Ұялы телефон мен планшеттің балаға зияны қандай?

0
1985

Қаншама ата-аналар: «Бұлар оқып туған, бәрін біліп алады, тіпті оны қалай ойнайтынын мен де білмеймін» деген кейіп танытады. Үш-төрт-ақ жастағы баланың бұл қылығын кім ұнатып отыр дейсің, өзімізден көрді, соған айналсын деп қолына бердік, ойнады, қызықты, енді тастау қиын. Ұрыс-керіс, дау-жанжал…

Зияны қандай?

Мойынды салбыратып көп отырғанның жасөспірім балаға өте зиянды екенін ақылға салып көрсеңіз де білесіз, көзге зиянды екенін дәрігерсіз де білеміз, ата-анамен әңгімелесу, жақыннан сырласу жайына қалып суықбауырланып, тұйық, қырсық болып өзгере бастағанын көп ата-ананың көздері көріп, көңілдері алаң күйде. Бұл жайларға кең тоқталмай-ақ қоялық.

Ғалымдардың зерттеуінше балалардың телефонға үңіле беруінің зияны ересек адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болады екен. Неліктен?

1. Балалардың жүйке талшықтары өсіп-жетілу кезеңінде болғандықтан радияциялық сәуледен жылдам зиян шегеді.

2. Балалардың бас сүйегі жұқа болғандықтан радияциялық сәуледен қорғанысы төтенше әлсіз болады.

3. Балалардың денесінде су құрамын мол болғандықтан радияциялық сәуледен зияндалуы ересек адамдардікінен жоғары болады.

Сонымен қоса мамандар құрылғылардан бөлінетін сәуленің бас ауруы, есте сақтау және көру қабілетіне душар ететінін анықтап, ұйқысыздыққа шалдықтыратынын дәлелдеген. Сондай-ақ, ұялы телефондардың денсаулыққа зияны және оның ғылыми тұрғыдан дәлелдеп айтқан профессор Осман Муфтиұлы балаларға айрықша тоқталып, оларға мұның ересектердерден әлденеше есе зиянды екенін атап көрсеткен.

Қысқасы, бала назарын басқа ойын түрлеріне, әсіресе спорт саласына қызықтыру оны осы бір зияны белшеден пайдасыз һәм мағынасыз әдеттен құтқаруы мүмкін. Қасында болып, қадағалуды қажет етеді. Бұрынғы бес баладан қазіргі бір баланы дұрыс тәрбиелеп ержеткізудің қиындығы осында. Қоршаған орта, айнала өзгерді. Қысым да, бәсеке де жоғары. Зиянды дүниелер төріңде тұр, қолыңда жүр… Ендігі бейқамдық – жауапсыздық!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ