ҚазҰУ-де «Ең дарынды болашақ журналист» пәндік олимпиадасы өтуде

0
669

Бүгін қасиетті қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университетінде жас журналистерге арналған «Ең дарынды болашақ журналист» атты байқау өтуде. Жас журналистердің біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл сайыстың қатысушыларға берері мол. Сайыстың шарттары нағыз журналистердің тәжірибесін шыңдайды.\r\n\r\n12 өңірдің намысын арқалап келген студенттер бірінші кезеңде журналистикаға байланысты тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезеңде «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», сондай-ақ «Ең үздік үнхабар» және «Ең үздік онлайн жазба» тақырыптары бойынша жарысқа түсуде. Команда мүшелері өздерін барлық қырынан көрсетуге тырысып бағуда. Тікелей эфирде радиохабар жүргізіп, оқиға орнында бірден онлайн жазбалар жариялау — болашақ журналистерге үлкен тәжірибе мектебі болары сөзсіз.\r\n\r\nЖыл сайын ұйымдастырылатын бұл олимпиада – болашақ мамандар арасындағы әріптестік байланысты дамытып, өңірлер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасап отыр.\r\n\r\nЕкі күнге жоспарланған олимпиаданың бірінші күнінде журналистер тест тапсырып, өз саласы туралы білімін тексерді. Бүгін, міне, олимпиаданың екінші күні журналистер практикалық дайындығын көрсетуде.\r\n

Пәндік олимпиададан фото репортаж

\r\n

\r\n

olimp DSC_0969


ПІКІР ҚАЛДЫРУ