Жас ұрпақтың рухани сәулеткері (эссе)

0
5921
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Жас ұрпақтың рухани сәулеткері

Адамның тағдыры тәрбиемен шешіледі
В.Белинсий

Мерейлі мерекелерін күллі халық болып атап өткен ғұлама
бабаларымыздың бірі Әбу Насыр әл – Фараби: «Баланың жаны мен тәнін
тәрбиелеуді бесіктен бастаған абзал»,- десе, Ұлы Абай атамыз: «Адам ата –
анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі
жақсы – жаманды танидыдағы, сондайды білгені, көргені көп болған адам
білімді болады,» — дейді.

Демек, ұрпақ тәрбиесі, келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі – өте
маңызды әрі жауапты іс.

Иә,бала жүрегі кішкентай ғана күйсандық. Ол сандықтың кілтін
тапсаң ғана ашылады. Сол кішкентай жүректерге жол тауып, бойымдағы
барымды арнап,бейкүнә, пәк жәудір көз періштелер мекендеген «Балалар
үйінде» тәрбиеші болып көп жылдар қызмет еттім. Жай ғана қызмет
етпедім,осы ортада өзімді де тәрбиеледім, өйткені жүректері жаралы,көңілдері
пәс ерекше тағдырлы балалармен жұмыс істеу ерекшелігін, оның өзіндік
ғажайыбын екінің бірі түсінуі мүмкін емес екені ақиқат.Мен олар үшін тек
тәрбиеші ғана емес,анасы,отбасы, досы, сырласы бола білдім. Күнделікті
тіршілікте кездесетін қиыншылықтарымды жасырып, ұмытуға тырыса
отырып, балалар үйінің ауласына кірген сәтте – ақ олар үшін ең керекті
мейірімге толы жүрегімді,күлімдеген көзіммен,жылы сөздеріммен,айқара
ашқан құшағыммен білдіремін.

Осы бір ерекше тағдырлы жандардың жанарына үңіліп, күнделікті
тіршіліктерін ұйымдастыру, олардың рухани дамуына, жетілуіне жауапты
екенімді сезіну, менің бойымдағы жанашырлық, кеңпейілділік, төзімділік
сияқты отбасымнан қалыптасқан қасиеттерді арттырғаны сөзсіз.Өзімді кейде
бір ғаламат күш иесіндей сезініп, балалар үйіндегі тәрбиешілік қызметіме
шүкіршілік етемін. Тәрбиеленушілерімді жақсы көретінім соншалық,менің
отбасымдай болған балаларды көруге асығып тұрамын.

Осы орайда, Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің: «Жас кезде берген
тәрбие,оқыған оқу тасқа жазған жазудай кетпейді» дегені ойға оралады.
Расындада,23 жыл атқарған педагог қызметінің нәтижесі алған
марапаттарымнан көрінеді.

2018жылы Алматы қаласында өткен III Республикалық «Үздік
балабақша тәрбиешісі» байқауында ерекше көзге түсіп, жоғары нәтиже
көрсеткенім үшін Дипломмен марапатталдым.

2019 жылы өзім тәрбиелеп жүрген, ұлты орыс болса да қазақ
тобындағы ата – анасыз қалған Медведева Вераның өмірі жайлы монолог
жазып дайындадым. Вера ішкі жан тербенісін қазақ тілінде жеткізе айтып Нұр
– Сұлтан қаласында өткен «Сәлем Астана» атты Халықаралық фестивальда
Гран При жүлдесін жеңіп алды.

Осы Халықаралық фестивальға тәрбиеленуші Медведева Вераны
дайындағаным үшін Дипломмен марапатталдым және «Дамуында
мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған білім беру –тәрбиелеу орталығы»
КММ әкімшіліген Алғыс хат берілді.

2019жылы Адал еңбек етіп,балаларға сезімтал және мұқият қарағаны үшін
«Дамуында мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған білім беру –тәрбиелеу
орталығы» КММ әкімшіліген Мадақтама берілді.

2019жылы Көп жылғы еңбегі және Білім беру жүйесін дамыту мен өскелең
ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін «Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінен» Алғыс білдірді.
Балалар үйіндегі бүлдіршіндер тәрбиеші – аналарының ақылды, әділетті,
ұқыпты, аса байыпты, білімді екеніне сенетін, сезінетін болса, ол бала үшін
үлгі, өнеге.

Көрнекті чех педагогы Ян Каменскийдің «баланы ең әуелі мейірім –
шапағатқа, содан соң ақыл – парасатқа, ең ақырында нағыз пайдалы ғылымға
баулу керек» деген пікірі менің тәрбиешілік қызметіммен ұштасып жатқандай.
Отбасының кішігірім мемлекет екені адамзат қоғамында әлдеқашан
дәлелденіп, мойындалған аксиома, ал балалар үйі ше? Ол да мемлекетіміздің
бір бөлшегі, ерекше бөлшегі, сондықтанда үнемі қамқорлық көрсетіп, жағдай
жасауда.Біз қашаннан жетімін жылатпаған елміз, оған тарих куә.

Қазақстан республикасындағы педагогикалық ынтымақтастық негізінде
тәрбиелік, дамытушылық міндетін ойдағыдай атқарып жүрген мекемелер
баршылық, солардың бірі, менің екінші үйім, отбасым, мейірім мен шапағат
мекені болған – балалар үйі.

Ендеше, жас ұрпақ тәрбиесімен шұғылданып отырған менің әріптестерім,
ұстаздар қауымына адам мінезін қалыптастыруда атқарар міндет те, көтерер
жүк те, жауапкершілікте ұшан – теңіз екенін айтқым келеді.

Ұлы орыс педагогы А.С.Макаренко «Біздің балалар – біздің қарттығымыз»
десе, яғни бала – ұлыс пен ұлттың болашағы,олай болса, әр баланы, мейлі ол
қайда болсын, отбасында немесе балалар үйінде өресі биік азамат етіп
тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.

2019 жылдың тамыз айында балалар үйінде тәрбиеленушілердің ең соңғы
түлектерін мектепке шығарып салдым.

Қазіргі кезде біздің мекеме ««Ерекше білім беру қажеттіліктері бар
балаларға арналған оңалту орталығы» КММ деп аталады.
Тәрбие – ешқандай үзіліс дегенді білмейтін құбылыс.
Мен осындай қайнаған,жауапкершілігі өте жоғары қызмет атқарып
жүргенімді мақтаныш етемін.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ