Ұлулар ұйықтаса қартаймайды

0
3393

Австралиялық ғалымдар ұлулардың ұйықтау кезінде қартаюды толығымен тоқтата алатын қабілеті бар екендігін анықтады. Сарапшылар мұның адамның қартаюмен күресуіне көмектесе алатынына сенімді. «Кейбір ұлулар өздерінің өмірлерінің жалғасуын 3-тен 23 жасқа дейін ұзарта алады. Егерде бұны адамға ауыстырса, онда өмір сүру 70-тен 500 жасқа дейін ұлғаяр еді», — дейді Саншайн Коаст университетінің биологы Скотт Камминс. Адам генінің 50 пайызға жуығы бұл осынау таңғажайып «ұзақ жасаушылар» генімен ұқсас, сондықтан да адамдардың да «ұйықтайтын гені» бар болуы әбден мүмкін деп есептейді биологтар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ