Балықтардың экологиясы

0
1701

  Жоспары:\r\nІ. Кіріспе бөлім\r\n1)Су тіршілік ортасына жалпы сипаттама\r\nІІ. Негізгі бөлім\r\n1)Балықтардың тіршілігіне әсер ететін экологиялық факторлар\r\n2)Балықтар миграциясы\r\nІІІ. Қорытынды бөлім\r\n\r\nІ.  Кіріспе бөлім\r\nСу тіршілік ортасына жалпы сипаттама\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Су-көптеген ағзалар үшін ең қолайлы орта болып саналады.
  • \r\n

  • \r\n
    Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық қоспалар кездеседі.
  • \r\n

  • \r\n
    Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұтқырлығы, тығыздығы, тұнықтылығы, оттек пен жарық маңызды рөл атқарады.

    \r\n

    Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар.
  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Суда тіршілік етуге бейімделген азғалар тобы — гидробионттар (грекше «hydor» — су, «biontos» —тіршілік ететін) деп аталады.
  • \r\n

  • \r\n
    Олар судың түрлі тіршілік қабаттарында тіршілік етуге бейімделген
  • \r\n

  • \r\n
    Судың түрлі қабаттары бар: беткісі-планктон, түбі –бентос,  қалың қабаты-  пелагиаль
  • \r\n

  • \r\n
    Судың әр түрлі қабаттарында еркін тіршілік ететін ағзаларды- нектондар деп атаймыз.

    \r\n

    Нектондарға- біз қарастыратын тіршілік иесі балықтар да жатады.
  • \r\n

\r\nІІ. Негізгі бөлім.\r\n\r\n\r\nБалықтардың тіршілігіне әсер ететін негізгі факторлар\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Абиотикалық

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      Тірі организмдерге әсер ететін өлі табиғат факторлары
    • \r\n

    • \r\n
      (химиялық, физикалық)
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Биотикалық

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      Тірі организмге әсер ететін тірі табиғат факторлары
    • \r\n

    • \r\n
      Жыртқыштық, паразитизм, этологиялық, демографиялық т.б
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Антропогендік

    \r\n

    Адамның қатысуымен болатын іс-әрекеттер
  • \r\n

\r\nСу — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады.\r\n\r\nСудың үздіксіз козғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Сонымен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде балықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жабындыларының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады (форель балығы). Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы — қарабалық, сазан тағы басқалары.\r\nСудың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жерге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Мысалы, Норвегия майшабағының личинкалары, Скандинавияньщ батыс жағалауында уылдырықтан шығады да, Гольфстрим ағысының бір саласымен солтүстік шығысқа қарай, 3 ай ішінде жағалаумен 1000 километрдей қашықтыққа ағып келеді.\r\nКөптеген лосось тәрізді балықтардың өмірі негізінен теңіздерде өткенімен уылдырығын ірі өзендердің жоғарғы, ағысы қатты жерлеріне шашады, одан шабақ шығады. Сол шабақтар өзендердің ағысымен пассивті түрде ағып теңіздерге келеді.\r\nСол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың — планктондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болады.\r\n\r\nТемператураның өзгергіштігі\r\n

    \r\n

  • Жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Мысалы, ауаның максимальды температурасы +58° болады (Кіші Азияда), ал минимальды температура —70° (Якутияда). Сонда, ауадағы температураның амплитудасы шамамен 130 градусқа тең болады. Осымен қатар жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тек ауа температурасы әсер етіп қана қоймай, өздері үстінде қозғалып жүретін топырақтың да температурасы әсер етеді. Шөл дала шағылдарының үстіңгі кабатының температурасы жазда + 78 градусқа дейін жететіні анықталған, Осыған қарағанда жер бетінде мекен ететін жануарлар температураның амплитудасы 150° шамасындай жағдайда өмір сүреді.\r\nСудағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондықтан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қарағанда әлде кайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температурасы +50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Мысалы, тісті карптар (Сугріпоdопtiае) тұқымдасына жататын Сургіпоdап тасиІагіиs деп аталатын калифорния балығы. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортгдағы температураның жоғарғы шегі +30, +40 градустанәлде қайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы —2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35—45 градусқа тең болады.\r\nСонымен қатар судың температурасының — тіршілік әрекетінде үлкен маңызы бар екендігін ескерген жөн. Су орталығының температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.\r\nБалықтар “салқын қанды’” жануарларға жатады. Сондықтан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлардың дене температурасындай түрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп отырады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Мысалы, салмағы 105 г болатын карптар тәулігіне 1 кг сал-мағына 10,2 килокаллория жылу шығарса, салмағы 74 г қара торғай 1 кг салмағына тәулігіне 270 килокаллория жылу шыға-рады. Балықтардың тіршілік еткен ортасының және дене тем-пературасының жоғары немесе төмен болуы, олардың жыныс продуктыларының жетілуіне, уылдырықтарының дамуына, қо ректенуіне үлкен әсер етеді. Су температурасының төмендеуі көптеген балықтарды ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Мысалы сазан, қарабалық, бекіре тұқымдастары т. б.
  • \r\n

\r\nГаздардың алмасуы\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Судың жанама әсері балықтардағы газ алмасу құбылысындағы ерекшеліктеріне бакылау жасау арқылы болады. Судың газдарды әсіресе оттегін еріту қабілеті оның температурасы мен тұздылығына кері пропорционал болады. Сонымен қатар судың температурасы артқан сайын балықтардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі.
  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Тіршілігі қалыпты болуы үшін 1литр суда 7-11 см3 оттегі газы болуы керек

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      1. Оттекті өте көп қажет ететіндер
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Тіршілігі қалыпты болуы үшін 1 литр суда 4-7 см3 оттегі газы болуы керек

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      2. Оттекті көп қажет ететіндер
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Тіршілігі қалыпты болуы үшін 0,5 см3 оттегі газы болуы керек

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      4. Оттегі аз болса датіршілік ететіндер
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\n

    \r\n

  • \r\n
    Тіршілігі қалыпты болуы үшін 4 см3 оттегі газы болуы керек

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      3. Оттекті аз мөлшерде қажет ететіндер
    • \r\n

    \r\n

  • \r\n

\r\nСудың қатуы\r\n

    \r\n

  • \r\n
     Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.\r\nМұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететіп омыртқасыздар жатады.\r\nМұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына (қанығуына) үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегі-нің мөлшерлері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы (замор) деп аталады. Сондықтан да, қолда балық өсіретін шаруашылықтарда, балықтарды тұншығудан сақтау үшін, мұзды бірнеше жерден тесіп, суаттар жасайды. Жоғары техникамен қаруланған су бөгеттері бар шаруашылықтарда, арнаулы насостармен (компрессормен) су ішіне ауа үрлейді. Балықтарды тұншығудан сақтайтын биологиялық тәсілдер де бар. Мысалы, балықтар тұншығуға жиірек ұшырайтын Обь өзеніне құндыздар жібереді. Құндыз өзен жағалауынан ін қазады. Олардың індерінің бір аузы құрлықта, екінші аузы суда болады. Сөйтіп су сыртқы ортамен (ауамен) қатысып, оттегіне қанығуына жағдай туады. Обь өзенінің суында гумин қышқылы мен темірдің шала тотығы шамадан көп болғандықтан балықтар жиі түншығуға үшырайды. Темірдің шала тотығы — тотыққа айналу үшін суда еріген оттегін өзіне қосып алады. Ондай оттегінің орнын толтыруға судың бетін тегісгеп жауып жатқан мұз кедергі жасап, балықтарға оттегі жетіспей қырғынға ұшырайды.
  • \r\n

\r\nБалықтардың миграциясы\r\n

    \r\n

  • Басқа организмдер сияқты балықтарда өмірінің әрбір кезеңінде өзі өмір сүрген ортаға әр түрлі талап қояды. Мысалы, уылдырықтарын шашуға бір жағдай керек болса, семіру үшін екінші жағдай, ал қыстап шығу үшін үшінші жағдайды керек етеді. Міне, осындай әрбір тіршілік процесіне қолайлы жағдайды іздеу нәтижесінде, тіршілік еткен ортасын алмастырып, орын ауыстыруға тура келеді. Тіршілік әрекеттеріне қолайлы жағдай іздестіріп, балықтардың орын ауыстыруын — миграция деп атайды.\r\n
  • \r\n

  • \r\n
      \r\n

    • \r\n
      Пассивті миграция-уылдырықтарды шашылған жерінен екінші ауданға ағыс алып барады. Бұндай өрістеу пелагикалық уылдырыққа, личинкаларға, кейде шабақтарға тән.

      \r\n

        \r\n

      • \r\n
        1
      • \r\n

      \r\n

    • \r\n

    \r\n

      \r\n

    • \r\n
      Активті миграция-көбею, тыныс алу, қыстап шығу барысында орын алады. Пассивтіге қарағанда көп кездеседі. Треска, кефалдар, скумбриялар, өзен жыланбалығы осылай жүзіп уылдырық шашатын жеріне жетеді.

      \r\n

    • \r\n

    • \r\n
        \r\n

      • \r\n
        Балықтардың өсуі, жасы және жас белгілері.
      • \r\n

      \r\nБалықтар өскен сайын басқа организмдер сияқты екі түрлі өзгеріс байқалады: біріншіден, пішіні өзгерсе, екіншіден, көлемі мен салмағы да артады. Әдетте бұл екі өзгеріс бір-бірімен тығыз байланысга, бірлестікте (бірлікте) болады.\r\nБұл заддылықтан тыс ерекшеліктердің де байқалуы мүмкін. Мысалы, угрлардың личинкалары жас угрларға айналғанда дене пішіні өзгеріп, көлемі өспейді, салмағы кемиді. Балықтардың өсуі қоректенуіне т. б. байланысты. Жазда тамақтық заттар жеткілікті болғандықтан, балықтар үстеп қоректенеді де тез өседі, ал қыста тамақ аз, пассив коректенуіне байланысты өсуі баяулайды. Өсудің қалыпты болмауы бірсыпыра сүйектері мен қабыршағында шеңбер, сақина тәрізді ізін қалдырады. Жазда дұрыс қоректеніп, қалыпты өскенде пайда болатын сақиналар жалпақ, ал қыста пайда болған сақиналар керісінше жіңішке\r\nболады. Сөйгіп, балықтардың кабыршақтары, скелеттерінің кейбір бөліктеріне қарап жасын ажыратуға болады. М: лосось, майшабақ, тұқы тәрізділердің қабыршағына қарап жасын ажы-ратуға болады.

    • \r\n

    • Балықтардың жасын білудің үлкен теориялық және балық шаруашылығының негізгі проблемаларын шешуде практикалық маңызы зор. Балықтардың жасына анализ жасау балық аулауда артық немесе кем ауланғанын анықтауға мүмкіндік береді. Жас балықтардың сыбағалы салмағының артып, ересек балықтардың салмағы аз болуы артық ауланғанын аңғартады да, керісінше ересек балықтардың проценттік құрамы артық болуы, әлі де болса балық қорын толық пайдалана алмай отырғанын көрсетеді. Мысалы, егер аулаған кезде қаракөздің (Rutilиs гиtіІиsсаsріиs) 7—8 жастағысы ауға түссе, толық ауланбағаны (ол үш жаста жыныстық жетіледі), ал бекіретц (Асірепsег guldепstаdtі) 7—8 жасары түссе артық ауланғаны (бекіре 8—10 жаста толық жетіледі) (Никольский, 1944).
    • \r\n

    • \r\n
        \r\n

      • \r\n
        Арал теңізінің апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі — 1066 км², тереңдігі 30-60 метр, тұздылығы 10-12% болған. Сол кезде жылына 50-150 мың тонна балық ауланып, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

        \r\n

        Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жақсы қамтамасыз етілген болатын. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. Арал теңізінің ихтиофаунасында балықтардың 7 тұқымдасқа бірігетін 20 түрі бар.
      • \r\n

      \r\n

    • \r\n

    • \r\n
        \r\n

      • \r\n
        Балқаш көлінің көлемі — 501 мың км², ұзындығы — 605 км, ені — 9-74 км аралығында. Балқашқа ІлеҚараталАқсуЛепсі өзендері құяды. Көл шөл және шөлейтті аймақта орналасқандықтан, су айдынының булануы өте жоғары. Сондықтан судың деңгейі тез өзгеріп отырады. Соңғы жылдары Балқаш көлінің экологиялық жағдайы өзгере бастады. Балық аулау 50 есеге төмендеп, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтарды Іленің бойындағы егістік, көкөніс алқаптарында пайдаланған пестинидтер, минералды тыңайтқыштар қалдықтары да улауда.
      • \r\n

      • \r\n
        Балқаштың ихтиофаунасы онша бай емес. Онда жыртқыш балықтардан алабұға, көксерке, жайын кездеседі. Құнсыз балықтардан жылына 19206ц балық ауланады.
      • \r\n

      • \r\n
         
      • \r\n

      • Қорытынды бөлім: 
      • \r\n

      • \r\n
          \r\n

        • \r\n
          Соңғы жылдары кәрі Каспийден мұнай өндіру мәселесі қатты қолға алынып жатыр. Пиғылы белгілі – оларға мұнай керек. Және көп мұнай керек. Ал ертең мұнай сора бастағанда теңізіміздің табиғаты не болады? Алтынға парапар бекіре балығы мен қара уылдырық өндіре аламыз ба? Басқа да теңіз жәндіктері қырғынға ұшырамай ма? Айталық, ана жылы итбалықтар қырылды, балықтар да өлді.? Теңіздің жерасты қойнауында байлықтың мол қоры жатқаңына қай жақ та күдіктенбеді.  Сол себепті балық шаруашылығы саласына білікті мамандар керек. Осы бір тіршілік көзін сақтап қалуға бір кісідей атсалысуымыз керек.
        • \r\n

        \r\n

      • \r\n

      \r\n \r\n

    • \r\n
    • \r\n

    • \r\n

      \r\n

    \r\n

  • \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ