«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін талдау

0
19095
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Абайды оқы, таңырқа!

  Мектеп: Ф.Оңғарсынова ат. №41 мектеп-гимназия
Күні:    Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбаева А.С.
Сынып: 6 «Ә»   Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 6Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау
Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар : Шығарманың жанрын анықтау;

Көптеген оқушылар: Шығарманың сюжетін көрсету;

Кейбір оқушылар: Шығарманың фабуласын, жанрын, сюжетін көрсету

Бағалау критерийі

·         Шығарманың жанрын анықтайды;

·         Шығарманың сюжетін көрсетеді;

·         Шығарманың фабуласын, жанрын, сюжетін анықтайды.

Тілдік мақсаттар

 

Фабула, жанр, сюжет

Құндылықтарға баулу

 

Ғылымға баулу, өнерге баулу
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі

Алдыңғы білім

 

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

12 мин

«Қоржындағы  сұрақтар» әдісі арқылы Абай жайлы білгендерін еске түсіру мақсатында зымыран сұрақтар беремін. Оқушылар тез – тез айтып отырады.

Сұрақтар:

1. Абай Құнанбаев кім? -………………(ақын, ойшыл, ғұлама, философ)

2. Қай жерде дүниеге келген?……………..(Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстаудың бауырында)

3. Туған жылы?………………(1845 жылы)

4. Алғаш қалай хат таныған?………………….. (ауыл молдасынан)

5. Абай оқыған Семейдегі медресе?………………..(Семейдегі Ахмет Риза)

6. Абайдың шын есімі?……………….(Ибраһим)

7. Абайдың арғы атасы?…………………(Өскенбай)

8. Өз әкесі?………………………….(Құнанбай)

9. Абайдың анасы?……………,(Ұлжан) әжесі………………..(Зере)

10. Абайдың әкесі Абайды неге үйретеді?…………………….(ел билеуге үйретеді))

11. Абай мен әкесі арасындағы келіспеушілік неден?…………….(ел билеушілердің халыққа жасаған қиянатын көргенде басталады)

12. Абай оқыған орыс жазушылары мен ақындары кімдер?……….(Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Салтыков — Щедрин, Добролюбов, Чернышевский)

13. Абайдың ақын екенін танытқан алғашқы көркем өлеңі……………… («Қансонарда бүркітші шығады аңға»)

14. Ол өлеңі қай жылы жазылған?………………(1882 жылы), халық ауыз әдебиеті)

15. Ақын қай жылы дүниеден озды?…………… (1904 жылы)

 

Сабақтың ортасы

20 мин

 

 

 

 

 

1-тапсырма. (Өлеңді үнтаспадан тыңдату) /3 мин/.

1.Білім – адам өміріне өте қажет. Тіпті оны ұлылардың өзі де мойындайды. Өлеңнің тақырыбы — «білімсіз, ғылымсыз болады ақыл тұл» дегенге саяды. Ақын бұл өлеңі арқылы жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға шақырады.

Ең алдымен осы өлеңде кездесетін түсініксіз сөздермен танысып, дәптерлеріңе жазып қойыңдар.

а) Сөздікпен жұмыс:

Нәфрәтлі — жиіркенішті.

Ғибрәтлі – үлгілі,өнегелі.

2-тапсырма.

Жұптық жұмыс

1,3-топ: Өлең мазмұнын постер арқылы жеткізу.

2,4-топ: Өлеңді қарасөзбен жазу

5-топ: Өлеңді құрылысына талдау

6-топ: Білім-ғылымға шақыратын басқа ақынның өлеңімен салыстыру («Венн диаграммасы»: А.Құнанбайұлының  «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі мен  Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» өлеңін салыстыру)

3-тапсырма.

Жанр –  әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі.

Фабула –  көркем шығармада суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу.

Сюжет –  өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі — өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс.

 

 

 

 

Сабақтың соңы

8мин

 

 

 «3 минуттық эссе» жазғызу. Тақырыбы: «Адам болам десеңіз…» /5 мин/  
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?  Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

 

Бағалау

  Рефлексия.

Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?

Сабақта маған не қызықты болды?

Сабақта маған не қиын болды?

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ