбектің өзі Дешті Қыпшақтың ханшайымы Шакар-бек ханымға үйленген болатын. Шакар-бек Дешті Қыпшақтың отыз төртінші ханы Дарвиш ибн Илахий-оғланның қызы еді. Жоғарыда айтылғанның бәрі Дешті Қыпшақ пен Мауараннахр билеушілерінің арасында тығыз туыстық байланыс болғандығын дәлелдейді. Ал бұл Мырза Ұлықбектің Дешті Қыпшақ тарихы жайлы жақсы таныс екендігін көрсетеді.

Ұлықбек тарихта ұлы ғалым және ғылым мен мәдениет қолдаушысы ретінде аты қалған. Оның тұсында Самарқанд ғылыми, мәдени орталықтардың біріне айналады.

«Тарих-и арба улус» Б. Ахмедовтың пікірінше шығарма Мырза Ұлықбектің тікелей қатысуымен және бірнеше адамның басшылығымен жазылған.

Өкінішке орай «Тарих-и арба улус» тұтастай сақталмаған және қазіргі уақытта берілген еңбектің қысқартылған нұсқасының төрт тізімі ғана белгілі. Шығарманың екі тізімі Англияда, бір тізімі Үндістанда және бірі АҚШ-та сақталуда.

«Тарих-и арба’ улустың» құрылымына келетін болсақ, біріншіден мынаны ескерген жөн, автор өзінің шығармасын белгілі тараулар мен бөлімдерге бөлмеген. Б. Ахмедов алғашында «Тарих-и арба ‘ улус» төрт ұлыс тарихы жайлы мазмұндалғандықтан, төрт бөлімге бөлу дұрыс болады деп ойлаған болатын. Кейіннен шығарманы терең меңгеріп, оны кіріспе мен жеті бапқа бөлу керек екен деген пікірге тоқталады.

«Тарих-и арба ‘ улус» шығармасы көптеген тарихи еңбектердің жазылуы үшін дерек ретінде пайдаланылды. Хоңдамир өзінің «Хуласат ал-ахбар» және «Хабиб ас-сийар» еңбектерінде осы деректі кеңінен қолданады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Ұлықбекті қоршаған билеуші топ оның ғылымға ден қоюын құптамайды. Темір өлгеннен кейін империясы ыдырап екіге бөлінеді: бірі – Хорасан, екіншісі Мавераннахр. Соның екіншісіне 15 жасар Ұлықбекті әкім сайлайды. Осыған қарап оның ақылының адам мақтап айтарлықтай екенін айтцымызға әбден мүмкін.

Ұлықбек мәдени құрылыстарға көп көңіл бөлді. Профессор Т.Н. Қары-Ниязов «Ұлықбектің астрономиялық мектебі» атты еңбегінде Ұлықбекте билеуші – Әмір ретінде бағалайды. Ұлықбектің обсерваториясының салынуына ХV ғасырдағы аса дарынды ғалым Жәмшид Ғиясэддин әл-Кемидің көп көмегі тигендігін жазып кеткен. Ұлықбек обсерваториясының ең басты еңбегі – «Зидж Гурманидың» жасалуы мен Тарих-и арба еңбегі болып табылады.

Қорыта айта келе, Дін басылады Ұлықбекті құптамады. Себебі Ұлықбек діни әдет ғұрыптады сақтамады, сондықтан да оны дін басылары барынша жеке көрді. Ұлықбектің ғылым жолындағы жасаған ерлігін діншілер қанша әрекеттенгенімен, жоқ ете алмады.

Халық Ұлықбек

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ