Мектептеріміз ағайларға зәру

0
347

Сәкен Алдашбаев, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы

\r\n                    Бұрын үлкен кісілерге «Ассалаумағалайкум» десең, «Уағалайкуммуссалм, молда бол балам» деп жататын. Мұның жұрнағын мәніне қазір өзімізде айтып жүрміз. Бірақ мұның мәніне біз де, қоғамда, билік те терең барып жатқан жоқ. Олай дейтінім осы «Молда бол балам» деген сөз тек ер балаларға ғана айтылатын болса, қазірде ер балаларға мұғалім болып не істейсің, ақша табатын, абыройлы жұмысқа кет оданда дейтін болдық. Жас мамандар да ұстаз болуға құлықты болмаса, ер ұстаздар мектепте көп тұрақтамайды, тұрақты жүргендерінің де көбінің мақсаты сол жерден зейнетке шығу емес. Ал, бұған биліктің қандай қатысы бар дерсіз. Бұған кейінірек мамандардың талдамысын ұсынамыз.\r\n2011 жылғы мәлімет бойынша елде 222 929 әйел мұғалім, 52 726 ер мұғалім болыпты. Ер-азаматтарымыз көбіне дене шынықтырудан, еңбек¬тен, алғашқы әскери даярлықтан сабақ берсе, өзге негізгі сабақтардың денін әйел азаматшалар берген. Ал, Сыр өңірінде биылғы оқу жылын 18096 ұстаздар бастаса, соның 14 372-сі әйел ұстаз болса, 3724-і ер ұстаздар. Яғни, ұстаздардың 20 пайызына жуығы ғана ер азаматтар екен.\r\nМектепте ер мұғалімдердің жетіспеу мәселесі 60-70 жылдары Түркияда байқалған екен. Сонда мемлекет тарапынан бағдарлама жасалып, ерлерді мектепке тарту мәселесін қойған. Олар да ер мұғалімдердің аздығынан ер балаларымыз жібектей сызылып, қыз мінездес болып барады, қыздарымыз еркешоралыққа бой алдырды, ұсақ бұзақылық, сөзге тұрмаулық, сатқындық, жалған сөйлеу оқушылар арасында білінуде. Сондықтан мектеп ұстаздарының тең жартысын ер мұғалім ету керек қолға алып, екі-үш жыл ішінде дегендеріне жетті. Мұны біздегі мамандар білмей отырған жоқ. Біздегі психологтар бұл беталысымыз ұлтымыздың ертеңі үшін қауіпті деп сан мәрте айтып жүр. Ер балалардың жаратылысы өзгеруде, қыз мінезділер көбейеді, еркешоралар артты. Ұлдарымыз ұсақталып кетеді. Босалаң, босбелбеу, бойкүйездердің саны артады. Мектепте қылмыстың белең алуының да бір себебі, осы — ер мұғалімдердің аздығынан.\r\nЕр мұғалімдердің тәрбиесі ұлдар үшін ғана емес, қыздар үшін де керек. Себебі, қыз балалар мектептегі ер азаматтарды үлгі тұтады. Дос, болашақ жар таңдағанда да қателеспеуі үшін мектептегі ер мұғалімге ұқсайтын азаматты іздейді. Ер мұғалімдердің көбірек болуының тағы бір пайдасы, қыздарымыз ибалы, қылықты болып өседі. Ұятты, ар-намысты жоғары қоятын қыздар көбейеді. Ал ер балалар ер азаматтарға қарап бой түзейді. Солардай болуға талпынады. Киім киюді, өзін ұстауды, сөйлеу мәдениетін үйренеді. Ер мінезді, өр мінезді, намысшыл боп тәрбиеленеді. Әсіресе, жоғары сыныпта оқитын балаларға ер мұғалімдер көбірек сабақ беруі керек.\r\nӨкінішке орай, соңғы кезде ұл-қыздарымыздың біразы әдепсіз боп бара жатыр. Әсіресе, ер балалар бір-бірімен жиі кикілжіңдесетін болды. Ұсақ-түйекке бола бір-бірінің жағасына жармасып, сәл нәрсеге қызылкеңірдек боп қалады. Еріншек, жалқау, болбыр балалар көбейіп барады. Ал қыздардың жеке өмірі сәтсіз боп жатады. Қыздар ер балалармен дос болады. Бірақ достық ұзаққа созылмайды. Келісе алмайды. Бірін-бірі түсінбейді. Сезімнің жетегіне еріп, алданып, опық жейтіндер де бар. Өйткені қыздарға жігіттермен достасуда үлгі болатын ер азамат мектепте жоқ. Міне, мектепте ер азаматсыз ұрпақ тәрбиелеудің салдары — осы.\r\nМен бұл арқылы мектептегі әйел мұғалімдердің еңбегін, тәрбиесін жоққа шығарып отырған жоқпын. Айтайын дегенім, әйел қанша мықты болғанымен, ер адамның орнын баса алмайды. Дуализм заңы деген бар. Ақ пен қара, күн мен түн, ыстық пен суық, ер мен әйел… Бұл екі жаратылыс бір-бірін алмастыра алмайды, олар тек бірін-бірі толықтырады. Жалғызбасты аналар балаларына бар жағдайды жасағанымен, бәрібір әкенің әңгімесін айта алмайды, әкенің тәрбиесін бере алмайды. Ер адам аз сөзбен-ақ, қас-қабақпен-ақ көп нәрсені ұғындыра алады. Бұл, әрине, мектептегі ұрпақ тәрбиесіне де қатысты.\r\nЕндеше неге мектептерге ер мұғалімдерді тарту жұмысы осал түсіп жатыр деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Алайда бұл бағытта жұмыс жүріп жатқан жоқ деуге болмас. Бірақ, мәселе бар ғой, бар. Ендеше неге жас жігіттер ұстаз болуға ынталы емес. Айталық Қызылорда қаласындағы М. Мәмбетов атындағы педагогикалық колледжге былтыр 655 студен түссе, соның 194 ғана ер балалар екен. Олардың өзі техникалық мамандықтарды таңдаған. Ал, ұстаз болам деушілері некен-саяқ.\r\n-Жастардың көпшілігі педагогикалық мамандықтарға дипломсыз қалмау үшін, амалдың жоқтығынан ғана құжат тапсырады. Сөйтіп, еш ықыласы жоқтар мұғалім боп мамандықтың қадірін кетірді,-деп жар салған философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы былай дейді:\r\n— Білім, ғылым, тәрбие мәселесі аяқ асты болғаннан кейін, екінің бірі мұғалім болатын болды. Жоғары оқу орындары оқудың ақысын төлесе, кез келген студентке кез келген мамандық бойынша дипломды бере салады. Осыдан келіп, саны көп, сапасы жоқ мұғалімдер көбейді. Мұндай біліксіз, сауатсыз мұғалімдер кейбір басшылардың мұғалімдер туралы көзқарасын өзгертті. Олар: «Мұғалімнің беделі жоқ, осыларға жоғары жалақы төлеп, қолдаудың өзі де негізсіз болар» деп ойлауы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалімдердің барлығы білімді, оларды мемлекет қолдамай отыр деген түсінік болмауы керек. Бір жағынан, мұғалімдердің өзінде де көп кінә бар. Ең үлкен қателік, білім саласын, әсіресе, мұғалімдерді даярлауды бетімен жіберуден болып отыр. Күні бүгінге дейін конкурстан өте алмаған, білімі төмен балалар амалдың жоқтығынан педагогикалық мамандыққа барып жатыр. Ал біліксіз мұғалім білімді оқушы тәрбиелейді деу қиын,-дейді ғалым.\r\nОсылайша ұстаздардың беделін біліксіз мамандар түсіріп жатыр десе, сыртқы әсерден беделдің түсуі екі себептен дейді. Яғни, мамандар: әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі және мұғалім қызметі мәртебесінің төмендігі,-дейді.\r\nЕнді осыған тоқталайық. Ер азамат ұстаздықтан көрі мұнай компаниясында көлік жүргізсе айлықты екі есе артық алады және көлденең табыстар да болады екен. Сонымен қатар мұғалім қызметіне өзге ешкімнің мұқтаждығы жүрмейді. Нақтырақ айтқанда қарапайым мұғалім сыбайластықпен болсын, өзге ісімен болсын ақша таба алмайды, оның сөзін өзге орган мамандары тыңдамайды. Мәселен сотта, прокуратурада, қаржы басқармасында ІІБ жұмыс жасасаңыз беделіңізде, көлденең табысыңызда қыл аяғы өзгеге сөзіңіз де жүреді.\r\nБұдан бөлек ер адамдар ұстаздардың толтыратын қағаздарын ұсақ-түйек деп санайды, көрінге іш-шараларға қатыстырыла беруіне ерінеді. Мектепте жүріп жетістікке жету, мәртебе алу қиын деп ойлайды. Мектептегі ұстаздық қызметінен шығып кетуін ер мұғалімдер көбіне басшыларының және орынбасарларының әйел болғанымен байланыстырады. Яғни, ер басымен әйел басшыдан болмашы нәрсеге ұрыс естуді ар санайды. Шынында ер азаматтың әйелден сөгіс естуі жанына батады. Бірақ мұны ескеріп жатқан заман ба, әйел адамдардың директорлыққа келуі жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен биыл Қызылорда облысындағы 291 мектептің 115-ін әйел азаматшалар басқарып отыр екен. Соңғы мәселені ескерсе керек психологтар мектеп басшылығына ер азаматтарды көбірек тарту керек, деп отыр.\r\nМіне, осылайша ер азаматтар «Мұғалім — әйел адамдардың мамандығы» деп, ұстаздықты лажсыздықтың жұмысы дәрежесіне түсіріп отыр. Бұл заман толқыны емес, өйткені өзге ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын елдерде ұстаз мәртебесін көтерге барын салып жатыр.\r\nСингапурда көшесіне мұғалім қыз келін боп түссе барлық көше тұрғындары түгел барып сәлем береді. Сингапур мен Жапонияда мұғалім төрт жыл сабақ беріп, бір жыл біліктілігін арттырумен айналысады және ол үшін стипендия алады. Онымен қоймай бір жылдан соң не үйренгеніне жұрт алдында есеп береді. Ол жақтарда әкімнің деп басқа шендінің емес, ұстаздың берген есебі құнды болып саналады.\r\nФинляндияда мұғалімнің жалақысы кез келген шенеуніктің жалақысынан артық, сондықтан болар он жылдан астам уақыттан бері білім беруде ең бірінші орында келеді.\r\nФинляндия, Сингапур, Жапонияда мұғалім болатын студенттерді ең үздік оқығандардан іріктеп алады сондықтан оларда нашар мұғалім деген мүлде жоқ. Айта кету керек Оңтүстік Кореяда мектепті үздік бітірушілердің 5 пайызы, Финляндияда — 10 пайызы, Сингапур мен Гонконгта — 30 пайызы мұғалімдік мамандықты таңдайды. Ал бізде ше, педагогикалық мамандық бойынша мемлекеттік грантқа өту балы — еліміздегі ең төменгі балл. Заңгер және экономист мамандығын айтпағанның өзінде, ветеринариядан да төмен.\r\nЖоғарыда аталған елдерде ер ұстаздар мен әйел ұстаздардың тепе-теңдігін ұдайы қатар ұстап келеді және ол елдердің барлығында білім саласындағы басшылар ер адамдар. Араб әмірлігіндегі жағдай мүлде бөлек. Ол жақта ер балаларға ер балалар, әйелдерге әйелдер сабақ береді. Түркияның да жүйесі осыған негізделген. Ең бастысы дамыған елдерде мұғалімдердің жеке бастарында, үйлерінде ешқандай мәселе болмауы керек. Ол үйден, көліктен және де өзге де мұқтаждықтардан ада болып, тек оқушының сабағы әрі тәрбиесімен ғана айналысуы міндетті. Мұның барлығын дамыған елдер өз мойындарына алған. Сол дамыған елдерді баса көктеп өтіп бара жатқан біздің елде мүлде бөлек.\r\nМектеп білім беретін ғана мекеме емес, сондай-ақ тәрбие ошағы. Ал әр тәрбие беретін шаңырақта отбасындағы сияқты әйелмен қатар ер-азаматтардың болуы қажет. Бұл жас ұрпақтың білімді болуымен қатар, көргенді, тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оң ықпал етеді.\r\nЕндеше ұрпағымыз ұлағатты болсын десек мектепке ер мұғалімдерді көптеп тартып, әйел ұстаздармен теңестіруіміз керек. Болмаса бала тәрбиесіндегі жүкше ауған мәселе күш алып кете береді.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ