«Жү­рейік жүрек ауыртпай» қойылымы

0
853
Әуезов атындағы әкемтеатрда сахналанған Қыр­ғызс­танның халық жазушысы Б.Жәкиевтің  «Жү­рейік жүрек ауыртпай» (қазақшаға ау­дарған Ә.Сығай, қоюшы-режиссері Е.Оба­ев) атты драмасынан сол күні алған әсерім ерекше. Тақырыбы ұнап, кө­ңілге қонымды естілгендіктен бе, әлде шынайы жүрек қалауы ма, барғанымда, көрерменнің көбі жастар екен.  Зал­да ине шаншар орын жоқ. Мен қолым жеткен билетті ала сала ең соңғы орындардың біріне жайғаса бергенімде қойылым бас­талып та кетті.
Сезімгненім, Ата-ананың ақ батасын алып, әженің сиқырлы ертегілерін  естіп өскен жас ұр­пақ  сорақылыққа барар-ау деу жөнсіз секілді. Қо­йы­лымның менің көзқарасым бойынша, негізгі идеясы – бүгінгі қо­ғамды толғандырған жай. Санасыз келін. Жетесіз ұл. Келін мен ұлдың сүреңсіз, ерік­сіз жымиған ажарына телмірген әке. Тілі ащы, шайпау  келін айтқан әрбір удай сөз қарт  жүрегіне мірдің оғындай қа­далады. Әйелінің ақ дегенін – алғыс, қара дегенін – қарғыс деп таныған күй­еуі оның айтағынан аса алмайды. Бар­ды қанағат тұтпайтын, ашкөзділік, байлық­тың буы басын айналдырған келіннің ақ­шадан басқаны ойлағысы жоқ. Шыр етіп дү­ниеге келген сәттен бастап табанын тас­қа тигізбей өсірген ұлының әкесіне жа­саған сыйы – мүгедектер арбасына өз қолымен отырғызуы. Қарттың (артист Қ.Тастанбеков) шаңырақ  көтеріп,  керегесін керген адал жарынан айрылғанына бір жыл екі ай. Содан бергі, ұлы (А.Боранбай) мен келіннің (Ш.Асқарова) қолына кел­генде көрген күні – осы. Келін үйде болған кезінде ызыңы мазасын алса, кеткен кез­де қара құлыптың қамауында қалады. Қойылымның соңы сорлы әкені ұлының табалдырығын өз еркімен шығып, қарт­тар  үйінің есігін қағуға мәжбүрлейді. Мә­ні мен маңызы бүгінгі таңда аса өзекті болып отырған қойылымда көркем об­раздарды шебер сомдай білген әртістер қауымына көрермен тарапынан ықылас білдіріліп, шапалақ дуылы ұзаққа со­зылды. Көздерінің жасын тия алмаған  қыз-келіншек, әжелер жағы шынайы әс­ер алғанын жеткізіп жатты. Қария, ұл, не­мере (А.Өмірова)  қарым-қатынасын жә­не өз үйінен опа таппаған қарттың тағдыры өз басында бар бейтаныс бәй­біше (Р.Хаджиева) арасындағы оқиғаны жеткізе білген артистер қауымына жи­налған көрермен дән риза болды.  Сол сияқты, Күлегеш әйел (Қ.Тлеуова), Сы­пайы әйел (С.Қожақова), Саңырау шал (Ж.Садырбаев) рольдері де сәтті шықты деп айтуға боларлық.
Әке-шешенің көз жасына  қарамастан, оларды қарттар үйіне  тапсыруға  асы­ғатындар пайда болғаны жасырын емес. Ата-анасыз сүрген ертеңгі өмірінде әке-шешенің аялы алақаны жылуын се­зінген бір сәттің көзден бұлбұл ұшарын олар сезер ме екен? Үкілеген үміттерін өшіріп, перзенттік парызды өтеуден за­мандастарымыздың ада болғаны ма? Заман қатыгез бе, әлде оның адамы қа­тыгез болып бара ма? Өнер ордасынан қат-қабат сауалға жауап іздеп шықтық. Көрерменін терең ойға қалдырған қойы­лымның бүгінгі ұрпаққа берер ғибраты мол.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ