Ұялы телефон, компьютер және құлаққаптың адам ағзасына тигізер әсері қандай?

0
4005
Иллюстрация: Freepik.com

Ғылым мен техниканың жетістігі адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертті. Қазіргі уақытта технологияның ықпалымен өмір сүру маңызды үрдіске айналды. Дамыған заманның артықшылығына қарамастан тигізер әсеріне байланысты адамдар қандай ауру түрлеріне шалдығуы мүмкін? Технологияның адамға берер әсері қандай? Аталған сауалға “7 қалалық клиникалық аурухананың” қызметкері жалпы тәжірибе дәрігер Әйгерім Сәбитқызы жауап берді.

 — Әйгерім Сәбитқызы, технологияның бірі — ұялы телефон, компьютер және құлаққаптың әсеріне байланысты адам ағзасында қандай ауру түрлері пайда болады?

  — Егер адам компьютерді, ұялы телефонды 2-3 сағаттан аса тапжылмай қолданса бұлшықеттер қимылдан тыс қалып, омыртқа бойындағы дискілердің салмағы бір-біріне әсер етеді. Сонымен бірге зат алмасу процессі төмендейді. Осылайша ағзада остеохондроз ауруы пайда болады. Аталған құралдардың жарығына ұзақ уақыт қараған кезде көздің жыпылықтауы төмендейді, көз бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы нашарлайды, көз құрғайды. Нәтижесінде көру қабілет нашарлап, көз ауруы дамиды. Келесі аурудың түрі — семіздік саналады.

Аурудың даму себебі — адамның ұзақ уақыт қозғалыссыз тапжылмай отырған уақытта ағзасында зат алмасу үрдісінің бәсеңдеуімен сипатталады. Салдарынан артық майлар, холестерин  жиналады. Әсеріне байланысты инфаркт, инсульт, атеросклероз ауруына акеп соқтыруы мүмкін. Ал құлаққаптың зияны — есту қабілетінің төмендеуі.

Құлаққаптың түрі көп. Олар вакуумды, таблетка түрдегі және жапсырмалы құлаққап. Ең зияндысы — вакумды құлаққап. Ол дыбысты 110-120  децибел  шамасында құлаққа ешқандай кедергісіз жіберетіндіктен құлақтағы ағзалардың зақымдануына алып келеді. Адам осы құралдарды айтылған уақыт мерзімінен аса пайдаланса жекешеленіп, өзін қараңғы бөлмеде отырғандай сезініп, қоршаған ортадан тыс қалады. Сонымен қатар әлеуметтік желіде өзге жаннан хабарламаны күту де адамды күйзеліске душар етеді. Осы себептерге байланысты мінез-құлықтың бұзылуы — депрессияға ұшырайды.

Дәрігердің айтуынша, медициналық зертеулерге сәйкес гаджеттердің салдарына байланысты соңғы бес жылда көз көруінің нашарлауы 80% — ға дейін өскен. Құлаққаптың әсері бойынша есту қабілет 30% — ға дейін төмендеген.

— Аталған ауру түрлерінің белгілері қандай?

  — Остеохондроз ауруы кезінде мойын аймағы ауырсынады, тартылады және спазма байқалады. Ал келесі ауру түрі — көз ауруы кезінде бұлшықеттер қызметі нашарлайды, көз құрғайды, көру қабілет төмендейді. Семіздік аруының белгілері: егер адам екі апта бойы 6 сағат мерзімі бойынша технологияларды үздіксіз пайдаланса ағзада артық салмақ пайда болады. Аяқ ісінеді, жүрек бөлігінде ыңғайсыздық сезім туындайды, тыныс алу қиындайды. Құлаққаптың әсеріне байланысты есту қабілет бәсеңдейді. Депрессия кезінде адамның мінез-құлығы өзгереді. Мәселен, тым қозғыш және ашуға бейім болу.

— Аурудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын сақтау қажет?

  — Ең алдымен омыртқа жотасына зиян келмес үшін арқаны тік ұстап 90° бойынша аяқты жерге тік қою қажет. Адамның компьютермен арақашықтығы 60-70 см-ден аспағаны абзал. Әр 2-3 сағат сайын 10-15 минут уақыт мөлшері бойынша сыртқа шығып, демалыңыз. Ұялы телефон немесе компьютерді қолданған уақытта мониторға тік қарап, көзді жыпылықтатып тұрыңыз. Күніне ұялы телефонды 2 сағаттан аса қолданбаңыз.

Сондай-ақ қанайналымды жақсартатын жаттығуларды орындау керек. Қолыңыздағы құлаққап әр түрлі кедергілер арқылы дыбыс жіберетін құрал болғаны жөн. Оның дыбысын 60%-дан асырмай әрі күніне 60 минуттан аса қолданбағаныңыз дұрыс. Сонымен бірге оның дыбысы сыртқа шықпау қажет жане сіз сыртқы дыбыстарды еститін дәрежеде болыңыз.

 — Сұхбатыңызға рақмет!

Сұқбаттасқан: Сахан Нағима

«Тұран» университеті Журналистика мамандығының 4 курс студенті

Жетекшісі: Рушанова Н.Б


ПІКІР ҚАЛДЫРУ