ЖУРНАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

0
1110

Гүлмира Әшірбекова,

\r\n

филология ғылымдарының кандидаты

\r\n

Зухра Ермағанбетова,

\r\n

филология ғылымдарының кандидаты

\r\n

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

\r\n

университетінің аға оқытушылары

\r\n

Қызылорда қаласы

\r\n

ashirbekova_75@mail.ru

\r\n           В этой статье авторы рассматривают вопросы компетентности студентов по специальности журналистики, а также представляют конкретные примеры информационной, творческой компетентности. А также дается обзор научных выводах по отношению к вопросу компетенции.\r\n\r\n           In the given article the authors consider competence issues of students in speciality journalism, as well as they provide the certain examples of information and creative competence. The revien of scientific conclusions related to the competence issue is given as well.\r\n\r\n          Латын тіліндегі «competens» сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға, мінез-құлқын ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалы критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көз қарастарды есепке алу қажет» -деп жазса психология ғылымының кандидаты Б.К. Жұмағалиева құзыреттілікті тұға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелік білімнің, білім, білік, дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттілігіне сәкес қолдана, пайдалана білуі деп көрсетеді[1].\r\n\r\nСонда құзыреттілікті білім мен тәрбиенің бір тұтастығын сақтай отырып, жеке тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі жәтиже деп түсінуге болады.\r\n\r\nБәсекеге қабілетті өзгерістерге бейім жеке тұға тәбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде мүмкін екендігі белгілі.\r\n\r\nҚұзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе. Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латын сөзі) competenens — қабілетті, қатысты. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген.\r\n\r\nА.В. Баранниковтің пайымдауынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді».\r\n\r\nҒалым Дж. Равеннің «Қазіргі заманға қоғамдағы құзыреттілік» атты еңбегінде «құзыреттілік» терминіне жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым деген анықтама беріледі[2].\r\n\r\nҚұзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш –жігердің болуы.\r\n\r\nҚұзыреттілік – білім алушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі.\r\n\r\nҚазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Мына заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде. Заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.\r\n\r\nАқпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді.\r\n\r\nКоммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.\r\n\r\nӘлеуметті-құқықтық құзырет — өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады.\r\n\r\nЖурналистика мамандығы бойынша білім алушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Интернет журналистика» курсы бойынша Google ақпараттық ресурсының мүмкіндіктерін пайдалану, Picasa, Audasity компьютерлік бағдарламаларында дыбыс жазу, бейнеролик, фильмдер жасауды жүзеге асыру барысында қол жеткіземіз.\r\n\r\nБілім алушылардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру бағытында «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы», «Публицистикалық шығармашылық негіздері» курстары бойынша  тақырыпқа сай түрлі бағытта шығармашылық тапсырмалар беріледі. Мәселен, «Ақпараттық ашаршылық» атты тапсырма барысында білім алушы өзінің алдағы уақытта қандай ақпарат құралында, қай бағытта жұмыс жасайтындығы туралы күнделік жазса, «Университетке жол», «Бес бақылау» атты тапсырмаларда өз ортасын, айналадағы тіршілік, ондағы проблемаларды суреттеуге, оқиғаның шынайы бейнесін көрсететін мақала дайындайды. Тіпті өзін қоршаған орта туралы әлеуметтік тақырыпта очерк жазу арқылы білім алушы өзін мазалаған мәселелерді қалай көтерудің, оның шешімін табудың жолдарын қарастырады.\r\n\r\nЖаһандану жағдайындағы журналист ең алдымен әмбебап маман бола білуі керек. Осы мақсатта «Журналистикада мен не жасай аламын?» деген тақырыпта эссе жазып, болашақ маман өзінің шығармашылық жоспары, бағыт-бағдары туралы хабардар етеді. Журналист үшін шығармашылықта ең алдымен өзіңді табу — бірінші міндет. Бұл орайда білім алушыларға түрлі тақырыптарда өзіндік жұмыстар ұсынылады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы көтерілген мәселелер мен өзекті тақырыптар бойынша талдау жұмыстарында өзіндік пікір айтуға, талдау жасауға, ұсыныс білдіруге дағдыланады. «Маған арналған газет» тапсырмасы бойынша қазақ журналисткасында өзі қажет еткен тақырыптарды қозғайтын басылымдар мен телерадиоарналардың тізімін жасайды, сол арқылы қазіргі ақпарат кеңістігінде жоқ немесе сирек көрініп жүрген болашақ өз басылымын жоспарлайды. Бұл қазіргі ақпараттық кеңістікке сараптама жасай отырып, жүзеге асырылады.\r\n\r\nСондай-ақ білім алушылардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруда олардың бағыт-бағдарын айқындауды да назардан тыс қалдырмаймыз. Мәселен, әдебиет, өнер, спорт, денсаулық, экономика және тағы басқа салалар бойынша берілетін шығармашылық тапсырмаларда олардың тақырыпқа бейімділігі байқалады. Сол секілді публицистика жанрлары бойынша берілетін тапсырмаларда білім алушының қай жанрға жақын екендігін аңғаруға болады.\r\n\r\nЖурналистің ішкі әлемі ортаның, қоршаған адамдарының, айналадағы барлық шынайылықтың әсерінен қалыптасады. Адамның психикалық өмірінің дәл ортасында әлем моделі қызмет етеді, ол — әлем туралы ойлау, болжам және өзіңді соның ішінде сезіну деген сөз. Бұл модель жалпылама түрде алынғанымен, біз оның кішкене бөлшектерімен, бір сәттік көріністерімен, жалпы көңіл-күйімен, адамдардың рухани өмірімен байланыста боламыз. Әлемнің суреті деп психологтардың айтуынша, адамдар өздерінің жеке проблемаларын ғана біліп қоймай, табиғатты тереңірек түсіне бастайды, қоғам қажеттілігін ұғыну. Нәтижесінде адам санасында алдын-ала болжам жасалған бүтіндей құрылым немесе тұлғаның көзқарасы немесе пікірі пайда болады.\r\n\r\nАмерикадағы ірі қоғам қайраткерлері мен журналистердің айтуынша, У.Липпманның  жазып, жариялаған миллиондаған және одан да көп сөздерін оқыған көзі қарақты адам әлемді сол күйінде қабылдай білген. Замандастары оны осы биіктігі үшін өздерінен жоғары қойған. Журналистің  әлемді қабылдау мәселесі бүгінгі күні ең маңызды сұрақ болып отыр. Сондықтан да бүгінгі журналистика мамандығы бойынша білім алушылардың шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыруда мынадай нәтижелерге: білім алушыларды өз бетінше талдауға, өз қызметіне мақсат қоюға, жоспарлауға,жинақтауға, қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге, сыни тұрғыдан шешім қабылдауға, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге, өзін-өзі түсінуге, өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге, нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға, өз білімін өзгермелі жағдайларда пайдалана білуіне қол жеткіземіз.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерийі /ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2008.
  2. \r\n

  3. Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. — 2008. — № 5. — С. 33-36.
  4. \r\n

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ