«Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы\r\n
«Жаңаша оқыту – жетістік көзі»
\r\n
Көксу ауданы Жапсарбаев атындағы орта мектептің
\r\n
химия пәнінің мұғалімі
\r\n
Наурызбаева Гульназ Чапетқызы
\r\n \r\n\r\nІ.Кіріспе бөлім.\r\n\r\nІІ. Негізгі бөлім.\r\n\r\nІІІ. Қорытынды бөлім.\r\n\r\nІV. Әдебиеттер тізімі.\r\n\r\nЕлбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» стратегиясы жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның эканомикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл –ой қорын жинау мақсаттарын көздейді. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым – қатынас пайда болды. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық техналогияларды ендіруді міндеттейді. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары жатқызылады. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менің» деген сөзді сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен\r\n\r\nөзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. \r\n\r\nНегізгі бөлім: Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын болады дегендей, жас ұрпаққа сапалы білім беріп, білім сапасын арттыру, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу-білім беру мазмұнын жаңашаландырумен,оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты. Бұл заман-күннен күнге өмірімізді, дендеп жаңалық болып еніп келе жатқан жаңа технологиялар заманы. Осындай жаңалықты жатырқамай дереу үйреніп, игеріп болашақтың мектебін заманауи технологияларды қолдана отырып құру қажеттігі туындап отыр.Осы орайда менің мектебімнен осындай жаңаша бағдарламаны іске асыру мақсатында 10 (он) ұстаз Кембридж Университетінің әдіс-тәсілдерін үйреніп, деңгейлік курстардан өтіп, өздерінің педагогикалық тәжірибелерін толықтырып, шеберліктерін арттырып келді. Солардың бірі- өзім. Алғаш оқуға барған кезде бұл тәсілдерді менің химия пәніме қолдану қолайсыз, әрі тиімсіз деген ойда болдым. «Қандай технологияны пайдаланған кезде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл күйдің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі»- деген сұрақтың жауабын іздедім. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.\r\n\r\n1.Оқу мақсаттарының қойылуы. 2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. 3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.\r\n\r\nОсы орайда оқушыларымды топқа бөліп, оларға еркіндік беріп, өз пікірлерін топтарында талқылауды және ұжымда жариялауды ұсындым. Оларға әр деңгейдегі тапсырмалармен қоса, проблемалық сұрақтар қойып отырдым. Келе-келе тәсілдерді пайдалану барысында тиімді екеніне көзім жетті. Осының нәтижесінде жаңаны тез игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мәселелерді шеше алатын, істің мағынасын терең және нақты игеріп, оны практикада жүзеге асыратын, болжам жасай алатын оқушылар қалыптасып келеді. Сыныпта мұндай оқушылардың болуы менің жұмысыма оң әсер етті. Бұл сыныптағы оқушылардың «Шығармашылық топ» болып , ойлау қабілеттерін, өз пікірін қорғай алатын, шығармашылық іс-әрекеттерін көрсететін және оқушылардың сөйлеу интонациясы өзгере бастаған жаңа тұлғаның қалыптасуына себеп болды.\r\n\r\nСабақтарды үнемі түрлендіру нәтижесінде 4 түрлі факторлардың қалыптасатынын айтуға болады:\r\n\r\nБіріншіден – білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. \r\n\r\nЕкіншіден – оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.\r\n\r\nТөртіншіден – жүйенің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа форматтағы оқушы болып шығары сөзсіз. Көрнекті ақын, педагог, психолог Мағжан Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін», жоқты бар, ар барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін сол фантазия» — деген екен. Сондықтан жаңа форматтағы мұғалім жаңа ақпараттарды пайдалып қана қоймай өз фонтазиясына да ерік беруі тиіс деп ойлаймын. Нәтижесінде, салыстырмалы түрде мысал келтірейін:\r\n
Педагогикалық процесінің компоненттері | Мазмұнындағы басымдылық | |
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі | Жаңа форматтағы түрлендірілген әдіс | |
Мақсат | Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру | Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту |
Бастапқы мазмұн | Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер | Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту |
Оқытудың формалары | Жеке, топтық, фронтальді | Бірлескен ұжымдық іс-әрекет |
Оқыту әдістері | Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық | Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау |
Бақылау, бағалау | Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы | Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция |
\r\nБілім сапасына қойылатын жаңа талаптар білім мазмұнын игеруде мұғалімнің оқушымен қатар тұруын қажет етеді, бұл жағдайда мұғалім өзінің ұстаздық позициясын жоғалтпайды, керісінше, білім алушыны мотивациялау, оған кеңес беру мұғалімдіктің жоғары деңгейін талап етеді. Себебі, оқушыға білімді, ақпаратты алудың жолдары мен амалдарын беруде, оны түсіну мен тиімді пайдалануға үйретуде, өзін бағалау, өз біліміндегі олқылықтар мен жетістіктерді білуде және олармен жұмыс істеуде, оқу материалдарын сұрыптау мен оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруда мұғалімнің жетекшілігі қажет екені белгілі.\r\n\r\nСонымен қатар оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің есте сақталуы А.Маслоу және Б.Блум таксономиясы ( ойлау әрекеттерінің, оқу тапсырмалары мен сұрақтарының түрлері ) әдетте біз ақпаратты есте сақтауға ұмтыламыз, өйткені оны білім деп түсінеміз. А.Маслоу бойынша айтар болсам, сынып оқушыларына түсіндірсек , белсенді оқушылар бастапқы кезде 5 % көрсеткіште болады. Олар өздері мәтінді оқығанда 10 % өседі. Сабақта аудио – видео құралдарын қолдану барысында 15 %– ға, жобалар мен кестелерді т.б. көрсетсе 30 %– ға, енді оқушылар өздерін тыңдап, оқып, қолданып, көргеннен кейін олар бір – бірімен пікірталасады ол кезде 50 %-қ көрсеткіште болады. Ал,енді практикалық іс – әрекерттер жасау барысында қолданса 75 % көрсеткішке жетеді. Нәтижесінде оқушылар оқытушының бағытымен өздері үйренген білімдерін қолданады және қасындағы жолдастарына үйрете бастайды, сонымен қатар қорытынды көрсеткіштері 90 % жетеді. Б.Блум таксономиясы бойынша әрбір оқушы көрген, естігендерін есте сақтайды, оны түсінеді бұл кезде төмен бағамен бағаланады. Осылайша есте сақтағандары мен түсінгендерін қолданып оған талдау жасайды ондай уақытта орта балмен бағаланады. Енді оқушы әрбір ісін синтездейді, нәтижесінде бағалайды осылайша жоғары балмен бағаланады.\r\n\r\nСонымен, «Маған айтып берсең — ұмытып қалармын, Көрсетіп берсең – есте сақтармын, өзіме жасатсаң – үйреніп алармын» — қағидасы жүзеге асады. Сондықтан әр сабақты түрлендіре өткізу өз жемісін берері сөзсіз.\r\nҚорытынды: Қорыта келгенде, оқытудағы басты назар оқушыға білімді түсіндіру арқылы беруге емес, оның өзінің жаңа тақырыпты игеруіне әдістемелік қолдау көрсетуге аударылуы тиіс. Бұл міндеттер педагогтерде қалыптасқан ойлау мен іс-әрекеттік дағдыларын, оқытудың қалыптасқан әдістерін өзгертуді талап етеді. Сондықтан педагогтер қатарында инновациялық-коммуникациялық, әдістемелік-ақпарттық проблемаларды шеше алатын, оқушымен бірлесіп әрекет етудің жаңаша үлгілерін жасай алатын адамдар болуы – бүгінгі басты сұраныстардың бірі. Сонда ғана мұғалімдер білім стандарттарын меңгертудің тиімді жолдарын жақсы игеріп, оқушылардың оқудағы жетістіктері объективті бағаланады және шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізеді дей аламыз. Қазақстанның болашағы жасөспірім, жас ұрпақтар біз оларға болашақта үлкен сенім артамыз. Олардың сол сенімді орындауы үшін біз оларға үлкен жол көрсетуіміз керек. Қазір мектепте берген білім әрбір баланың санасында қалып қояды, олар оны орындауға барынша тырысып бағады. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.\r\n\r\nӘрине, артқарылған істер аз емес. Аз ғана уақыттың аралығында, осы атқарылған істердің нәтижесі ретінде, өз сабақтарымды сабақ беретін сыныптарымда жаңа түрде өткізумен қатар «Білімділер порталына» бірнеше сабақтарымды жүктедім. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Әлі де толассыз еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек етемін.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттер:\r\n1.А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009\r\n2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008\r\n3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007\r\n4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009\r\n5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009\r\n6. Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева Алматы //2007\r\n7. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары – К.С.Құдайбергенова Алматы//2007\r\n\r\n8.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар– 3-// 2011\r\n
- \r\n
- Ж. Мұханбетов «Топқа бөліп оқыту» Алматы №5 //2005ж. 16 – 18б. 10. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. –Алматы: Кітап, 2000. – 87б. 11. К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология. Алматы.2004 ж.208 б. 12. Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. 13. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика .- А — //2000.- 206-207-208 б 14. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. №1, 2, 3, 4. 1998 15. М.М.Жанпейісова // Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы. 2002 ж
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТалдықорған қаласында өткізілген педагогикалық оқудың рефлексиясы:\r\n\r\nАлматы облысы білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2014 жылы сәуірдің 25-і күні, «Педагогтің кәсіби құзіреттілігі – білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуы болып өтті. Оған облысымыздағы 750 мектептен 226 жұмыс тапсырылып, оның ішінен 118 жұмыс іріктеліп алынды. Жаратылыстану пәндері бойынша 70 жұмыстан, 15-і іріктеліп, тыңдалды. Химия пәні бойынша – 6 жұмыс биология пәні бойынша — 4 жұмыс, 5 жұмыс география пәні бойынша тыңдалып, жүлдгерлер анықталды.\r\n\r\n1-орын Алматы облысы Көксу ауданы Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі: Наурызбаева Гульназ Чапетқызы иеленді.\r\n\r\n \r\n\r\nСуретте педагогикалық оқуларға қатысқан ұстаздар және облыстық\r\n\r\nәдістеме кабинетінің әдіскерлері.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n