«Тәуелсіздік — тұғырым» атты ертеңгілік

1
2176

Мақсаты:
1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру балалардың Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру. Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері: Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру. Отан туралы тақпақ, мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Патриоттық сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой-өрісін, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге, сүюге тәрбиелеу.

Бекболат Тілеуханнның«Елім менің» әні.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

«Тәуелсіздік-тұғырым» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.

— Әнұранды орындау

Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?

Балалар: Қазақстан республикасы.

Жүргізуші: Қазақстан қандай мемлекет?

Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет.

Жүргізуші: Балалар, бүгін міне осы Тәуелсіздік мерекесі күні. Еліміздің тұңғыш президенті кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жүргізуші: Еліміздің елордасы қай қала?

Балалар: Астана.

Жақсы балалар.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын — қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есіне мәңгі сақталады. 16 — желтоқсанда қазақ жастары орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Бұл күн — Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

— Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі — Қайрат Рұсқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Ерлігіне қуанам да, сүйенем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.

Лаззат Асанова 1970 жылы өмірге келген. Желтоқсан оқиғасына Алматы қаласындағы музыка училищесінде оқып жүрген кезінде қатысқан еді. Ол не бәрі 16 жаста еді, және Сабира Мүхамеджанова, Ербол Спатаев деген жастарымыз желтоқсан оқиғасында ерліктерімен көзге түскендер.
Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан котерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата — бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік
Бас алаңда ел жосқан
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан —  Тәуелсіздік туған күн!
Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елі мен жеріңді көркейтіп Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. Ендеше мерекеге арнаған тартуларыңды ортаға сала қойындар.

Тәрбиеші: Мұз жастанып азаматтық жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Жеңіп шықты, бас имеді, қасарып
Сойыл таяқ ойнаса да жолында
Желтоқсан-ау, ұмтылмайсың жүректе
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді міне еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.

1.Нұрғанат

Бақытым Республикам Қазақстан
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан
Соған жетпес құшағы әлемнің де
Қыс болса бір шетінде жаз ауысқан.
Отан туралы тақпақтарымызды айтайық.

2.Каусар

Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның қасиетті күнін сүйем.
Отан, Отан, Отан!
Бәрінен де биік екен!
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

3.Сания

Бейбіт таңдар арайлап атады,
Туған жерді аймалайды шапағы.
Байтақ елім-ұлы Қазақстаным!
Ең бақытты балалардың Отаны.

4.Айбол

Қазақстан — азат елім,
Таңғажайып туған жерім.
Тек сен үшін мақтанамын,
Қазақстан – елім менің.
Астана арман қала,
Бағы бір жанған қала
Тұрасың жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да

5.Искандер

Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

6.А.Әлихан

Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен.
Қазақстан – туған ел

Тәрбиеші:

Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек баладағы ең кіші
Әнұран, Ту, Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.
— Балалар рәміздерімізді кім атап береді?

Дұрыс айтасыңдар балалар!

7. С.Айару

Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

8.Елнар

Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.

9.Жания

Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам

10.Ерке

Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік ұлы той.

11.Айгерім

Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

  1. Әділет

Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

13.Нұрәли

Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!       

Тәрбиеші:

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің,
Бүгінде бар әлемге даңқың жеткен
Тәуелсіз Қазақстан елім менің.

Тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады

14.Мухаметқали

Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.

15.Нұрислам

Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

16.Н.Айару

Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

17.Нұресіл

Отан менің ата-анам,
Отан досым,бауырым.
Отан өлкем,астанам,
Отан туған  ауылым.

18.Раяна

Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел өркендеп бақыт тапқан.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!

Тәрбиеші:

Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

19.Ерхан

Теңесер көкпен төбесі
Ойының биік өресі
Емендей өзі жігерлі
Қайратты қайсар Ер осы!

Тәрбиеші: Енді міне біз тәуелсіз ел болдық.
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық.

20.Алғыс

Тәуелсіздік-тірегім,
Тәуелсіздік –тілегім.
Ертеңі деп елімнің,
Дүрсілдейді жүрегім.

21.Ш.Алихан

Жасасын азат ерлік күн
Жасасын бейбіт елмен жер
Бостандық алған қазақтың
Мәртебесін көрсін ел.

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,
Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер
Көкорай белестері мақпал кілем
Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

Атамекен әні топ балаларының орындауында қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші: Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

 

Сәрсенбі Гүлмарал Амангелдіқызы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу ауылы, Жамбыл атындағы орта мектеп


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ