Есіркепов Жандос Мергенбайұлы: Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу

0
2103

 \r\n\r\nЕсіркепов Жандос Мергенбайұлы,\r\n\r\nҚорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің доценті, п.ғ.к.    \r\n\r\n         Көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған ұлы тұлға – Бауыржан Момышұлы жаужүрек батыр, даңқты қолбасшы, қарымды қаламгер. Әрине, қазақ даласында батыр да, қолбасшы да, қаламгер де аз болған жоқ. Бірақ олардың ешбірінің даңқы алты алаштан асып әріге асып көрген емес. Ал, Баурыжан атаны төрткүл дүние халқы түгел таныды, оның қаһармандық қайсар тұлғасы мен адамзат баласында сирек кездесетін озық ақыл-ойы, қарағайға қарсы біткен бұтақтай алабөтен ірі мінезі естіген жұртты тегіс тәнтті етті.\r\n\r\n            Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті – оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз девизиясына қосылып отырған. Бұл, әрине, ол кісінің терең ойлай білетін әскери даналығы мен талантының арқасында жүзеге асқан.\r\n\r\n             Бауыржан ата – қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға болады. Оның үстіне ол фольклор білгірі болғандықтан, өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет – патриотизмның мәйегі екендігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе.\r\n\r\n          Менің әкемнің туған бауыры Есіркепов Дүйсенбай көкем 1976 жылы «Сарыағаш» шипажайында Бауыржан атамен дастархандас болып, естіген талай қызықты естеліктерін айтып, біздің Бауыржан атадай асқақ, намысшыл, отанға адал қызмет ету, шындықпен, әділдікпен өмір сүру қажеттілігін санамызға әркез құйып отыратын. Бауыржан ата жайында айтқан бір әңгімесі есімде мәңгілік жатталып қалыпты. Атаның мінезі қыстың қаһарлы аязындай қатал. Жалғандыққа жаны қас, өте сезімтал, адамды тану психологиясы өте жоғары, тәкәппар мінез көрсететін адамдардың мысын басып тастайтын, табиғаттың ерекше жаратқан дарабозы болатын. Ал, көңілі жарасып, мейірімі түскен пендеге сыпайы, ақкөңіл, ақжарқын мінез танытып, ең қиқар деген адамның өзін жөнге салып жіберетін ақылшы, дастарханын жайып, ақ батасын беретін өте жомарт кісі дейтін. Бала болсақта осы сөздерді санамызға тоқып, Бауыржан атадай болуды қиялдайтынбыз. Кейін Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабын оқығаннан кейін әке естеліктері мен бала қиялымның алдамағанына көзім толық жетті. Тағы бір естелігінде: шипажай ауласында Бауыржан атаның таяғына сүйеніп серуендеп жүргенін көрген көптеген демалушылар жүгіре жарысып, атаны қоршап алып, естелік суретке түсуге шақырады. Сол кезде көптеген ұлт өкілдерінің арасынан осы қазақтың қарадомалақ баласымен суретке түсемін деп менің көкемді таңдапты. Ол сурет үйде көкемнің бойтұмарындай сақтаулы. Бұл естеліктен Бауыржан атаның ұлтжандылығын, қазақ баласына деген бауырмалдығын, қамқорлығын көреміз. Міне, қазақ жастарына рух беретін нағыз патриот тұлға осындай болса керек.\r\n\r\n           Ол кісінің әскери қолбасшылығы, генералдарға сабақ берген ұстаздығы  — бөлек әңгіме. «Соғыс тактикасы», — деген оқу пәні Израиль еліндегі әскери оқу орындарында оқытылады және студенттер ол пәннен емтихан тапсырады. Кубаның әскери мектептерінде де Баукеңнің соғыстағы әдіс-тәсілдері бойынша дәріс беріледі. Осыларды ескерсек, Баукеңді әскери ғылымның нағыз білгірі деуге толық негіз бар. Өзге мемлекеттер батыр атамыздың ерен еңбегін ұлықтап, қадірлеп-қастерлеп, өз мемлекеттерінің қорғаныс саласына қолданып, тәжірибеге енгізіп жатқанда, «қолда бар алтынның қадірі жоқ», — дегендей барымызды бағалай алмай жатқанымыз елдігімізге сын емес пе? Біздің елдің барлық әскери оқу орындарында атаның кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған «Соғыс психологиясы» атты еңбегінен дәріс оқып, асқан тактикалық іс-әрекеттерін тәжірибеге ендіру уақыт талабы екендігі даусыз.\r\n\r\n         Ол кісі ерлікке толы ғұмыр кешкен, аты аңызға айналған, әскери соғыс тактикасын өте жетік меңгерген, өжеттілімен КСРО әскери басшылығын толық мойындатқан дара тұлға. «Батырлар мекені» атанған бір ғана Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдан жеті генералдың шығуы батыр Баукеңнің өшпес рухы мен аруағының қолдауынан болар.\r\n\r\n        Бауыржан атаның отансүйгіштік рухы қазақ даласын тынбастан кезіп жүретін болады. Қазір де кезіп жүр… Демек, Бауыржан атадай темірқазық тұлғасы бар қазақ атты қайсар халықтың ұлттық рухы ешқашан аласармайды деген сөз…\r\n\r\n             Баукең — ХХ ғасырда ұлтының жоғын түгендеп, барын бүтіндеген бірегей тұлға. Ол қағынан жерінген құландай өз тілі мен дәстүрінен, ата салтынан қол үзіп, мәңгүрттене бастаған өз ұлтына қабырғасы қайысқан. Ғаламат ғажап екендігі, қайта тумас қазақ екендігі де сонда.\r\n\r\n        Баукеңдер кіріп келгенде кезде шындық шалқайып, өтірік бұқпантайлаған. Біз де ащы да болса, жастарды шындықпен тәрбиелеуіміз тиіс. Ол кісінің артында қалған мұраларының бізге берері көп. «Менің көзімді ойып алсаң қан ағады, жас шықпайды», — деген. Міне, нағыз патриот!.\r\n\r\n             Өзінің бітім-болмысымен ерекшеленген Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы тек ел басына күн туғанда «етігімен су кешен» батыр ғана емес, кең тынысты суреткер де болды. Батырдың аузынан шыққан нақыл сөздері бүгінде ел аузында жатталып та қалды. Атаның қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын сөз еткенде, елді надандық пен қатыгездік, ұсақтық пен қанағатсыздық, маскүнемдік пен әділетсіздік, опасыздық пен өсек-өтірік қара түнектей қаптап алған заманда оның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу-білім, ақыл-парасат, салт-дәстүр сынды асыл дүниелер жөнінде сөз қозғауының өзі програссивті құбылыс. Ол мұраларында оқырманды дұшпанмен аянбай шайқасуға үндейді. Ол үшін қайратыңа ептілікті, ептілікке қырағылықты, қырағылыққа әдісті, әдіске ақылыңды жолдас ет дейді. Сонымен қатар, ол кісінің оймен өрнектеп, сөзбен кестелеген отанды сүюге, ізеттілікке, батылдыққа, адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелейтін өмірлік мәні зор нақыл сөздері келер ұрпақты қазақ мемлекетінің өр тұлғалы, ер мінезді қайсар азаматтары болуға насихаттайды. Атап айтқанда:\r\n

    \r\n

  1. Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
  2. \r\n

  3. Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі.
  4. \r\n

  5. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!.
  6. \r\n

  7. Отан үшін отқа түс – күймейсің.
  8. \r\n

  9. Опасызда Отан жоқ.
  10. \r\n

  11. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды
  12. \r\n

  13. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!.
  14. \r\n

  15. Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
  16. \r\n

  17. Ана үшін аянба – ант ұрады, бала үшін аянба – бетің күйеді.
  18. \r\n

  19. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
  20. \r\n

  21. Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
  22. \r\n

  23. Қырағының өзі де, көзі де батыр.
  24. \r\n

  25. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
  26. \r\n

\r\n               Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.\r\n

    \r\n

  1. Сабырлық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.
  2. \r\n

  3. Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды.
  4. \r\n

  5. Маған деген атақты міндет етсең, өзің ал. Әділдікке бас ұрып, У    берсең де маған бал.
  6. \r\n

  7. Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
  8. \r\n

  9. Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
  10. \r\n

  11. Тексізден тезек артық, арсыздан айуан артық.
  12. \r\n

  13. Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды.
  14. \r\n

  15. Намысты нанға сатпа.
  16. \r\n

  17. Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің ең шырын рақаты.
  18. \r\n

  19. Өмір үшін өлгенше күрес.
  20. \r\n

  21. Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін керек.
  22. \r\n

  23. Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз – ер болмайды.
  24. \r\n

  25. Елсіз ер бола ма? Жұртсыз жігіт бола ма? Ерлік – елдің қасиеті.
  26. \r\n

\r\n Жүректілік – жігіттің қасиеті.\r\n

    \r\n

  1. Тәрбиелі – тәртіптің құлы, Тәртіпті – елдің ұлы.
  2. \r\n

  3. Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық.
  4. \r\n

  5. Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген қорлық артық.
  6. \r\n

  7. Ұлттық мақтаныш – сол ұлттың адамы үшін қасиетті әрі бұзылмас заң.
  8. \r\n

  9. Ерлік елдің қасиеті, жүректілік жігіттің қасиеті.
  10. \r\n

  11. Ерлік елеусіз қалмасын.
  12. \r\n

  13. Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады.
  14. \r\n

  15. Әділдік пен адалдық – адамның ең қымбат қасиеті.
  16. \r\n

  17. Шегініп серке болғанша, секіріп теке болғын.
  18. \r\n

  19. Жанын аяған тәніне жау.
  20. \r\n

  21. Өлтірсең өлімнен құтыласың, өлтірмесең өлімге тұтыласың.
  22. \r\n

  23. Таяқтан тайсалмасаң, семсерден сескенбесең, жеңдім дей бер.
  24. \r\n

\r\n Бұқсаң – сұқты, тығылсаң – тықты, именсең – езді, өлдім дей бер.\r\n

    \r\n

  1. Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын.
  2. \r\n

  3. Намысты адам намысы барды қадірлейді және намысы жоқты
  4. \r\n

\r\n      сыйламайтыны – заңдылық.\r\n

    \r\n

  1. Елдікті, ұлттық намысты бәрінен жоғары қою — отансүйгіштіктің ең басты белгісі.
  2. \r\n

  3. Әдіссіздік – әлсіздік, ептілік те – ерлік.
  4. \r\n

  5. Елдік қасиеттер аспаннан түспейді, жоқтан жаралмайды. Өзі туған топырақ тозаңы және ана сүтімен ұйыған ұлтжандылық сыртында, өскен ортасы мен азамат ретінде қалыптастырған қоғамы дарытар терең де текті дүниетаным негізінде ғана түзіледі.
  6. \r\n

\r\nМіне, бұл атаның жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ғажайып нақыл сөздерінің бір парасы ғана. Ал, Қазақ тілін құрметтеу бағытында айтқан қанатты сөздерінің өзі бөлек дүние. Алдағы уақытта «Бауыржантанушы» ғалымдарымыз атаның мол мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп, қазақ жастарының бойына сіңіре беретініне сенеміз. Алайда, бұл нақыл сөздерді бесіктен бастап бала санасына құю, әрбір ата-ананың ұрпақ алдындағы басты парызына айналуы тиіс. Сонда ғана Бауыржан атадай өр тұлғалы, елім дегенде өзегін жұлып беретін, өжет те намысты азаматтарды тәрбиелейтінімізге кәміл сенемін.\r\n\r\n       Бүгінгі таңда біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бұл қасиеттерді бір ғана Бауыржан Момышұлындай аңыз адамның бойынан табуға болады.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ