V Республикалық «Үздік сынып жетекші» олимпиадасының ережесі

0
11497
qaztest.kz

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында республика көлемінде үздік сынып жетекшілерді анықтау және оларды қолдау мақсатында V Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасын  (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілері қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары сынып жетекшінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада 2 кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада өткізілетін мерзімі: 2022 жылдың 24 қаңтарынан 24  ақпан аралығы. Екінші кезеңнің тапсырмалары іріктеу кезеңінде 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға ғана ашылады. Қорытындысы 28 ақпан күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі.  Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік сынып жетекші» төсбелгісімен және 2-кезеңде 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

V Республикалық «Үздік сынып жетекші» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы барлық ақпараттар qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2 кезең бойынша (2022 жылдың 24 қаңтарынан 24  ақпан аралығында) онлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілері қатыса алады;

1.5. Олимпиада тапсырмалары сынып жетекшінің тәрбие жұмысы мен әдістемесі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ереже бойынша беріледі;

1.6. Тапсырмалар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;

1.7. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.8. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық қашықтық олимпиадаларының мақсаты мен міндеттері:

2.1. Жалпы білім беретін мектептерде қызмет ететін сынып жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2. Шәкірт тәрбиесіндегі сынып жетекшілерінің алатын орны мен маңызын насихаттау;

2.3. Республика көлемінде үздік сынып жетекшілерді анықтау және оларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада 2 кезеңнен, әр кезең 25 сұрақтан, барлығы 50 сұрақтан тұрады;

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. 1-кезеңнен 17 ұпайдан жоғары алған қатысушылар 2-кезеңге жолдама алады;

3.4. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.6. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7. Тестілеудің нәтижесі қатысушы тестті аяқтағаннан кейін экран бетіне шығарылады;

3.8. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы негізінде 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша             І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша екі кезең нәтижесін қоса алғанда ең жоғары ұпай алған 30 қатысушы «Үздік сынып жетекші» төсбелгісімен және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2022 жылдың 28 ақпан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ