VІІ Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасының ережесі

0
5004

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті республика көлемінде үздік жас мамандарды анықтау және оларды қолдау мақсатында VІІ Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады. Олимпиадада колледж және мектеп қызметкерлеріне педагогика, оқыту әдістемесі, психология және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша, ал мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік бойынша жас мамандардың білім көрсеткішін анықтайтын тапсырмалар беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында онлайн өтеді. Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиаданың өткізілетін мерзімі: 2023 жылдың 29 наурызынан 29 сәуір аралығы. Қорытындысы 2 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар «Үздік жас маман» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

VІІ Республикалық «Үздік жас маман» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2. Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады;

1.3. Олимпиада qaztest.kz сайтында 2023 жылдың 29 наурызынан 29 сәуір аралығында онлайн өткізіледі;

1.4. Олимпиадаға колледж, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс жасайтын еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатыса алады;

1.5. Олимпиадада колледж және мектеп қызметкерлеріне педагогика, оқыту әдістемесі, психология және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі бойынша, ал мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы, мектепке дейінгі педагогика және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың нормативтік бойынша жас мамандардың білім көрсеткішін анықтайтын тапсырмалар беріледі;

1.6. Тапсырмаларды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білікті мамандары арқылы дайындалып, ұйымдастырушылармен бекітіледі;

1.7. Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.8. Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1. Колледж, жалпы білім беретін мектептер және мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру;

2.2. Жас мамандардың педагогикалық біліктілігін арттыру;

2.3. Республика көлемінде үздік жас мамандарды анықтау және оларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.

3.2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және нәтиже экран бетіне шығарылады;

3.5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

  1. Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1. Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2. Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3. Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4. Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5. Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6. Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7. Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8. Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9. Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10. Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР 

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

 

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар «Үздік жас маман» төсбелгісімен және 24-25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 2023 жылдың 2 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адресі арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20-дан көп қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

 

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

  Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Р/с Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.      

Ескерту! «Үздік ұжым» плакеткасы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87


ПІКІР ҚАЛДЫРУ