Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

0
6253
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы:

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:   

СЫНЫП:  7

 

Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары – орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен қызметтерін салыстыру

Сабақ  нәтижесі:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды.  Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен  жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.

Бағалау критерийі             Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік

 

Жүйке жүйесінің орталық және шеткі бөлімдері.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.
Алдыңғы оқу Жүйке жүйесінің құрам бөліктері. Жүйке жүйесінің қызметі. Нейронныңқұрылысы: денесі, дендриттер, аксон. Нейронның қызметтері.
Сабақтың жоспары
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі  2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер  бойынша топқа  бөліну.

Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын  қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек. 

Психологиялық ахуал қалыптастыру:  3 минут

«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысушылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «европалықтар», «жапондықтар» , «африкандықтар» және «италиандықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «европалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италиандықтар» құшақтасады.

 

1-топ

2-топ

3-топ

 

 

Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады.

 

Жаңа білім

10 минут

 

 

 

 

 

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жүйке жүйесі тәуелсіз екі критерий- ге байланысты бөлінуі мүмкін. Оны мүшелердің орналасуы немесе атқаратын қызметі бойынша бөліктерге бөлуге болады. Орналасуы бойынша жүйке жүйесінің барлық мүшелері екі: орталық және шеткі жүйке жүйесіне   бөлінеді.

Орталық бөлім немесе орталық жүйке жүйесіне басты мүшелер: жұлын мен ми кіреді. Орталық жүйке жүйесін қысқартып, ОЖЖ деп атайды. Ағзаның жұмысын жүйке жүйесінің орталығы – жұлын мен ми басқаратыны атауынан-ақ көрініп тұр.

Желілі жануар неғұрлым жоғары құрылымды болса, оның жүйкелік реттелуінде ми соғұрлым үлкен рөл атқарады. Керісінше жануар неғұрлым қарапайым болса, оларда жұлын соғұрлым көп қызмет  атқарады. Жұлын. Жұлын омыртқаның жұлын-ми өзегінде орналасқан және бүкіл дене бойымен созылып жатыр. Омыртқаның сүйек ұлпасы сауыт тәрізді жұлынды механикалық зақымданудан  қорғайды.

Жұлынның құрылысы. Жұлында барлығы 31 сегмент бар. Жұлын сыртынан үш қабықшамен қоршалған. Олар қорғаныш әрі тірек қызметін атқарады. Ең ішкі қабықшасы жұмсақ қабықша болып табылады, ол ми жасушаларына тығыз жанасып жатады. Ең сыртқысы – қатты, ол тығыз болады.

Ішінен омыртқа жотасының сүйек ұлпасымен тікелей тұтасып кетеді. Олардың арасында торлы қабықша деп аталатын қабықша болады. Ол жұлын-ми сұйықтығы толы кеңістікте болады. Осы үш қабықша мен сұйықтық мида да  болады.

Ішінде, ортасында, бүкіл  жұлын бойында жұлын өзегі өтеді. Ол да жұлын сұйықтығына толы. Ол қан жасушаларынан ми жасушала- рына оттекті, қоректік және басқа да пайдалы заттарды береді. Ал ми жасушаларында түзілген зиянды заттар – шлактар алдымен жұлын сұйықтығына, кейін қанға  түседі. Жұлынды көбелектәрізді сұр зат қоршайды. Бұл – жұлын нейронның, дендриттер мен денелердің шоғыры.

Сұр затта пішіні көбелек қанатына ұқсайтын өсінділер болады, ол «мүйіз» деп аталады. Әрбір сегмент алдыңғы (құрсақ) екі және артқы (жұлын) екі «мүйізден» тұрады. Кеуде, бел бөлімінде алдыңғы және артқы «мүйізден» басқа екі бүйір «мүйіз»  қалыптасады.

Сұр зат сыртынан ақ зат қоршап жатыр. Бұл – аксондар шоғыры. Сұр зат мүйізінен ақ заттың алдыңғы және артқы «тамыршалары» та- райды. Құрсақ (алдыңғы) тамыршалар мен «мүйіздер» – қозғалғыш. Олар мидан бұлшық етке жүйке импульсін жіберіп, оларға жиырылуға және белгілі бір қимыл жасауға команда береді. Ал жұлын (артқы) тамыршалар мен «мүйіздер» – сезімтал. Олар арқылы миға сезімтал жасушалардан  –  рецепторлардан ақпарат өтеді.

 «Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)

1.         Жүйке жүйесін құрылысы мен қызметі бойынша бөліктерге бөліңдер. ОЖЖ мен ШЖЖ-ін қандай мүшелер  құрайды?

2.         Жұлынның құрылысы мен қызметі туралы айтып беріңдер. Жұлын қабықшасын  сипаттап,  қызметін анықтаңдар.

3.Жұлын бөліктерінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты анықтап,  кестені толтырыңдар.

Жұлын  құрылысының бөліктері Қызметі
Сұр зат  
Ақ зат  
Алдыңғы өскіндері (тамыршалары)  
Артқы өскіндері (тамыршалары)  
Жұлын жүйкелері  

 

Оқулық.

Кеспе мәтіндер.

Микрафон

Ортасы

10 минут

Қолдану

ТВ шоу

(Теледидарға арналған бағдарлама дайындайды. Әр топ бірлесе отырып сұраққа айғақтар мен дәлелдер табады.  Жиналған мәліметтерді білетін бір оқушы  ортаға шығып, журналист сұрақтарына жауап береді.) 

Талдау

Ортақ тапсырма: «Стоп-кадр» әдісі 

1. Неліктен адамның жұлыны ең қарапайым рефлекстерді орындайтынын талдаңдар.

2. Неге жұлын зақымданғанда аяқ сал болып, сезімталдық толығымен жойылады?

 

Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.

 

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Синтез  Пікірталас:

 «Егер мен невропатолог болсам» деген тақырыпқа қысқаша эссе жазың- дар.

Ағза үшін жұлынның маңызына баға  беріңдер.

Омыртқалы жануар ағзасы рефлекс болмаса, тіршілік ете алар ма  еді?

           

 

 

Сызылған дайын кластерлер

 

 

Бағалау

5 минут

 

Кері байланыс

3 минут

Бағалау парақшасы  Дұрыс жауапқа 5 балл.

Рефлексия 

«Бір ауыз сөз» 

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады.  (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)

Бағалау парақшасы

 

Түрлі –түсті стикерлер
Қосымша ақпарат

Саралау – Сізқосымша

Көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді

Қалай жоспарлайсыз?

Пəн аралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

Қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайыма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағыахуал

Қандай болды?

Мен жоспарлаған

Саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

Уақыт ішінде

үлгердімбе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Жетілдіруге көмектесетін не білдім?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ