Жаңа жыл — жаңа жыр (балабақша ертеңгілік сценарий)

0
5721
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Жүргізуші : Келді міне, сағындырып далама

Келді міне, жаңа жыл қалама

Ән салып жұмбақ болып, тақпақ болып

Қане кане келіңіздер

Би билеп, ән салып беріңіздер!

Басталады, басталады жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін ортаға шақырайық.

Армысыздар ата — аналар, сәлеметсіздерме балалар . Cендер бүгін сәнді киініп әдемі болып кетіпсіңдер . Балалар бүгін бізде қандай мереке .

Балалар:Жаңа жыл.

Бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.

Малвино:
— Буратино, буратино, буратино.
— Ой, Сәламатсыздар ма?
— Буратиноны көрмедіңдер ме? Буратинодан ажырап, адасып қалдым ғой.
— Ой, ой, ой неткен әдемі шырша, неткен самсаған әсем ойыншықтар, неткен сұлулық?
Мыстан кемпір:
— Ха — ха — ха, Малвина? Қайдан жүрсің, қайдан келесің?
Малвина:
Сәлеметсіз бе, әже! Мен Буратиноны іздеп жүрмін. Мына шыршаның шамдары неге жанбайды?
Мыстан:
— Ха — ха — ха, бұл тек шырша емес, сиқырлы шырша. Бұл Шыршаның шамдары балалардың күлкісі бар жерде, әсем би бар жерде, ортаны қызыққа бөлеген шақта шамдар жарқырай түседі.
Малвино:
— Ой, әже неткен тамаша, ендеше балаларымызды неге шақырмаймыз?
Мыстан:
— Балаларды ортаға әкелу үшін мына сиқырлы сандықты ашуымыз керек.

Мыстан мен Малвино:
— 1, 2, 3 әсем ән бірге шашылсын, Сиқырлы сандық ашылсын!
Хор: «Жаңа жыл»
Малвино:
— Алақай, алақай, балалар Жаңа жыл кешін көңілді тойлауда! Осы кезде шырша шамдары жарқырайды.

Мыстан:
— Айттым емес пе саған. Ендеше балғын балалардың өнерін тамашалайық! Жаңа жылға деген тілектерін естиік!

Ақсамала:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аяна:
Жылдың әнін бастайын

Аяз- ата кеп қалды

Майысады жас қайың

Көтере алмай көп қарды.

Айкөркем:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынғана

Сәлем берді жұртына.

Берді: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Ерасыл: Жаңа жыл, Жаңа –жыл

Жаңа жылға жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Нұрбек О. Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа жыл

Ата- әже,әке-шеше

Құтты болсын жаңа –жыл.

Мадина: Аяз-ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр.

Сақалының ұзынай

Кесіп алсамшіркін-ай.

Мағжан: Зима зимушка зима

Где же ты было

В Мешке стужу песла

Все дорожки замесла

 

Жамбибі: Қайда қызық думан болса

Аяз-ата сонда болды

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге қонды.

«Тамаша- тамаша» Орындайтындар: Жақсылық,Берді, Аяна, Жанбибі.

Малвино сандықты ақтарып отырып, құмыра тауып алады.

Малвино:
— Мынау не нәрсе?
Мыстан:
— Бұл құмыра. Бұл құмыраның құпиясын мен ғана білемін. Құмыраны қатты – қатты үйкелеп жіберсең, бір ғажайып болады.
-(Малвино құмыраны үйкелей бастайды, сол кезде құмырадан күңіренген дыбыс шығады)

Жын:
— Кім мені мазалап жатқан?
— Малвино қорыққаннан қолындағы құмыраны түсіріп алғанк езде, жын ұшып шығады.

Жын:
Мені мына құмырадан босатқаның үшін сенің үш тілегіңді орындайын.
Мальвино:
— Олай болса, менің 1 — ші тілегім: досым Буратиноны тауып беріңіз!
Жын:
— Табынамын және орындаймын!

Буратино келеді.
(Мальвино құшақтасу).
Буратино:
— Ой, мен қайда келдім? Неткен әсемдік? Ой, сәлеметсіңдерме балалар? Кандай сұлу боп кеткенсіңдер?
Мальвино:
— Буратино, не тұрыс, балаларға билеп берейік!
(Мальвино мен Буратино билейді).

Жүргізуші: балалар бізде де Буратино мен Мальвиноға өз өнерімізді көрсетейік.

Би: Аяз-ата Орындайтындар: Дархан, Жансерік,Жаксылык,Олжас, Б. Аңсар, Ғалым, І.Аңсар, Саят.

Айзере: Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Олжас: Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алып күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым бигеде.

Жақсылық: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз-ата оралып.

Мөлдір: Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шыөты балалар

Шаңғыларын арқалап.

Буратино: Балалар, жаңа жыл кеші сондай қызықты өтіп жатыр, бірақ бізге Аяз ата жетіспейді. Бәріміз бірге Аяз атаны шақырайықшы.

Африкалық Аяз ата келеді.(Балалар қар лақтырып қуып жібереді.)

Малвино:
— Әже, мен жынға ІІ — ші тілегімді айтайыншы.
Мыстан:
— Жоқ, екінші тілекті өзім айтамын.
— Балалар келетін Жаңа жыл ненің жылы еді?
— Доңыз жылы.
— Ендеше жынды шақырайын.
Мыстан:
— Жын, жын!
Жын:
— Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан:
— Биыл доңыз жылы. Ендеше, біздің ортамызға доңызды әкеліңіз.
Жын:
— Табынамын және орындаймын.
Доңыз:
— Мені неге мазалайсыздар?

Мыстан:
— Ханым, айып етпесеңіз биылғы жыл сіздің жылыңыз екен

Доңыз:
— А, солай ма? Менің сағаттарым кейін жеткен екен ғой.
(Доңыз ортаға шығып, биші қыздарымен билейді және тілегін айтады)

Доңыз:
Келдім міне сіздерге жақсы тілек тілеуге,
Жандарыңа жамандық жоламасын,
Дендеріңе саулық көп қоныстансын!
Жылдан — жылға жетіңіздер шат күлкімен,

Күн көзіндей жандарың жадырасын!

Жүргізуші:

Балалар келген Жаңа жыл Доңызға да өз өнерімізді көрсете отырайық.

Шырша биі: Мөлдір, Айкөркем,Аяна,Жанбибі,Мәдина,Айдана.

Дархан:

Жылдың әнін бастайын

Аяз – Ата кеп қалды

Майысады жас қайың.

Көтере алмай көр қарды.

Аружан. Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдйқ жарық қып

Шыршаларға шам іліп.

Саят: Қалып едік сағынып

. Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық жабылып

Шыршаларға шам іліп.

Айдана:Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды

Аяз оны басқарды.

Т. Нұрбек: Жаңа жылым мол олсын

Баскан оң болсын.

Төрлет төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын.

Малвино мен Мыстан:
3 — ші тілекті тілеуді балалардың өздерінен сұрайық.
— Балалар бүгінгі Жаңа жыл кешіміздің қонағы кімдер еді.
— Балалар Аяз ата мен Ақшақар деп айқалайды.

Мыстан:
— Жын, жын!
Жын:
— Не бұйырасыз әміршім!
Мыстан мен Мальвино:
— Жаңа жыл мерекесінің көркі, Аяз Ата мен Ақшақар төріміздің қонағы болсын! – дейді балалар.
Жын: — Табынамын және орындаймын! ( Сол кезде залға Аяз Ата мен Ақшақар өздерінің көңілді әуендерімен ішке енеді).

Аяз ата мен Ақшақар сөз сөйлейді.

Жүргізуші:- Сәлеметсіз бе, Аяз Ата мен Ақшақар?! Төрлетіңіз. Қош келдіңіздер! Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге арнап ән, тақпақтарын айтады. Қане балалар өз өнерлеріңді ортаға салыңдар!

Аңсар .Б:

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараша.

Адина:

Жаңа жылды қарсы алдың

Мініп алдың күймеге

Менде бүгін ән салдым

Араластым бигеде

 

Асима: Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп

Мерекені бастаған.

І. Аңсар: Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлышың.

Нұрсәт: Ақ қырауға малынған

Сақалыда мұртыда

Аяз-ата сағынған.

Сәлем берді жұртына.

Би: Барбарики

(Аксамала, Адина Асима, Айзере Аружан.)

Аяз ата. – Рахмет, балапандарым, өнерлерің өрге жүзсін! Талаптарыңа
Нұр жаусын! Менің кететін уақытым таяп қалды. Мені де сендер сияқты бақшадағы өнерлі балаларым күтіп қалар. Сендерге ризамын.
Қапшық толы сыйлықтарымды Ақшақар немерем үлестіріп береді.
Сау болыңдар, балақайларым! Келесі кездескенше, аман болыңыздар! Еліміз тыныш, жүзіміз шат, берекеміз арта берсін! Сау болыңыздар
Балақайлар!

Балалар: — Сау бол аяз Ата, Ақшақар!

Жүргізуші:
Міне құрметті ата — аналар, балалар, қонақта 2019 жылы Доңыз жылы да келіп жетті.
Құрметті қонақтар осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқтала келді, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет.

МКҚК «Айналайын» балабақшасы
Дайындаған: Саубетова Г.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ