«Діни ағымдар және оның зардаптары»

0
1503
нашақорлық

Соңғы кездерi баспасөз беттерiнде, теледидар хабарлары мен әуе толқынындағы таралымдарда бiз «Терроризм және діни экстремизм»  терминдерін  жиi кездестiрiп жүрміз.  Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп  төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Осы орайда, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығының көрермендер залында  орталық қызметкерлерінің қатысуымен, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының бас маманы Дәрібаев Жеңісбек Әнәпияұлы «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері» тақырыбында   түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Видео проектор  арқылы «Адасқандар» деректі  фильмі көрсетілді. Шараның мақсаты  терроризм және діни экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.\r\n\r\nМекеме қызметкерлері айтулы шарада  «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алып, өз тарапынан ойларын ортаға салып, оң бағаларын берді.   Өткізілген бұл шараның  көп ұлтты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін бағалап, өз еліміздің патриоты болуға тәрбиелеуде маңыздылығы зор екендігін айтып өткім келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдени-продюсерлік бөлімінің меңгерушісі  Ғазиза Жүнісова\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ