Омыртқалы жануарлардың құрлыққа шығуы және амфибиялардың эволюциялық тарихы

0
2789
\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Жоспары:

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1) Кіріспе бөлім

\r\n

Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

\r\n

2) Негізгі бөлім

\r\n

Қосмекенділер класының жалпы сипаттамасы

\r\n

Қосмекенділердің арғы тегі

\r\n

Қосмекенділерде эволюция барысында пайда болған өзгерістер

\r\n

Қосмекенділер пайда болған дәуір

\r\n

Негізгі ерекшеліктері мен систематикасы

\r\n

3) Қорытынды бөлім

\r\n

\r\n

Құрлыққа тіршілік етуге бейімделген омыртқалылар

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

 

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

 Алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы жануарлар

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Қосмекенділер — алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетіндіктен, қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі.

\r\n

Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі таралған.

\r\n

\r\n

Қосмекенділерге жалпы сипаттама

\r\n

\r\n

Көпшілік түрлері сырттай ұрықтанады, ал дернәсілдері суда тіршілік етеді, тек түрленіп дамығаннан кейін оларда ересектеріне тән морфология-физиологиялық ерекшеліктер қалыптасады. Дернәсілдерінің анатомиялық құрылыстары (жүрегінің екі камералы болуы, желбезектерімен тыныс алуы, т.б.) балықтарға ұқсас. Ересектері өкпе және терісі арқылы тыныс алады. Қосмекенділер жоғары девонда саусаққанатты балықтардан пайда болған, балықтар мен “нағыз” құрлықтағы омыртқалылардың (амниоттар) арасынан орын алады. Бұларға жерде жүруге бейімделген буыны шар тәрізді, бірнеше бөлімдерден тұратын, бес саусақты жұп аяқтар тән. Бас қаңқасы аутостилиялық (үстіңгі жақсүйегі бассүйекке бітісіп кеткен). Қосмекенділерде үлкен қан айналу шеңберінен басқа кіші (өкпелік) қан айналу шеңбері пайда болған. Жүрегі екі жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Сол жақ жүрекшеде таза артерия қаны, ал оң жақ жүрекшеде вена қаны мен теріден келетін артерия қаны болады.

\r\n

\r\n

Қосмекенділердің арғы тегі

\r\n

\r\n

Төртаяқтылардың арғы тегі өкпелері және жұп аяқтарға ұқсас жүзбеқанаттары болған ежелгі саусаққанатты балықтар-  Eusthenopteron  және  Sauripterus  болуы мүмкін. Бұлардан басқа бұл саусаққанатты балықтар мен палеозой қосмекенділерінің бас қаңқасының жамылғы сүйектерінде көп ұқсастықтар байқалады. Саусаққанаттылар, қостыныстылар және қосмекенділерінің қантасымалдау жүйесі де біршама біртекті. Бірақта, қостыныстылар саусаққанатты балықтарға жақын болғанымен, олар төртаяқтылардың ата-тегі бола алмайды-өйткені                                         олардың бас қаңқасы өте маманданған, тіс тақтайшалары ерекше, жүзбеқанаттары бисериальды және т.т.

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Амфибияларда пайда болған, яғни эволюция барысындағы өзгерістер

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Бұлардың қимыл-қозғалыстарында ерекшеліктер байқалады.  Балықтәрізділер тұлғасын иію және құйрық жүзбеқанатының көмегімен қозғалса, төртаяқтылар жер үстінде қозғалу үшін құрлыққа икемделген бессаусақты жұп аяқтарын пайдаланады. Қозғалыс тәсілдерінде де ерешеліктер бар(құртшалар, жыландар, киттәрізділер), бірақ бұлардың арғы тектері төртаяқтылар болған. Тетраподалар өкпемен тыныс алады, денеде жаңа бөлімдер: мойын мен сегізкөз пайда болған. Бұларда ішкі танау тесіктері (хоандар), есту сүйегі бар ортаңғы құлақ қуысы және дәм сезгіш бүршіктері бар жақсы жетілген етті тілі бар.

\r\n

\r\n

\r\n

Сонымен қатар, қосмекенділер морфофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты балықтармен бірге анамниялар тобына жатса, қалған тетраподалар – амниоталар.

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Қорытынды бөлім: қорғауды қажет ететін қосмекенділер

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Даната құрбақасы (Bufo danatensіs), құйрықсыздар отряды құрбақалар тұқымдасына жатады. Дене тұрқы 56 – 67 мм, салмағы 16 – 30 г. Түсі қоңыр жасыл. Жасыл құрбақадан ерекшелігі – дене мөлшері кіші, денесі мен аяқтарында теңбіл дақтары көп. Даната құрбақасы биологиялық таксон ретінде ғылымға 1978 жылдан белгілі. Түрікменстанның оңтүстік-батысында орналасқан Кюрендаг тауындағы Даната бұлағынан табылған, аты соған байланысты қойылған. Қазақстанда Оңтүстік  Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының суқоймаларында таралған. Таулы, шөлді жерлерде тіршілік етуге бейімделген. Сәуірдің аяғында 2,0 – 4,5 мың уылдырық шашады, олар 3 тәуліктен соң, итшабаққа айналады. Қорегі: құмырсқа, шөп қандалалары, ызылдақ қоңыздар және жұлдызқұрттар. Қазақстандағы таралу аймағы толық анықталмаған, сан мөлшері белгісіз.

\r\n

\r\n

\r\n

Жетісу аяқтыбалығы — Жетісу Алатауының (Жоңғар Алатауы) сирек кездесетін жәндігі. Таралу аймағының көпшілік бөлігі Қазақстанда, бірақ Қытайда да кездеседі. Су деңгейінің тұрақты болмауы, тау жоталарында малдың жайылуы және сулардың ластануы — оның санының азайып кетуінің негізгі себептері. Оны қорғаудың нақты жолы — Жоғарғы Көксу мерзімді қорығынан қандайда бір болмасын адам әрекетінен тысқары жерді бөліп, оны айрықша қорғау. Қолдан өсірудің белгілі тәсілдерін тәжрибе жүзінде іске асыру керек. Адамдардың іс-әрекетінің ықпалына сәйкес популяцияның өзгеруін қадағалауды онан әрі жалғастыру керек.

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

М.Жұмалиев, Б.Есжанов «Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі» -бөлім; 4-7 беттер.

\r\n

К.Дәуітбаева, Б.Есжанов, Н.Сапарғалиева, С.Нұртазин «Жануарлар алуан түрлілігі»  439, 443,454,462 беттер.

\r\n

«Википедия» сайтынан алынған мәліметтер және ғаламтордан алынған суреттермен толықтырылды

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ