Қытай журналистикасының дамуы XX басынан бастау алған. Осы ғасырдағы Қытай журналистикасын дамуына үлес қосқан атақты профессор, реформатор Сунь-Ятсень
Қытай журналистикасында алғаш болып баспасөз жақсы дамыды. Яғни, журналистиканың алғашқы дамыған түріне айналды. Әсіресе Қытай журналистикасының дамуы 1978 жылы билікке Дың-Шоу-Пиң (Дэн Сяо Пин) келгеннен бастап қарқын алды.
Мәселен 1950 жылы 382 газет жылына 800 миллион дана басылған болса, газет 186 болып, жылдық таралымы 12,8 миллиардқа өскен. Олай болса, 1986 жылы газет саны 2151-ге жетіп өсті, оның 247-і күнделікті газет болды. Газет тиражы 1978 жылмен салыстырғанда 4 есеге қосылып, 160 миллионға жеткен. 1980 жылдан 1000-нан астам әртүрлі газеттер жаңадан шығарылған. Қытай газетінің саны 1998 жылы 2200 болып, 1978 жылғыдан 10,8 есеге артқан. Барлық мерзімді басылымның жалпы саны 8000-ға жетті. Сондықтан «Рэң миң рибау» 80-жылдарды «Қытай газетінің алтын-дәуірі» деп атаған.
Қытай газеттерінің ішінде ең алғаш болып шыққан және әлі күнге дейін маңызын жоғалтпаған газет ол»China Daily»
«China Daily» газеті 1981 жылдың 1-маусымынан бастап жарық көрген. Газет елдегі ағылшын тілінде шыққан алғашқы басылым болып табылады. «China Daily» әлемнің 150 қаласы мен аудандарында шығарылады. Сонымен қатар, Солтүстік Америка мен Еуропаға да таратылады. Қытайдағы шығатын газеттердің ішінде бірінші болып барлық шағынан алда келе жатқан іші басылымдардың бірі. Шет ел оқырмандарына арналған басылымдардың арасынан алғашқы газет бес күндік, ағылшын тіліндегі «China Daily» газеті бүгінде он тоғыз тілде шығарылып тарайды.
Кейіннен елде радио және телевидение саласы дами түсті. 1982 жылы елде Радио-телевизия министрлігі құрылған. Аталмыш министрлік телестанциялар, кино және бейнежазу компаниялары, радио-телевизия университеттері және осы бағыттағы баспаханалардың жұмыстарын қадағалайды. Министрлік аппаратында 13 мың қызметкер, жалпы радио-телевизия жүйесінде барлығы 200 мың адам жұмыс жасайды.
Қытай халық орталық радиостанциясы өз хабарларын бірнеше бағдарлама бойынша жүргізеді. Айталық I, II бағдарламалар тәулік бойы 50 сағаттық хабарларын тұрғындардың ортақ тілі болып табылатын путун-хуа тілінде жүргізеді. Ал III бағдарлама сазды әуендер, көңіл көтеретін хабарларға арналған.Аз ұлттарға арналған арнайы бағдарламаларды 13 сағат бойы қазақ, моңғол, тибет, ұйғыр,корей тілдерінде әзірленеді
Қытай радиосы ағылшын, француз, жапон, орыс, тілдерінде дәріс жүргізеді. Соңғы жылдар шет елдік тыңдаушыларға арналған бағдарламаларға айрықша назар аударуда. Шет елдіктерге арналған алғашқы хабар 1947 жылы 11 қыркүйекте «Синьхуа» радиосы ағылшын тілінде жүргізген. Бүгінде олар «Америка дауысы» секілді әлемнің ірі радиостанцияларымен әріптес ретінде жақын байланыс орнатқан.
Пекинде 1957 жылы телемұнара салынысымен ҚХР телевизиясының іргетасы қаланды. 1958 жылы мамырда алғашқы хабар эфирге шығарылғаннан кейін төрт айдан соң бағдарлама тұрақты жүріле бастаған. Кейін Шанхайда да телеарна ашылды. 1960 жылы ҚХР да 28 телестанция жұмыс істеп, телевизия саласы дамыды.
1968 жылдан бастап телестанциялар салу ісі жалғасын тауып, 1975 жылға дейін жалғасты. Тибетте телеорталық жұмыс істеуде. Қазір алпыстан аса телеарна жұмыс жасайды. Қытайда 2100-ден аса газет шығарылған (2008ж мәлімет бойынша). Радиостанциялар саны: 3240
1990 жылдан бастап шетел оқырмандарына арнайы кешкі газеттер шығарылды. Ірі компаниялар: China Telecom, China Unicom, China NetcomҚХР-да кешкі баспасөз қоғамда ерекше орын алады. Қазіргі таңда 157 кешкі газеттердің жалпы тиражы 39,5миллион дана. Қаржыны 45% жарнамадан табады.
«Синьмин Ваньбао» деген атпен шетел оқырмандары үшін алғашқы кешкі газет 1994 жылы АҚШ-та;»Цзинь Ваньбао» 2002 жылы Лос-Анджелесте;»Цюаньчжоу Ваньбао» 1997 жылы Филлипин астанасы Манилада шығады. «ВАНЬБАО» — кешкі газет дегенді білдіреді. 1898 жылы Шанхай Ваньбао деген газеттен бастау алған.Кешкі газеттердің ерекшелігі — халықтық, аймақтық және көпфункциолналдылық болуы.
2000 жылы «Кешкі баспасөз» атты көлемді анықтамалық және үздік журналистік материалдар жинағы» шықты. Оларды Қытайдың кешкі газет Ассоциациясы шығарды (1930ж бастап). Ғылыми журналдарда тарих, проблематика, бәсекелестік, өндірістік тақырыптарына мақалалар жарияланды.