«Үздік тәлімгер – 2014» байқауының жеңімпаздары анықталды

2
1275

«Үздік тәлімгер – 2014»\r\n           Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті гуманитарлық педагогикалық факультеті кафедраларының топ тәлімгерлері арасында «Үздік тәлімгер — 2014» байқауы өтті. Байқауға педагогика және психология кафедрасынан Гүлзат Маратқызы Оңалбаева, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасынан Жұлдызай Тұрматқызы Баймағанбетова, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасынан Аягөз Қожамырзақызы Әбдразақова, кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасынан Айдана Әлайдарқызы Әлайдарова, музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнері кафедрасынан Мақпал Иманайқызы Шакирова, шетел тілдері және аударма кафедрасынан Айнұр Сейілбекқызы Әбдіғаниева қатысып, өзара бақ сынасты. Шара барысында факультет деканы ф-м.ғ.д., профессор Бахытхан Жунайдұлы Абдикаримов қатысушыларға сәттілік тілеп, бұл байқаудың факультетте алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын, алдағы уақытта дәстүрге айналатынын жеткізді. Байқау шарты бойынша қатысушылар алдымен қазылар алқасына «Тәлімгер жетістігінің бейнесі» кезеңі бойынша оқу-тәрбие үдерісінде жеткен жетістіктерінен дайындалған портфолиосын ұсынды. Екінші кезең «Мен және менің тобым» деп аталады. Бұл кезеңде топ тәлімгерлері бейнеролик көрсету арқылы сынға түсті. Әр саланың білікті мамандары сынға түскен сайыс одан әрі педагогикалық жағдаят, ситуациялық сұрақтармен жалғасты. Тәлімгерлер екі минут ішінде өздеріне берілген сұрақтарға шеберлікпен жауап берді. Соңғы кезеңде ұстаздар өз өнерлерін көрсетті. Бірі сахналық қойылыммен көрермендерді күлкіге кенелтсе, енді бірі өмідің қызығы мен қиыншылығы турасында монолог оқып, көпке үлкен ой салды. Тәлімгерлеріміздің арасында он саусағынан өнер тамған шебер, әнші, мың бұралған бишілер де болды. Тәлімгерлердің білімі, білігі, өнері сынға түскен сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды кәсіби оқыту және бейнелеу өнері кафедрасынан Айдана Әлайдарова мен шетел тілдері және аударма кафедрасынан Айнұр Әбдіғаниева иеленіп, «Ең креативті тәлімгер», «Ең тапқыр тәлімгер» номинацияларын иеленді. ІІ орынға бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасынан Жұлдызай Баймағанбетова мен музыкалық білім және дәстүрлі музыка өнер кафедрасынан Мақпал Шакирова лайық деп танылып, «Ең өнерлі тәлімгер», «Ең әдемі тәлімгер» номинацияларымен марапатталды. Педагогика және психология кафедрасынан Гүлзат Оңалбаева жүлделі І орынды иеленіп, «Ең ізденімпаз тәлімгер» номинациясын жеңіп алды. Ал, тәлімгерлер арасынан барлық қырынан озық шығып, өзінің білімі мен білігінің, тәлімі мен тәжірибесінің жоғарылығын көрсете білген қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасынан Аягөз Әбдразақова бас жүлдені иеленіп, «Ең үздік тәлімгер» атанды. Жеңімпаздардың барлығы арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.\r\ntalimger2 png\r\n\r\n \r\n\r\nДереккөз: korkyt.kz


ПІКІР ҚАЛДЫРУ