Қыз балаға арналған есімдер топтамасы

0
11001
Иллюстрация: Freepik.com
Назарларыңызға қыз балаға қойылатын есімдерді мағынасымен бірге назарларыңызға ұсынамыз:

Айзере, қаз. ай+зере, иран тілінен «зер» – алтын. Алтынай есімінің синонимі.

Раяна – араб тілінен — 1) толық, тегіс, түзу; 2) дамыған, кемелденген, жетілген. Тағы бір мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.

Айару – «ай» мен «ару» сөздерінің қосындысы. Айдай сұлу ару болсын ниетпен қойылған.

Айша – араб тілінен гайшә – көне евр. айше – ұзақ өмір сүруші, өмірге құштар. Түрлері – Ғайша, Қайша.

Айлин – бұл есім, негізінен, түрік қыздарына жиі қойылады. «Ай нұры» деген мағына береді.

Әмина – араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.

Кәусар – араб тілінен – пәк, жомарт, мөлдір. Жәннаттағы өзеннің аты.

Аяла – қаз. мәпелеп өсіру, әлпештеу.

Інжу – араб тілінен – маржан.

Медина (Мәдина) – «қала», Мадинат ән-Нәбий («Пайғамбар қаласы»)  деген тіркестен алынған. Мұсылмандардың қасиетті қаласы.

Айым – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

София – грек. – ақылды, білімді, дана. Сафия есімімен үндес, Сафия – «саф таза, тұнық; таңдаулы» деген мағына береді.

Аяулым – «менің жаным, қымбаттым» деген мағына береді.
Асылым, асыл – «текті, бекзат». Түп-төркіні осы сөзден шықса керек.


Адина
, иран тілінен одина – 1) әдеміленген, безенген; 2) жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Бұл есім бізде қыз балаларға ғана қойылады. Ал Иран тілдерінде көбіне ұл балаларға қойылады. Синонимі – Әтина.

Амина – қазақша «Әмина». Араб тілінен – 1) адал, сенімді; 2) зиянсыз, сәтті, игілікті.

Аружан – сұлу, көркем деген мағынада қойылады.

Аяна – араб тілінен – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

Айкөркем – ай + көркем, «айдай сұлу көркем болсын» деген тілекпен қойылады.

Әдия – араб тілінен «хадия» – сый, сыйлық, тарту.

АБИРА — тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА — араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ — грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ — тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.

АЖАР — көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.

АЖАРГҮЛ — гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.

АЖАРХАН — көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.

АЗА — тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.

АИДА — араб тілінен  — пайда, сый.

АЙБАЛА — ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.

АЙБАРША — қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.

АЙБИКЕ — екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.

АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.

АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.

АЙҒАНША — қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.

АЙҒЫЗ — айдай сұлу, көркем қыз бала.

АЙДАЙ — айдай сұлу, көркем.

АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана — білгір, данышпан, ғалым.

АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  — теңіз, үлкен өзен.

АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.

АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.

АЙЗАДА — қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.

АЙЗЕРЕ — қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.

АЙЗИБА — қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба — сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.

АЙЗИЯ — қазақтың сөзі ай + зия — араб тілінен алынған зийна — жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.

АЙКҮМІС — қазақтың сөзі ай + күміс — сұлу, әдемі, көркем.

АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен — ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.

АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.

АЙНА — араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.

АЙНАГҮЛ — тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.

АЙНАША — айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.

АЙНҰР — қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.

АЙПАРА — қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.

АЙСӘУЛЕ — екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.

АЙСҰЛУ — екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.

АЙТОЛДЫ — бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.

АЙША — араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше — ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.

АЙШАЙЫМ — Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.

АЙШОЛПАН — Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМ — менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.

АЙЫМГҮЛ — менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМЖАН — айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.

АЙЫМША — ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.

АҚАЙША — аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.

АҚБАЛА — сұлу, әдемі қыз бала.

АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.

АҚБӘТЕС — ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.

АҚБОТА — бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.

АҚЖІБЕК —  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.

АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия — жарық, сәуле, арай.

АҚҚАЛ — қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол — бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.

АҚҚЫЗ — аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.

АҚМАРАЛ — бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.

АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.

АҚТАМАҚ — бейнелеу түрінде қойылған есім.

АҚТОҚТЫ — төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.

АҚЛИМА — араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.

АЛҚА — асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.

АЛМА — қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.

АЛТЫН — кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.

АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.

АМАН — сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.

АНАР — иран тілінен — қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.

АНИСА — араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.

АРАЙША — арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.

АРДАҚ — құрмет, қадір.

АРНА — бір адамға бағыштау, арнайы қою.

АРУ — сұлу, көркем.

АРШАТ — араб тілінен  — адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.

АСИЯ — иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).

АСЫЛ — араб тілінен алынған әсил —  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.

АСЫЛЖАН — асыл және жан сөздерінен — мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.

АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

ӘБИБА — араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.

ӘДЕМІ – қазақтың сөзі көркем, әсем.

ӘДИБА — араб тілінен алынған адиб — ғалым, әдебиетші.

ӘДИЛА — араб тілінен алынған әдил-ғадія  — әділдік, шыншылдық, турашыл.

ӘДИНА — иран тілінен алынған одина — әдеміленген, безенген;    жұма күні, аптаның бесінші күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі — Әтина.

ӘДИЯ — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту.

ӘЗИЗА — араб тілінен  — ізгі, құрметті, сүйкімді, сыпайы, қымбатты.

ӘЗИМА — араб тілінен  — ұлы, мәртебелі әйел.

ӘИГЕРІМ — әй жане керім сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында осы есімнің қойылу тарихы баяндалады. Абай алғаш Шүкіман деген сұлу қызды көргенде оның нұрлы да сұлу көркіне танданады. Қыздың асқан көркі мен сұлулығына, әдепті жүріс-тұрысына қызығып, әй керім, ай керім деп танданудан кейін ол Айгерім аталып кеткен.

ӘЙНЕК — араб тілінен алынған  эйн —  көз;   қайнар бұлақтың көзі.

ӘЛЕМГҮЛ — әлемнің, дүниенің әдемісі, сұлуы.

ӘЛИМА — араб тілінен алынған ғалима — өқымысты, ғалым әйел.

ӘЛИПА — араб тілінен алынған алиф —  қолға ілінген, дос, жолдас;   араб әліппесіндегі бірінші әріп.

ӘЛИЯ — араб тілінен алынған —  құны, бағасы артық, биік, жоғары;   қымбатты, сүйікті;   мәртебелі, көрікті қыз. Түрлері — Ғалия, Қалия, Әлиша.

ӘЛФИЯ — араб тілінен  — мың жыл жасаушы, ұзақ өмір сүруші.

ӘМИЛА — араб тілінен — қызметші, жұмыскер.

ӘМИНА — араб тілінен  —  адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.

ӘМИРА — араб тілінен алынған әмір

ДАЙАНА — латын тілінен алынған  Диана — пәктік пен ай құдайының аты.

ДАМИРА – жаңа  есім — «да здравствует мир» , әйелдер есімінің қосымшасы «а».

ДАНА — иран тілінен  — білгір, данышпан.

ДАНАГҮЛ — иран тілінен  — гүлдей құлпырған дана, данышпан, ақылды деген мәнде қойылған есім.

ДАРА — қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАРИҒА — иран тілінен  — шіркінай, ойпырай деген көңіл-күйді, таңдануды білдіретін сөз,  керемет, тамаша деген мағыналы есім.

ДАРИЯ — иран тілінен  — теңіз, ұлы өзен.

ДӘЛИЛА — араб тілінен  — белгілі, таныс, жол көрсетуші, жолбасшы, жетекші, яғни жөн айтушы, бағыт беруші, ағартушы.

ДӘМЕЛІ — үмітті, үміткер.

ДӘМИНА — араб тілінен  — жақсарушы, әдемі, көркемдеуші, күшті, мығым. Өзгеріскен түрі — Дамина.

ДӘНЕШ — иран тілінен  — білім, ғылым.

ДИДАРА — иран тілінен  — түр, жүз, келбет, қыз бала әдемі, көрікті, келбетті болсын деген тілекпен қойылған есім.

ДАНЕШ — иран тілінен  — знание, наука.

ДИЛА – грузин тілінен  — жарық таң, бала сұлулығын жарық таңға балаудан қойылған есім.

ДИЛЬНАЗ  — парсы тілінен өмір еркесі, қосымша сөзі наз – еркелік, кежірлік.

ДИНАРА — араб тілінен — алтын тиын, ақша.

ДҮНИЯ — араб тілінен алынған дунйа —  әлем, жер жүзі;    өмір, тіршілік.

ДҮРИЯ — иран тілінен алынған дуруйе — жібектен тоқылған әдемі мата.

ДІЛАРА — иран тілінен  — көңіл көтеруші, сүйген жар, аса әдемі, өте сұлу.

ДІЛБАРА — иран тілінен  — сүйікті, өте сұлу.

ЕРКЕ — айтқанын істететін шолжың, еркін.

ЖАЗИРА — араб тілінен  — ен дала, кең аймақ. Бала қайырымды, мінезі кең, көпшіл болсын деген тілекпен қойылған есім.

ЖАЙНА — гүлдей жайна, жайқал деген мәндегі есім.

ЖАМАЛ — араб тілінен  — сұлулык, көркемділік, сүйкімділік.

ЖАМАЛИ — араб тілінен  — сұлу, көркем, сүйікті.

ЖАМИҒА — араб тілінен — барлығын қосушы, біріктіруші, жинаушы, баршасы, барлығы.

ЖАНАН — тәжік тілінен алынған  джонон — жан аямасдос, жан жолдас.

ЖАНАР —  көздің жанары, сәулесі;  күннің сәулесі, шапағы. Ауыспалы мағынасы, келбет, көрік, ажар, рең.

ЖАНАРГҮЛ – қазақ және  иран тілдерінен алынған — гүлдей көрікті, әдемі, ажарлы.

ЖАНАТ — ең асыл, көркем, керемет, рахат.

ЖАНЕРКЕ — қараңыз: Еркежан.

ЖАНИПА —  иран және тәжік тілдерінен алынған  жан-джон — яғни жан біткеннің ибалысы, сыпайысы, көріктісі.

ЖАНИЯ — иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жаным, жан сәулем.

ЖАННА — көне еврей тілінен келген— кептер, көгершін.

ЖАННАТ — араб тілінен  — бақ, жұмақ бағы.

ЖАНСАЯ – иран және тәжік тілдерінен алынған  джон — жанға сая, тірек болсын деген тілекпен қойылған.

ЖАНСҰЛУ — жан біткеннің сұлуы, әдемісі, көркемі деген мағыналы есім.

ЖӘЛИЛА — араб тілінен алынған жалил — ұлы, даңкты, атақты.

ЖӘМИЛА — араб тілінен алынған жамил —  әдемі, тамаша, көркем, сұлу;  сүйкімді, ажарлы.

ЖЕҢІСГҮЛ  — (қараңыз: Гүлжеңіс).

ЖҰЛДЫЗАЙ — жұлдыз бен айдай жарқыраған сұлу болсын деген тілекпен қойылған.

ЖҰМАБИКЕ  — араб тілінен — джумга — жұма, бике — хан кызы, яғни жұма күні туған ханиза. Түрі — Жұмагүл. Еркелетіп айту тұлғасы — Жүмаш.

ЖҮПАР — хош иіс.

ЖІБЕК — мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.

ЗАҒИЛА — араб тілінен алынған зәхирә, зехира —  қазына, байлық, қымбат бағалы асыл;  сырт пішін, келбет, түр, мүсін. Синонимі — Зағира.

ЗАҒИПА — араб тілінен алынған сахиб — дос, жолдас, серік , «а» — қыз, әйел есімдеріне жалғасатын қосымша.

ЗАҒИРА  — (қараңыз: Зағила).

ЗАЙДА — иран тілінен алынған заиде, заид — өсуші, өркендеуші сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙРА — араб тілінен алынған — заиыр (Зайер) — айқын, ашық, күдіксіз сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАЙТУНА — бір түп зайтун жемісі, аса қымбатты, құрметті.

ЗАҚИРА — араб тілінен алынған закир — ескеруші есте сақтаушы сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИЛИЯ — араб тілінен алынған замил — замандас, істес, әріптес, жолдас сөзіне «я» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАМИРА — араб тілінен —   асыл арман, тәтті қиял, ой.

ЗАРА — иран тілінен алынған зар — алтын, сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗАРЕМА – жаңа  есім — За революцию мира сөздерінен қысқартылып жасалған есім.

ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина —  алтындаған, алтыннан жасалған әшекей;   алтын түстес, алтындай.

ЗӘКИЯ — араб тілінен алынған зәки —  өткір, зерек, сөзімтал;   ақылды, қабілетті сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған есім.

ЗӘМЗЕГҮЛ — араб тілінен алынған  земзем — мол, көп, көл-көсір. Гүлді, гүлі мол деген мағынаны білдіреді.

ЗӘМЗАМИЯ — араб тілінен  — су тасушы.

ЗӘРИПА — араб тілінен алынған Зариф —  өткір ойлы, ақылды, зейінді;    әдемі, сүйкімді, көркем сөзіне «а» қосымшасының жалғануы арқылы жасалған әйел есімі.

ЗӘУРЕ — араб тілінен  —  жарқыраған;  Шолпан, таң жұлдызы. Дыбыстық өзгеріске түскен түрлері — Зура, Зухра.

ЗЕЙНЕП — араб тілінен алынған зайнаб — толық, етженді, мықты.

ЗЕЙНЕГҮЛ — араб тілінен алынған зейне — нұр, көрік, көркем, әшекей + гүл.  Яғни көркі гүлдей жайнаған сұлу, әдемі.

ЗЕМФИРА – грузин тілінен сапфир — асыл тастың бір түрі.

ЗЕРЕ — иран тілінен алынған зар — алтын сөзінің қазақ тілі дыбыстың заңына сай айтылуы.

ЗИБА — иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, әдемі, әсем. Дыбыстың өзгерген түрі — Зипа.

ЗИБАГҮЛ — гүл сияқты әдемі, сұлу.

ЗИЛА — араб тілінен  — таза, ашық, айқын.

ЗИНИРА — араб тілінен — безенген көрікті, көркем.

ЗИНИЯ — араб тілінен  — безенген, әшекейленген, сәнденген.

ЗИЯ — араб тілінен алынған зийна — жарық, сәуле.

ЗИЯГҮЛ — гүлдей жайнаған, құлпырған. Еркелете-қысқартып айтылатын түрі — Зияш.

ЗИЯДА — араб тілінен алынған зиада — артықша, ерекше, тамаша.

ЗУРА  — (қараңыз: Зәуре).

ЗҮБАЙДА — араб тілінен  — таңдаған, таңдаулы, ең жақсы,  нағыз іріктелген.

ЗҮБАЙРА — араб тілінен  — күшті, ақылды.

ЗҮЛФИЯ — араб тілінен  — бұйра шаш, сүйкімді қыздың әдемі сүмбіл шашы.

ЗҮМРАТ — иран тілінен  — қымбат, бағалы тас.

ЗЫЛИҚА — араб тілінен  — жасы кіші, туыс, қарындас. Дыбыстық өзгеру түрі — Зілиха, Зүлиха.

ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.

КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.

КЕЛБЕТ — көрік, ажар, әр, тұлға.

КЕНЖЕ — ең кіші, соңғы перзент. Түрлері — Кенжегүл, Кенжеқыз.

КЕҢЕСГҮЛ — жаңа есім  — Советтік елдің гүлі. Кеңес елінде туған бақытты бала.

КЕРІМБАЛА — керемет сұлу қыз бала.

КЛАРА — латын тілінен   — жарқын, айқын, нұрлы.

КҮБАРА — араб тілінен алынған кубра — үлкендер, ұлылар.

КҮЛАЙ — гүл және ай сөздерінен жасалған есім. Ай мен гүлдей боп жайнап, құлпырып тұрсын, әдемі болсын деп қойылған есім.

КҮЛАЙХАН — гүл + ай + хан, яғни гүл мен айдай әдемі, сұлу ханым. Қысқарған түрі — Күлән.

КҮЛАЙША — тәжік тілінен алынған  гул + қазақ сөзі айша. Ай сияқты әдемі, көркем.

КҮЛӘНДА — тәжік тілінен алынған  гуландом — гүлге ұқсас тұлға, нәзік денелі.

КҮЛӘСИЯ — иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған әсия — емші, дәрігер қыз, гүл жайнаған көркем дәрігер қыз.

КҮЛБАҒИЛА — иран тілінен алынған гуль  + араб тілінен алынған багила ~ бахи — мәңгі, мәңгілік, мәңгі жасаушы + ла қосымша, яғни бағы гүлдей жайнаған мәңгі өмір сүруші, ұзақ ғұмырлы қыз деген мәнді білдіреді.

КҮЛБАҒИРА — иран тілінен алынған гул + багира , бәкір — зерттеуші, тергеуші, яғни ғалым, зерттеуші.

КҮЛБАЛА — кул (гул) + бала, гүлдей жайнаған сұлу да әдемі қыз бала.

КҮЛИРА — иран тілінен алынған гул  + араб тілінен алынған ира , ирода — ерік, ықтияр.

КҮМІСАЙ — қыз баланы күміс пен айға балай, күмістей жарқыраған аппақ сұлу, әдемі, аса көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.

КҮНАЙ — күн мен айдай болсын деп қойылған есім.

КҮНСҰЛУ — күндей сұлу, әдемі.

ҚАЗЫНА — араб тілінен алынған хәзинә —  байлық, қойма;   қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

ҚАЛАМҚАС — жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

ҚАМАРИЯ — араб тілінен алынған қамар — ай, осы сөзге «ия» қосымшасы қосылу арқылы жасалған есім. Яғни ай, айдай сұлу.

ҚАМҚА — қытай жібегі, жұқа


ПІКІР ҚАЛДЫРУ