Дұрыс тамақтану тақырыбындағы ашық сабақ

0
9860
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы
№ 78 жалпы білім беретін орта мектеп — гимназиясы

Жаратылыстану

Бөлім/бөлімше Жанды табиғат /2.3 Адам
Педагогтің аты-жөні Арынгазина Айымгул Танатовна
Күні 30.11.2021
Сыныбы 1 «З» Қатысушылар саны:21 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Дұрыс тамақтану
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтайды

Көптеген оқушылар: адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтап, әңгімелейді

Кейбір оқушылар: адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтай отырып, тәжірибе жасайды, қорытынды шығарады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

(10 мин)

Психологиялық ахуал

«Азық-түлік дүкені» рөлдік ойынын ұйымдастыру. Оқушыларды «азық- түлікке» жұмсап, пайдалы тағам алып келуін сұрау. Олардың таңдауын талқылау, алып келген азық-түліктің қайсысы пайдалы, ал қайсысы зиянды екенін табу.

Оқушылар дүкенге келіп өздеріне қажет тағамдарды алады. Алған тағамдарының пайдалы, не зиян екенін айтады. Тағамдар

Суреттер

https://theslide.ru/img/thumbs/c4b178103856a92ab446efa052db1da2-800x.jpg

Сабақтың ортасы (25 мин) «Кел, ойланайық» Оқулықпен жұмыс

  • Тамақ сенің өсуің мен дамуыңа қажет. Адамдар тамақ дайындау үшін

көгөніс, жеміс, сүт, жұмыртқа, ет, балық, жарма, ұн және басқа азық- түлікті пайдаланады. Одан ботқа, сорпа, салат, шырын, нан дайындайды. Денім сау болсын десең, күніне үш-төрт рет тамақтан. Ас мәзірің түрлі пайдалы тағамнан болуы керек. Өйткені тағам арқылы ағзамыз түрлі пайдалы дәрумендер алады.

    • Пайдалы тағамға не жатады?
    • Пайдасыз тағамға не жатады?
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, пайдалы, пайдасыз тағамдарды атайды, жіпке қыстырғыш арқылы қыстырады.

Пайдалы – жемістер, көгөністер, … .

Пайдасыз – чипсы, газдалған сусындар,

… .

Қыстырғыш

Суреттер

C:\Users\Acer\Desktop\қолғап\29d8f90537a8ed2692e19b70427b53a0.jpg

«Білгенің жөн»

  • Көгөніс пен жемісті үнемі жеу керек. Олардың құрамында дәрумен көп. Дәрумен денсаулық үшін өте қажет.
  • Дәрумендер жөнінде мұғалім түсіндіреді.
  • -Қандай дәрумендерді жиі қолданған дұрыс?
  • -Қандай тамақ түрлерін жиі қолданған дұрыс?
  • -Бой өсу үшін қандай дәрумендерді көп жеу керек?

Тіс ауырмау үшін қандай дәрумен көп пайдалану керек?

Балалар сұраққа жауап береді Дескриптор:

— оқушылардың алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, білімдерін анықтайды. Смайликтер арқылы бағаланады

Дәрумен суреттері
Сергіту сәті

Мен банан, мен, мен банан, банан,

Ашамын банан, ашамын банан,банан

Ашып,ашып жеп аламын,

Ашып, ашып жеп аламын.

Дені сау бала боламын!

Балалар бір сергіп алады
«Бақылайық»

Оқулықтың 43-бетіндегі суреттегі қыз баланың тамақтануы дұрыс па, әлде бұрыс па екендігін бақылау.

Оқушылар суреттегі қыздың таңғы асқа ботқа жеп отырғандығын айтады.

Пайдалы ас мәзірін жасайды.

«Зерттейік»

Жұптық жұмыс

«Сенің сүйікті тамағың не? Ол неден жасалады?» деген тәрізді сұрақтарды қойып, бір-бірін зерттеуді ұсынады.

Оқушылар бір-біріне сүйікті тамағы туралы айтады, неден жасалатынын анықтайды. Мұғалім

«Жарайсыңдар!»,

«Тамаша!» деген ынталандыру, мадақтау сөздерімен ауызша бағалау жүргізеді.

Тапсырма

  1. тапсырмада себетке тек пайдалы тағамдарды салу керектігін түсіндіреді.
  2. тапсырма бойынша суретті аяқтап салуға тапсырма беріледі. С дәрумені кездесетін жемісті қоршайды.
Берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Тапсырма жиегіндегі бағалау бойынша өздерін бағалайды.

Дескриптор:

— өсу мен дамуға қажетті пайдалы тағамдарды белгілейді.

Тапсырма, түрлі түсті қарындаштар
Қызықты мәлімет

Алманың 25 пайызы ауадан тұрады.

Сондықтан ол суға батпайды, қалқып тұрады.

Тәжірибе жасайды. Ой қорытып, көргендерін баяндайды.

– Алма жеңіл болады, себебі құрамында ауа бар. Сондықтан суға батпайды.

Тәжірибе жасауларын қадағалайды. Алма

Су құйылған ыдыс

Сабақтың соңы (10 миг)

Рефлексия

«Мақалды жалғастыр» ойыны

Мұғалім мақалдың бірінші бөлігін айтады, оқушылар жалғастырады:

  • Денсаулық – … (зор байлық)
  • Тазалық – саулық негізі, ….

(саулық — байлық негізі)

  • Тазалық бар жерде (денсаулық

бар)

Рефлексия

Балаларға тағам суреті бар қағаздар таратылады. Суреттегі тағам пайдалы болса «+» белгісін, зиян болса «-» белгісін қояды

Мұғалім айтқан мақалдардың екінші бөлігін табады.

Тағамның пайдалы немесе зиян екенін белгілеп береді

Дәптер, түрлі түсті қарындаштар

Тағам суреті бар парақтар

 

– Алма жеңіл болады, себебі құрамында ауа бар. Сондықтан суға батпайды. https://www.you tube.com/watch?v=cf 3wt33sn8Q

Тірек сөздермен жұмыс

Пайдалы тағам, дәрумен

А, В, С дәрумендеріне жарнама жасауды ұсынады.

  • А дәрумені
  • В дәрумені
  • С дәрумені

Оқулықтың «Білгенің жөн» айдарындағы ақпараттарды пайдалана отырып, шағын жарнама жасайды.

Сынып бұрышына дәрумендердің пайдасы туралы суретті сызба ілуге болады.
Сабақтың соңы

Рефлексия

«Мақалды жалғастыр» ойыны

Мұғалім мақалдың бірінші бөлігін айтады, оқушылар жалғастырады:

  • Денсаулық – … (зор байлық)
  • Тазалық – саулық негізі, ….

(саулық — байлық негізі)

  • Тазалық бар жерде (денсаулық

бар)

Рефлексия

Мұғалім айтқан мақалдардың екінші бөлігін табады. Дәптер, түрлі түсті қарындаштар

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ