Қыз — өмірдің қызғалдағы (сценарий)

0
13560
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

         Тақырыбы: Қыз — өмірдің қызғалдағы

         Мақсаты: Қыздарды әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге, сұлулық сырын тілмен жеткізе, көңілге тоқи білуге, зерделі болуға үйрету. Қазақ қызының бойындағы дәстүрімізге сай әдептілік, инабаттылық, көріктілік, ептілік сияқты жан-жақты ұлттық асыл қасиеттерді бойға сіңіру.

         Көрнекілігі: Тақырыпқа сай «Қыз — өмірдің қызғалдағы» атты нақыл сөздермен, қабырға газетімен, түрлі-түсті шарлармен, гүл шоқтарымен безендірілген.

Барысы.

  Мұғалім: Қыз бала қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің, сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана.

«Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек. Қазақ «Гүл өссе жердің көркі, Қыз өссе елдің көркі», — деп бекер айтпаған.. Бабаларымыз қызды гүлге теңеп, әдеміліктің, әсемдіктің символы санаған. Жапырағымен етегін жауып, түрлі-түсті қауыздарының астына бал шырынын жасырған гүл жан-жағына мейірім мен әсемдікті, тазалықты таратып тұрғандай. Июалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (Музыка ырғағымен жүргізушілер шығады).

Жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым! Тотыдай таранған, алтындай ардақты, жібектей сызылған, мақпалдай масаты, қарлығаштың қанатындай қиғаш қасты, құралайдың  көзіндей мөлдіреген, раушан гүлдей хош иісті, айнадай таза, сәуледей жарқыраған, маржандай тізілген сымбатты аруларымызбен «Қыз — өмірдің қызғалдағы» атты кешімізді бастаймыз.

1-оқушы: Қыздар-ай қызыл жалау түзге ұстаған,

Қорғап тұрған шырылдап қызғыш далам.

Сендер гүлге керемет ұқсағанмен,

Гүлдер бірақ көбірек қызға ұқсаған!

 

2-оқушы: Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері,

Көк гүлдердің көзге ыстық кептерлері.

Азаймаңдар, арулар-жауқазындар,

Азаймасын өмірдің көктемдері.

 

әсемдіктің нышаны тұтқан. Қызды құлпырған әдемі гүлдерге теңеген. Құшағы гүлге толы ару қандай әдемі!

Әр гүлдің атына байланысты өзіне тән мазмұны бар:

  1. Астра – бүкпе ой
  2. Валериан – жеңілдік
  3. Жасмин – құрмет
  4. Камелия – тектілік
  5. Ландыш – бақыттың оралуы
  6. Раушан – сұлулық
  7. Сирень – алғашқы сезім толқуы
  8. Қызғалдақ – түсінік.

 

Жүргізуші: Енді сұрақ-жауапқа кезек берсек.

  1. Қазақтың ұлттық тағамдары.

(Ет, қазы, қарта, қуырдақ, айран, көже, бауырсақ, құрт, ірімшік т.б.)

  1. Қыздардың тұрмысқа шығарда киетін ұлттық бас киімі. (Сәукеле)
  2. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар түрі. (Сырға, жүзік, моншақ, білезік, т.б.)
  3. Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні. (Беташар)

 

1-оқушы: Қыздар, қыздар, кімсіңдер?

Күлімдеген күнсіңдер.

Шұғылалы шувқты,

Таңғажайып гүлсіңдер.

 

2-оқушы: Қыздар, қыздар, кімсіңдер?

Мына бізбен бірсіңдер.

Осынау дархан өмірді

Думандатып жүрсіңдер.

 

3-оқушы: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –

Қыз сұлу көрінеді білімімен.

Қыз сұлу көрінеді шашыменен,

Ай қабақ,  қиғаш қар қасыменен.

Қыз сұлу көрінеді толған айдай,

Он бес пен он сегізде жасыменен.

 

4-оқушы: Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,

Тізілтіп сөз маржанынын тергенімен.

Майысып бұраиылып, майда басып

Жанына наз қылықпен келгенімен.

Дарытқан бар асылды өз елінен,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Құлпырып қазағымның арулары,

Өткендей сұлулықтың елегінен.

5-оқушы: Қызбала – бойжеткен, келін, ана ,

Бәрі де дер кезінде дара тұлға.

Ұрпағыңның ойласаң болашағын,

Қызды сыйла, жамағатғ қызды сыйла.

Жүргізуші: Ал енді мерекеге қатысущылар жұмбақ жасырады.
  1. Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген.

Етегі желкендей,

Киім еді ол нендей?                    (Кимешек)

  1. екі жыртқыш жарысады,

Жақтары қарысады.                    (Қайшы)

  1. Түйістіреді көзіңді көзіңе,

Жолықтырады өзіңді өзіңе.                 (Айна)

  1. Қалтамда жатыр тісі бар,

Тістемей-ақ істер ісі бар.                     (Тарақ)

  1. Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды.             (Алжапқыш)

  1. Дәмі де жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.                          (Су)

  1. Жуынып болғанында,

Жүреді қолдарында.                            (Сүлгі)

  1. Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады.                   (Сабын)

  1. Бет-аузыңнан сүйеді,

Сүйген жері күйеді.                    (Аяз)

  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.              (Қар)

Жүргізуші: Қыздар өте дұрыс жауап берді. Енді қыздарды тағы бір сынап алайық, тұрмыстық заттарды біле ме екен?

Сұрақтар:

  1. Кесеге арналған дорба. (Кесеқап)
  2. Қымызға арналған ағаштан жасалған, ауыз жағы тарлау келетін піспегі бар ыдыс. (Күбі)
  3. Қысқы аяздарда киюге арналып малдың немесе аңның терісінен тігілетін бас киім. (Тымақ)
  4. Малдың және басқа жан-жануарлардың сирағы мен сан жіліктерін жалғастыратын, бір жағы ойық, бір жағы дөңес тқрткіл (ойнайтын) сүйек. (Асық)
  5. Киім-кешек, т.б. зат салуға арналған үй жиһазы. (Сандық)
  6. Жас нәрестеге арналып жасалған ағаш төсек. (Бесік)

Жүргізуші: Ой бәрекелді, өте жақсы, ендігі кезекте «Қыздарды қалай сыйлаймыз?»деген ойын көрініс ретінде қойылатын қойылым. Сыныптағы ұл балалар үлестірме тапсырмалар бойынша жұмыс істейді.

(Бқл жұмыс арқылы сыныптағы оқушыларды бірін-бірі сыйлай білуге үйретіледі.)

Үлестірмелік тапсырмалар мына негізде болады:

  1. Сыныптас бірге оқитын қызды кафеге шақырдың. Оны қалай қарсы аласың? Көрініс түрінде көрсет.
  2. Құрбы қызбен аялдамада кездесіп қалдың. Ол екеуің бір бағытта баратын болдыңдар. Әрі қарай ірекетіңді көрсет.
  3. Сенің сыныптас достарың бір қызбен бірге отыруға таласып, дауласып жатыр. Төбелеске де жақын қалды. Сенің әрекетің қандай болады? Қандай кеңес бере аласың?
  4. Сенімен бірге оқитын қызды басқа сыныптың ұлдары ренжітіп алды. Сенің құрдасың жылады. Осы оқиғаны көрген сенің әрекетің қандай болмақ?
  5. 8-наурыз мерекесі жақындады. Сен сыныптас қыздарға қандай сыйлық бергің келеді?
Мақал-мәтелдер айтылады.

 1-оқушы: Қыз қылығымен жағады.

Қыз жат жұрттық.

Жақсы қыз — жағадағы құндыз

2-оқушы: Қыз қырық шырақты.

Қыз – халықтың гүлі.

Өлең – сауықтың гүлі

3-оқушы: Қыз – қонақ.

Қызы бардың назы бар.

Шешесін көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

4-оқушы: Қызға берген білінбес.

Қыз – отбасының қонағы

Адам — өмірдің қонағы.

5-оқушы: Қызды асырай алмаған күң қылады.

Қыздың баласындай, қолдың саласындай.

6-оқушы: Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін.

Қыздың көзі қызылда.

7-оқушы: Гүл өссе – жердің көркі

Қыз өссе – елдің көркі.

8-оқушы: Қайта шапқан жау жаман

Қайтып келген қыз жаман.

Тексіз жерден қыз алма.

9-оқушы: Иманды қыздан жақсы жар шығады.

Өнеге көрген өмірдің мәнін ұғады.

10-оқушы: Қыз қыдырып келгенде төркін болар ұл керек,

Жүрегіне қыздардың шуақ шашар нұр керек.

Жүргізуші: Қазақ жұрты киелі,

Өнерліні сүйеді.

Сіздерді сонша аңсап

Күй тартып береді, — дей келе қыздар қызғалдағымыз, ұлдар ізгі арманымыз деп өнерлерін тамашалап көрейік.

Қорытынды. Қарқынды дамып келе жатқан бүгінгі біздің еліміздің ертеңгі болашағы қыз бала. Ұл шаңырақ иесі болса қыз ұлт болашағы. Қазақ халқы яғни ата бамыз ертеден қыз тәрбиесіне жіті көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыю»  қала берді. Есік алдындағы күңнен тыю деп бекер айтпаған. Бүгінгі таңда қыз тәрбиесі өте алаңдатарлық мәселе.

Майра Әуеспаева

Басқа материалдар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ