Тіл маманы тоқталған басты мәселелер

0
1334

 «Латынға көшу — бүгінгі таңдағы қажеттілік.Қазақ елінің жазуы латын қарпінде болса,біздің елдің қарыштап дамуының мүмкіндіктері де артады» деген еді тіл маманы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай.

Көптеген қазақтың тіл мамандары,профессорлары да осы пікірде екен.Мысалы,»Жас қазақ» газетіндегі «Латынға көшу- заман талабы» атты мақаладағы пікірлерге назар салсақ. Мәдениеттанушы Мұрат Әуезов «Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану заман талабы болғандықтан,заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап , кез келген жаңа дүниелермен санасуымыз керек».Ал,филология ғылымдарының докторы Тұрсынбек Кәкішұлы :»Латынға көшу керек.Адамзат қоғамының даму бағытын ешқашан естен шығармау керек» дейді.Тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметқанұлы болса:»Кириллицамен сіңіп кірген отарлық санадан арылу үшін латынға көшудің саяси маңызы зор». Ал мен ғалым не тарихшы болмағандықтан,оқу әлі бітірмеген студент ретінде латынға көшудің жақсы не жаман жақтарын нақты тарихқа сүйеніп,дәлелдермен айтып бермесем де,бір айтарым, латынға көшеміз деп қазақ тілінің нәрлілігін,құндылығын жоғалтып алмасақ екен деймін.Заман көшіне ілесеміз деп, артық қыламыз деп тыртық қып алмасақ болғаны.Әдебиет пен мәдениеттегі бай мұраларымыз өскелең ұрпаққа құнарлылығын жоғалтпай жетсе болғаны.Бірақ ,заман алдында боламыз деп артта қалған қарттарымызды да ұмытпаған жөн.Барған жерде өз тілін түсінбей тұрған не газет оқуды әдетке айналдырған қарттарымызға қиындық тудырмай ма?!

Анар ханымның айтуынша «Ақымет Байтұрсынұлы негізгі қағидаларында қазақ тілі-әріпке емес,дыбыстық жүйеге негізделген тіл» екені нақты жазылған көрінеді. Бірақ-та ,біз мектеп қабырғасынан орфография және орфоэпия іспеттес тіл ғылымының салаларын білеміз.Сәйкесінше,ешқашан сөздерді қалай айтылса,солай жазған емеспіз,қалай жазылса,солай айтқан емеспіз.

Тіл маманы шешімін табуға тиісті басты мәселе тілімізге еніп жатқан жат сөздерге қатысты деп ойлайды.Және ,соны шешудің жолы ретінде шетелден енген сөздердің қазақ тіліндегі сөздігін жасау керек.Бірақ «мұндай шешім қаншалықты бұл мәселені шеше алады?»деген сұрақ туындайды.Осы орайда мен Абай атамыздың:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол — ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі —надан,
Бұл жұрттың, сөз танымас бір парасы.
деген өлең жолдарынан үзінді келтірсем.Яғни,айтпағым өз тілін құрметтемейтін надандар үшін жағдай жасап, ығына жығыла берудің қажеті жоқ. Тілге қатысты заң керек,қатал заң. Заң бойынша біз өзіміз тіл қолданысына еркіндік беріп отырмыз. Мәселен ,біздің мамандық журналистикаға қатысты «Жарнама туралы » заң дейікші әр жарнама беруші өзі қалаған тілде жарнама бере алады.»Балық басынан шіриді»демекші мен біздің тілдегі басты мәселе мінберлердегі саясаткерлеріміздің ресми тілге мемлекеттік тілмен салыстырғанда басымдылық беріп отқаны.Мәселен,бір мәжіліс жиналысында депутат Геннадий Шиповских таза қатесіз қазақи тілде Ұлттық Банк төрағасына сұрақ қойғанда,ол кісі қазақша қиналып жауап берді.

Бүгінде таңда қолданылып жүрген «талқылайық-talklike «,»Қызықtimes»»End ne isteimiz» іспеттес атаулардың ғылыми тілде пиджинация,яғни тілдің бұзылуы екен. Осындай біреулер үшін хит есептелініп жүрген атауларды тіл маманы Анар Салқынбай «арзанқол қолданыстар»деп дұрыс айтты.
Өкініштісі,сол арзанқол қолданыстар телеэкрандарда да көрініс тауып отыр.Бірақ,жастар мұндай атауларды жақсы қабылдайды.Оларға «Сәулеғұмыр » сынды хабарларға қарағанда «Қызықtimes»-ты ?қызықтаған ұнайды. 

Тіл маманының айтуынша, қазақ тіліндегі дыбыстардың тіркесімділік заңдылығына сәйкес «қ» дыбысы мен «м»дыбысы тіркесе алмайды екен. Соған сәйкес,Ахмет Байтұрсынұлы өз есімін Ақымет деп жазған екен. Көбінесе «рақмет»деп айтатын сөзімізді енді «рахметке»ауыстыратын болдық. Дұрысы сол екен.

Анар Салқынбай ханым ең өзекті мәселе сауатсыз журналистер хақында екенін айтқан еді.Біріншіден,қазақ тілді сауатсыз журналистер мектеп кезінен қазақ тілі пәніне жете назар аудармағанынан шығып отыр.Тіпті,» журналистер » деген сөзді әлі күнге «журналисттер» деп жазатын журналистер жоқ емес бар. Осындайда «Журналист филолог бола алмайды,филолог журналист бола  алады» деген ой ойға оралады.Жаңалық жүргізіп отырып оқыған жаңалығыңның қатесін түзетіп,кемшілігін айта алмасаң,несіне журналист мамандығын бітірдім деп айтасың?!Әрине,сауатсыз журналистердің көбеюіне жоғарғы оқу орындарын кінәлай алмаймыз. Себебі, бастапқы білім мектепте қаланады.Мектеп қабырғасында жүріп-ақ журналист болуды көздеген адам,тек телеарнада жылтырлауды ғана ойламай, әуел бастан өзінің сөз қолданысына,тіл тазалығына,тіл заңдылықтарына зер салуы керек.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ