Жас ақын Дина Бөкебайдың шығармашылығы

0
4911

Болашағынан үміт күттіретін жас ақын қыздарыңыз Дина Бөкебайдың қаламынан шыққан төл туындыларын сіздердің  назарларыңызға ұсынып отырмыз. Дина Бөкебай Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы № 25 орта мектептің оқушысы. Бірнеше шығармалары республикалық басылымдарда жарық көрген. \r\n\r\n«Ақ самолет»\r\n\r\nШіркін шаттық, бала кез ғой кешегі!\r\n\r\nБала кезден бақыт лебі еседі.\r\n\r\nБалалық шақ – бақытты шақ – балғын шақ,\r\n\r\nБолмаушы еді-ау, аңғалдықтың еш емі!\r\n\r\nБалалықтың көрінісі – аңғалдық,\r\n\r\nАлдандық ә, біздер талай алдандық?!\r\n\r\nАнам әркез алдайтұғын мені де,\r\n\r\nАспанның ақ самолетін арман ғып.\r\n\r\n« Аспандағы аппақ – арман самолет,\r\n\r\nБолашаққа, мені алысқа ала кет».\r\n\r\nДеп айқайлап, адамдарға йтушы ем\r\n\r\n«Анау менің самолетім , қара» деп!\r\n\r\nАқ бұлттардың арасынан өткендей,\r\n\r\nТұла бойға қанат бітіп кеткендей…\r\n\r\nАқ самолет болмасам да, өзімді\r\n\r\nСезінуші ем қанат қаққан кептердей!\r\n\r\nАқ самолет ақ арманға ұласып,\r\n\r\nҰшып кетем дала кезіп, қыр асып.\r\n\r\nШық та қонсын, қырау бассын, тұман да,\r\n\r\nТұсау болмас арманыма, сірә, шық!\r\n\r\nАппақ бұлттар – арман тұнған су беті,\r\n\r\nЕстен кетпес ескі күннің құрметі.\r\n\r\nАспандағы самолетке айқайлау –\r\n\r\nБалалықтың ең әдемі суреті !\r\n\r\nСамолетті түсімде де көруші ем,\r\n\r\nЖырларымды, сырларымды төгуші ем.\r\n\r\nТек биікке, өрге қанат қағатын,\r\n\r\nАқ самолет – арманым сен, көгім сен!\r\n\r\nБалалық-ай…шіркін, қайта берілсе,\r\n\r\nКөз алдымда өткен күндер өрілсе.\r\n\r\nЕртеңімді, ертегімді ойға алам,\r\n\r\nАспанымнан ақ самолет көрінсе!\r\n\r\n                     «Қожабақым — киелім»\r\n\r\nДемеу болса өзімдегі сан ойға – ар,\r\n\r\nЖыр жазғанда жөнім жоқты абайлар.\r\n\r\nТек тұнықтың дүрсілі бар кеудемде,\r\n\r\nТектіліктің тамырымда қаны ойнар!\r\n\r\nБар байлығын арқаға асып шықты әлем,\r\n\r\nТуған жерім – бар қазынам, құптар ең.\r\n\r\nЖылап жүріп топырағыңда жас қалды,\r\n\r\nҚұлап жүріп, қасиетіңді ұққан ем!\r\n\r\nБасыма бақ  қасиетінен соң қонды,\r\n\r\nНеге іздеп ақтарайын том-томды?\r\n\r\nТартып кетем қожабақы еліме,\r\n\r\nӘлем сүйер қайтем Париж, Лондонды?!\r\n\r\nҚайтем, қайтем Парижіңе құмартып,\r\n\r\nСезім жоқ па менде соны ұғар түк?!\r\n\r\nТалай-талай тамашадан әлемдік,\r\n\r\nАуылымның топырағы мың артық!\r\n\r\nХалқым, егер берер болсақ жоққа мән,\r\n\r\nАуылымды таңдап, сосын тоқтаман!\r\n\r\nМенен артық табылар-ау перзентің,\r\n\r\nСенен артық ауылым, ел жоқ маған!\r\n\r\nҚиындықтар…қалады әлі көк тұман,\r\n\r\nАуыл жайлы бұл әлемде жоқты ұран!\r\n\r\nӘлі талай ауыл жайлы жыр жазып,\r\n\r\nМен әлемдік классика боп тұрам!\r\n\r\n        «Қорқамын мен..»\r\n\r\nКелте уақыт, келте ойлар, келте мұң,\r\n\r\nЕртегінің бәрі өтірік, бәрі аңыз.\r\n\r\nЕртегіден көретін ел ертеңін,\r\n\r\nҚиялилау болған екен бабамыз!\r\n\r\nЕртегілер адамзатты алдап па,\r\n\r\nБүгінгі күн  ертеңгіге жол ұлы.\r\n\r\nАлтын балық түсе ме деп қармаққа,\r\n\r\nҚиял түсті қия белге жорыды!\r\n\r\n«Минут сайын өсіп жортады…»\r\n\r\nЕртегісін бермейді екен неге оқып?!\r\n\r\nЕртегіні елең етпес қорқарым:\r\n\r\nЕртеңінен жүрмейікші жеп опық!\r\n\r\nЗамандардан сиқырлы сыр шертеді,\r\n\r\nЕртегісіз ой-қиялым маздап па?!\r\n\r\nАқиқаты – оқымаған ертегі,\r\n\r\nАрмандарға сене алмайды аздап та!\r\n\r\nБүкіл ғалам ертегіге жүгінді,\r\n\r\nҚиялыңды армандарға тұғыр ет!\r\n\r\nҚорқамын мен ұрпақтардан бүгінгі,\r\n\r\nОқымаған ертегіні бір рет!!\r\n\r\n \r\n\r\n «Ұлылықтың тәңірі»  (Ғани Мұратбаевқа арнау)\r\n\r\nКөзінде нұр, көкейінде басты арман,\r\n\r\nБір жалынды жарық күткен жастардан.\r\n\r\nҚазалыда туған еді бір өр ұл,\r\n\r\nТайсалмаған талай шыңнан, асқардан!\r\n\r\nҒани деген өр халықтың ұлы еді,\r\n\r\nОны Азия, оны әлем біледі!\r\n\r\nРеволюция қаһарманы ол және\r\n\r\nӨз ұлтының қаны, жаны, жүрегі.\r\n\r\nЖүректегі дүрсілі «елім» деп келді,\r\n\r\nЕлі үшін ерен еңбек еткенді.\r\n\r\nҚазалының Ғаниы емес ол жалғыз,\r\n\r\nҚазағының Ғаниы боп кеткенді!\r\n\r\n«Орта Азияны билеген» деп тегінде,\r\n\r\nЖанартаудай бұлқындың текті өлімге!\r\n\r\nТүкпірінде жүректің тұрсың және\r\n\r\nӨткен күннің өзгермес беттерінде!\r\n\r\nЕлін сүйген, өзгеге де «сүй» деген,\r\n\r\nСоны ойласам, бір ғажайып күйге енем!\r\n\r\n23-іңде жасындай боп кеттің-ау,\r\n\r\n20-ңда Орта Азияны билеп ең!\r\n\r\nБолашағым бақыт тұнып күлер нық,\r\n\r\nӨткен күннің өнегесін білерлік!\r\n\r\nАға, істерің ұрпақтарға – өнеге,\r\n\r\nАл өмірің, өрлік тұнған ұлы ерлік!\r\n\r\nҰлысың сен! Өрлігіңді білмес кім?!\r\n\r\nБастауысың талай көрме, жыр кештің.\r\n\r\nХалқың сені ұмытпайды ешқашан,\r\n\r\nӨйткені, сен елің үшін күн кештің!\r\n\r\nБіз, ұрпақтар саған лайық болсақ деп,\r\n\r\nХалық үшін қайғырсақ деп, тоңсақ деп.\r\n\r\nӨр рухыңнан жігер алып жүреміз,\r\n\r\nАрманымыз – елге бақ боп қонсақ деп!\r\n\r\nКеткеніңмен, Ғанилар бар тағы бір,\r\n\r\nСен сияқты : ойы — ізгі, жаны – нұр.\r\n\r\nТағдырында қаласың сен қазақтың,\r\n\r\nТарихында мәңгіліксің бәрібір !!\r\n\r\n \r\n\r\n             «Мен осылай әдемімін…»\r\n\r\nАманатқа мен қиянат етпеймін,\r\n\r\nКөрген емес ренжіп те бір пенде.\r\n\r\nҚарсы алдынан жолын кесіп өтпеймін,\r\n\r\nМен осылай әдемімін үлкенге!\r\n\r\nКөп нәрсеге жете бермес батылым,\r\n\r\nКүннің нұрын құйып келем санама.\r\n\r\nҚарсы шықпай, тыңдап әрбір ақылын,\r\n\r\nМен осылай әдемімін анама!\r\n\r\nБіздер үшін тәрк ететін тағдырын,\r\n\r\nТүсінікпен қарап әрбір қатеме.\r\n\r\nШын жүректен арналады ән жырым,\r\n\r\nМен осылай әдемімін әкеме!\r\n\r\nТағдырымда тарау-тарау сан жол бар,\r\n\r\nӨмір бізді сол жолдарда қосқан ба?!\r\n\r\nҚиындықта көмектесіп әр жолдар,\r\n\r\nМен осылай әдемімін достарға!\r\n\r\n«Сәлем» сөзбен сыйла бөгде-танысты,\r\n\r\nСыйластықтың мәні жатыр әріде.\r\n\r\nБойға жиып адалдық, ар-намысты,\r\n\r\nМен осылай әдемімін бәріне!\r\n\r\n \r\n\r\n                           «Өмірге мәңгі ғашықпын»\r\n\r\nЕңсемді кейде басып тым,\r\n\r\nЖылаттың үнсіз, жасыттың.\r\n\r\nКөңілге қырау шалдырар\r\n\r\nӨмірге мәңгі ғашықпын!\r\n\r\nШындығын айтып шын ардың,\r\n\r\nАлдымнан шығар мұнар күн.\r\n\r\nАқиқат қанат қақса егер,\r\n\r\nӨмір, мен саған құмармын!!\r\n\r\nКүйбеңмен атса құла таң,\r\n\r\nӨзімді бір сәт жұбатам.\r\n\r\nСондай бір сәтте дем берсең,\r\n\r\nӨмір, мен сені ұнатам!\r\n\r\nБақыт пен баққа сүйенген,\r\n\r\nТүсіме ғажап жиі енген.\r\n\r\nӨңімді кейде түс қылар\r\n\r\nӨмірді шексіз сүйем мен!\r\n\r\nКөңіл толқынын тасыттың,\r\n\r\nБолашаққа мен асықтым.\r\n\r\nСан қилы сүрлеу жолы бар,\r\n\r\nӨмірге мәңгі ғашықпын!!!\r\n

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

\r\n

Қожабақы ауылы, №25 орта мектептің

\r\n

9 сынып оқушысы Дина БӨКЕБАЙ,

\r\n

Республикалық «Ұлан» газетінің жас тілшісі

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ