ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

0
444
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ

Орындаған:Болатжан Елина
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,
Қауымдастырылған-профессор Қаршығаева А.
Алматы қаласы,
Қазақстан Республикасының
Білім және Ғылым министрлігі
Тұран университеті

Аңдатпа. Мақалада әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы айтылады. Әлеуметтік желі біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Интернет арқылы адамдар достарымен байланыста болуға, жаңалықтармен, фотосуреттермен және идеялармен бөлісуге мүмкіндік алды. Дегенмен, кез келген басқа технология сияқты, әлеуметтік желілердің де оң және теріс жақтары бар екенін ұмытпау керек. Тақырып бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
Кілт сөздер: әлеуметтік желі, интернет, ақпарат, мәдениет, SWOT талдау, интернетке тәуелділік.
Аннотация. В статье рассказывается о пользе и вреде социальной сети. Социальные сети стали неотъемлемой частью нашей повседневной жизни. Через Интернет у людей была возможность поддерживать связь со своими друзьями, делиться новостями, фотографиями и идеями. Однако, как и в случае с любой другой технологией, важно помнить, что у социальных сетей есть свои плюсы и минусы. Тема актуальна на сегодняшний день.
Ключевые слова: социальные сети, интернет, информация, культура, SWOT-анализ, интернет-зависимость.
Annotation. The article talks about the benefits and harms of a social network. Social media has become an integral part of our daily lives. Through the Internet, people had the opportunity to keep in touch with their friends, share news, photos and ideas. However, as with any other technology, it’s important to remember that social media has its pros and cons. The topic is relevant today.
Keywords: social networks, Internet, information, culture, SWOT analysis, Internet addiction.
Әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік желі адамдарға бір-бірімен оңай байланыста болуға, нақты уақыт режимінде байланысуға және ақпарат
алмасуға мүмкіндік береді. Олар түрлі ақпарат алуға, атап айтсақ әлеуметтік медиа жаңалықтар, ғылым, технология, денсаулық, мәдениет және т. б. болсын, кез келген тақырып бойынша пайдалы ақпарат көзі бола алады. Интернетте көптеген басылымдар, компаниялар мен сарапшылар әлеуметтік желілерде өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі, бұл жаңа нәрсені үйренгісі келетін немесе дағдыларын дамытқысы келетін адамдар үшін пайдалы болуы мүмкін. Жарнама және маркетинг әлеуметтік медиа өнімдерді, қызметтерді және брендтерді жылжытудың тиімді құралы бола алады. Көптеген компаниялар тұтынушыларды тарту, аудиторияны кеңейту және сатылымды арттыру үшін әлеуметтік медианы пайдаланады. Әлеуметтік желілер арқылы біз сарапшылардың әрекеттерін бақылау және ақпаратты талдау арқылы көп нәрсені үйрене аламыз. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер адамдардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқарады. Күн сайын миллиондаған адамдар әлеуметтік желіні кездесулер ұйымдастыруға, қажетті ақпаратты іздеуге пайдаланады. Осы тұста айта кету керек, әлеуметтік желігің ең белсенді пайдаланушылары – жастар болып табылады. Жиналған мәліметтерге сүйене отырып, жас ұлғайған сайын респонденттер әлеуметтік желілерге азырақ барады деген қорытынды жасауға болады. Түрлі сарапшылар әлеуметтік желіде белсенді отыратындарға ескерту жасап, денсаулықтарын сақтауды сұрап отыр. Әлеуметтік желілердің жастардың рухани және адамгершілік дамуына әсерін осы мәселенің көптеген зерттеушілері екіұшты бағалайды [1].
Әлеуметтік желінің басты артықшылықтарының бірі – әлемнің түкпір-түкпірінен қалаған адамдармен байланыста болу мүмкіндігі екені сөзсіз. Біз алыс қашықтықта болса да, туыстарымызбен, достарымызбен және әріптестерімізбен оңай сөйлесе аламыз, бұл біздің қарым-қатынасымызды нығайтуға және ақпарат алмасуға ықпал етеді. Қазіргі таңда интернет біз үшін құнды ақпарат көзі болып табылады. Оның көмегімен, жаңалықтарды өз көзімізбен көре аламыз, өзекті оқиғаларды қадағалай аламыз және оларды басқа пайдаланушылармен талқылай аламыз. Бұл қоғамдық диалогтың дамуына және көкжиектің кеңеюіне ықпал етеді. Алайда, әлеуметтік желілерді пайдалану да жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Әлеуметтік желілерде бақыланбайтын уақыт өнімділіктің жоғалуына және маңызды міндеттерден алшақтауға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жеке ақпаратты бақылаусыз тарату құпиялылық пен қауіпсіздікке бірден бір қауіп төндіруі мүмкін. Әлеуметтік медианы дұрыс пайдалану үшін бірнеше қарапайым ережелерді сақтау керек. Біріншіден, әлеуметтік желілерде өткізетін уақытты шектеп, оны пайдалану үшін нақты уақытты белгілеп, ұстанған жөн. Екіншіден, жеке ақпаратқа абай
болу керек. Құпия деректерді жарияламау қажет. Үшіншіден, түрлі жанжалдар мен даулардан аулақ болу да маңызды рөлге ие [2].
Әлеуметтік медианы пайдаланудың жағымсыз әсерлеріне балалар, жасөспірімдер және жалпы жастар арасындағы суицидтік белсенділіктің өсуі жатады, олар бүгінгі күнге дейін үлкен пропорцияларға ие болды. Жастардың әлеуметтік желілерді пайдаланудағы келесі жағымсыз жағы – құндылықтардың өзгеруі. Егер осыдан он жыл бұрын жастар кітап оқуға көп уақыт жұмсаса, көптеген хоббимен айналысып, әртүрлі үйірмелер мен секцияларға қатысса, қазір бәрі керісінше жаққа ауысуда. Бүгінде көп жастар виртуалды қарым-қатынасты қалайды, бұл қазіргі жастардың қарым-қатынасының төмен деңгейіне әкеледі. Бұл факт әлеуметтік желілерді пайдалану салдарынан қазіргі жастардың зияткерлік деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Тағы бір әлеуметтік желілердің қазіргі жастарға тигізетін кері әсері туралы айтатын болсақ, оларға тәуелділік туралы айтуға болады. Статистикаға сәйкес, балалар әлеуметтік желілерде күніне кем дегенде 3 сағат өткізе алады, ал кейбіреулері күннің көп бөлігін виртуалды әлемде өткізіп жатады. Платформаларға шамадан тыс назар аудару көптеген ата-аналарды алаңдатады. Бірақ баланың әлеуметтік желілерге кіруін шектемес бұрын олардың артықшылықтарын ескеру қажет:
1. Қазіргі әлемдегі қоғам мүшелерімен қарым-қатынас жасау үшін баланың коммуникативті дағдыларын дамыту;
2. Ашық қол жетімді пайдалы ақпарат ағынын алу;
3. Нәтижесінде монитор алдында отыру жасөспірімдер арасында алкогольді, есірткіні, темекі шегуді теріс пайдаланатындардың саны азаяды деп қарастыруға болады;
4. Ашық қоғамға бейімделмеген тұйық тұлғалар үшін виртуалды байланыс мүмкіндігі [3].
Артықшылықтарына қарамастан, әлеуметтік желілер қазіргі балаларға келесі факторлар бойынша қауіп төндіруі мүмкін:
1. Баланың эмоционалды және физикалық жағдайына ықтимал қауіп төндіретін бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі.
2. Баланың физикалық дамуының болмауы және көру қабілетінің нашарлауы.
3. Нақты қарым-қатынастың болмауы. Интернет баланы виртуалды әлемге шақырып, қарапайым өмір сүруге деген ұмтылысты төмендеу процесі жүруі мүкмін.
4. Өзін-өзі төмен бағалауды қалыптастыру, оның салдары қоғамдық пікірге үлкен тәуелділікке алып келуі мүмкін.
5. Балаға қажет емес ақпарат ашық түрде ұсынылады.
6. Интернеттегі түрлі алаяқтық фактілердің көп болуы [4].
Әлеуметтік желінің ақылмен және жауапкершілікпен пайдаланған кезде ғана пайдалы құрал бола алатынын естен шығармау қажет. Олар бізге қоршаған әлеммен байланысуға, ақпарат алмасуға және жақын адамдармен байланыста болуға мүмкіндік береді. Алайда, жағымсыз салдардан аулақ болу үшін әлеуметтік желілерде өткізген уақытты қадағалап, жеке ақпаратыңызды қорғау қажет. Әлеуметтік медианы дұрыс пайдалану бізге ықтимал жағымсыз әсерлерді азайту арқылы олардың пайдасын алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желілердегі әрекеттеріңізге мұқият және жауапты болсақ, олар қарым-қатынас пен ақпарат алмасудың пайдалы құралы болады. Әлеуметтік желі тақырыбына SWOT талдау жасау арқылы жақсы және жағымсыз жақтарын біле аламыз (кесте 1).
Әлеуметтік медианың күшті жақтары
— Әлеуметтік медиа қашықтағы отбасы мүшелері мен достарын байланыстыра алады. Instagram, Facebook және Twitter сияқты әлеуметтік медиа платформалар барлық пайдаланушыларға басқа адамдармен байланысуға көмектеседі.
— Әлеуметтік медиа компанияларды өз аудиториясымен тікелей байланыстыра алады. Бизнеске өз аудиториясымен немесе клиенттерімен байланыс орнату қиын.
— Әлеуметтік желінің тағы бір күшті жағы олардың жарнамалық мүмкіндіктері. Көптеген компаниялар өз тауарлары мен қызметтерін әлеуметтік медиа арқылы насихаттағысы келеді. Бұл жағдайда әлеуметтік медиа адамдарға осы платформада әртүрлі өнімдер мен қызметтерді
Әлеуметтік медианың әлсіз жақтары
— Әлсіз Жақтардың бірі – шындық пен онлайн өмір арасындағы айырмашылық. Адамдар жалған өмір салтын елестете алады. Бұл жағдайда ол адамдардың психологиясын бұзуы мүмкін.
— Тағы бір әлсіздік — әлеуметтік медиаға тәуелділік. Біз қазір қазіргі заманда өмір сүріп жатқандықтан, адамдардың көпшілігі әлеуметтік медиаға тәуелді болады деп есептеледі.
— Алаяқтық.
— Денсаулықтың нашарлауы.
жарнамалауға және насихаттауға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік медиа мүмкіндіктері
— Әлеуметтік желі индустриясы үшін ең жақсы мүмкіндік — пайдаланушылар пайдалана алатын көбірек бағдарламалық құралды шығару. Көріп отырғанымыздай, миллиардтаған адамдар әрқашан әлеуметтік медиа платформаларында.
— Әлеуметтік медиа үшін тағы бір мүмкіндік – бұл жаңа табыс көзі. Әр түрлі әлеуметтік медиа платформалар өздерінің салыстырмалылығын сақтау үшін жарысады.
Әлеуметтік медиа қауіптері
— Құпиялылық қаупі. Көптеген пайдаланушылар әртүрлі әлеуметтік медиа платформаларын пайдалануда абай болмаса, түрлі алаяқтар мен бопсалаушылардың «торына» түсуі мүмкін.
— Әлеуметтік желіге тәуелділік.
Кесте 1. Әлеуметтік желіге SWOT талдау.
Әлеуметтік желілер бізді қалай қызықтырады және олар соншалықты қауіпсіз бе? Ең алдымен, ХХІ ғасыр бізге уақыт қалдырмайтын қарым-қатынас үшін шексіз мүмкіндіктер береді. Жоғарыда айтылғандай, әлеуметтік желінің негізгі мақсаты – әңгімелесушілерді бөлетін қашықтыққа қарамастан, достарымен, туыстарымен және бұрын таныс емес адамдармен сөйлесу. Адамдар қызығушылықтары бойынша достар табады, фотосуреттер мен бейнелерді бөліседі және т.б.артықшылықтарын айтсақ болады. Мұндай қызметтердің көпшілігінде кез-келген абонент қай жерде болса да, интернет арқылы дауыстық және бейне қоңыраулар шалу мүмкіндігі қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желі бізге жан-жақты дамуға мүмкіндік береді: біз өзімізді қызықтыратын кез келген көркем фильмді көре аламыз, музыка тыңдай аламыз, кез келген кітапты оқи аламыз, шет тілін үйренеміз және т.б. артықшылықтарға ие боламыз. Әлеуметтік желілердің тағы бір үлкен пайдасы – бұл адамдардың өз бизнесін дамытуға арналған алаң деп айтсақ болады. Мұнда сіз өзіңіздің кітап дүкеніңізді, жаңа мейрамханаңызды немесе такси қызметін жарнамалай аласыз, бұл сіздің бизнесіңізді тек таныстарыңызға ғана емес, сонымен қатар өз қалаңыздың немесе тіпті елдің тұрғындарының
көпшілігіне танымал етуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік желі қаншалықты пайдалы әрі ыңғайлы болғанмен сыртқы ортамен байланысты үзуге болмайды. Қазіргі таңда әлеуметтік желілер көп білетін, қолданыста жүрген сөз, тұтынушылар үшін де әлеуметтік желі ыңғайлы құралға айнала білді. Орта буын өкілдері интернетте керек кезінде ғана отырып, пайдалы нәрсені ғана алып, сыртқы ортамен байланысын үзбеуі мүмкін. Ал жасөспірімдер мен балалардың әлеуметтік желілерде тек пайдалы мағлұмат алады деп кесіп айта алмаймыз. Сол себепті де, әлеуметтік желі туралы оң және теріс пікірлерді саралап, қолданған жөн. Бүгінгі күнде кей адамдарға «интернетке тәуелділік» диагноздары да қойылып отыр. Сондықтан да, интернетті пайдалану мәдениетін тәрбиелеу керек, яғни шексіз мүмкіндіктер әлемін виртуалды емес, нақты мақсаттар мен шешімдерге қол жеткізу құралы ретінде көру маңызды фактор болып табылады [5].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Белоножко Е.С., Чеджемов Г.А. Мошенничество в сети Интернет // Наука XXI века: актуальные направления развития. Самара. СГЭУ. – 2017. – №1-1. – 86 б.
2. Гладкий А. Мошенничество в Интернете. Методы удаленного выманивания денег, и как не стать жертвой злоумышленников. – М.: АВТОР, 2018. – 899 б.
3. Шейнов, В. П. Как защититься от обмана и мошенничества: моногр. / В.П. Шейнов. – М.: Харвест, 2019. – 464 б.
4.Цой Н.А. Феномен интернет-зависимости и одиночество // Социологические исследования. 2011. № 12 (332). — 98-108 бб.
5. Краснова Г.А., Можаева Г.В. Электронное образование в эпоху цифровой трансформации. Томск: Издательский Дом Томского государственного университета, 2019. – 200 б.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ