Қытайлық ең бай миллиардер һакім Абай өлеңін оқыды

0
1384

Alibaba интернет-корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма қазақтың ұлы ақыны – Абайдың өлеңін қытайша оқыды.

Джек Ма Қазақстан Республикасының Қытайдағы eлшісі Шахрат Нұрышевтың эстафетасын қабыл алып, қытай тілінде «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін оқыды.

«Құрметті достар, мен Джек Мамын. Келесі жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың 175 жылдығы тойланады.

Бүгін мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі Нұрышев мырзадан эстафетаны қабыл алып, сіздерге абайдың өлеңін оқып беремін», — деді қытайлық миллиардер.

Соңында Джек Ма эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.

Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны әлемдегі өзге де танымал тұлғалар қолдап, ақынның шығармаларының насихатталуына өз үлестерін қосты.

Дереккөз: БАҚ.кз порталы

 

Оқи отырыңыз!

Қытайдағы ең бай адам Джек Маның ұлына жазған хаты.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ