Саяси режим. Қазақстан қоғамының ерекшелігі

0
14205

Ғaсырлaр бoйы өркениетіміз,мәдениетіміз сақтала отырып жалғасын тапқан,сол кездегі саясат бүгінгімен салыстырылмайтын кезең деп ойлаймын. Қазақ өркениеті тарихында күні бүгінге дейін түрлі оқиғалар мен өзгерістер орын алған.Осындай жағдайға қарамастан қазақ халқы өз қоғам ерекшелігін,саяси ұстанымын,саяси қағидаларын сонымен бірге өз құндылықтарын сақтап қалған дербес мемлекет деп дөп айта аламын.Саяси режим деген не?Оның маңыздылығы қандай?Тигізер пайдасы көп пе,әлде зияны ма?Міне,осы сауалдарды қоя oтырып өз ойымды нақты әрі кең мағынада жеткізгім келіп отыр.Қазіргі уақытта сaяси түсінікті әрбір адам баласы түсіне әрі біле бермейді.

Ол елдегі өмір сипатын,тәртіп қағидаларын,еркіндік деңгейін сонымен қоса билік басындағы құқықтық қарым-қатынастардың байланысын анықтайды.Саяси режим қоғамда орын алған,функционалды мазмұны маңызды сұрақтарға жауап бере отырып,саясат төрінде ерекше орын алады.Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін,егемендігін алғаннан кейін саяси өмірі,әлеуметтік өмір саласы түбегейлі өзгеріп,ол әлемдік өркениет деңгейінде қайта жаңғырып,қайта құрылып жатыр.Бұрынғы кезеңдегі саяси жағдайға бір көз жүгіртер болсам,ол кездегі«Жеті жарғыны» айтуға болады.Жеті жарғының ең негізгі мақсаты,мазмұны-қазақтың әдет-ғұрып құқықтары болса,екіншіден-қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі-«Қасым ханның қасқа жолына» негізделген болатын.

Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды.Сол кездегі құқықтық қағидалары,саяси жүйесі барлығы да тек өзінің бұйрығымен орындалып,іске асырылды.Әр кезеңнің сыры бөлек,табиғаты басқа болады деп ойлаймын.Ерте заманда көсем,билер ақылымен шешілсе,одан бертін келе ол мәселе үстемделе түсіп,өзгеріс енді,салыстыруға келмейтін дәрежеде дамыды деп айта аламын.Қазіргі кезде сан салалы және күрделі әлемдік жағдай мен саяси жүйе шарттарына айрықша мән беріледі.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев-өз елін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жеткізудің жолын дер кезінде қалыптастыра білген әлем елдеріндегі алғашқы жетекшілердің бірі.Ол терең мәнге ие және Қазақстанның саяси тұрғысы, экономикалық, демократиялық және зайырлы дамыған мемлекет ретінде болашақтағы даму бағыттарын айқындайтын «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынған.Бүгінгі күнде Қазақстандағы саяси жүйе құрылысын тарихи қалыптасқан кезеңдерден іздеп, саяси жүйенің құрылымына ғылыми талдау жасалып,әрі қарай даму үстіндe деп ойлаймын. Құқықтық ойлауда отандық саяси жүйенің мазмұндық жағын анықтайтын конституциялық базасын жүйелеу, ішкі жүйелік қызметтік байланыстарын ескеру өте маңызды әрі дұрыс болып есептеледі.

Саяси өмірдің саласын реттейтін құқықтық нормалардың ішінде ҚР Конституциясының нормалары үлкен маңызға ие, бұл олардың тек біздің мемлекетіміздің құқық жүйесіндегі формалды-заңдық жоғарғы күшке ие болуында ғана емес, сонымен бірге онда саяси жүйеге тəн көптеген жалпы қағидалар бекітілуінде болып келеді. Басқа заңдар мен заңға тəуелді актілердегі нoрмалармен салыстырғанда, конституциялық нормалар аса нақты саяси мазмұнға ие деп ойлаймын. Бірақ,дегенмен нақты шындыққа сай келе бермейтін формалды əрекет етуші конституциялық нормаларға қарап, саяси жүйе туралы ой түюге болмайтынын айта кеткенім жөн.Басқаша айтқанда, заңды конституциядан сол немесе басқа да мемлекетте саяси құрылыстың негізін көрсететін «тірі» конституцияны ажыратa білу тиіс.Қазaқ халқының саяси жүйесі,оның қоғам арасындағы қатынасы,яғни билік басшысының халық арасындағы қатынасы,билік басындағы адамдардың өзара қарым-қатынасы,азамат пен азаматша арасындағы қатынастың барлығын дерлік қамтамасыз етіп,бақылайтын ең маңызды жүйе болып ессептеледі.Билік жүргізуші әлеуметтік топтар бойына дарыған көшбасшылық қасиеті жоғары болса,оның жүйесі де сәйкесінше жүйелі болады деп ойлаймын.Өз ойымды қорытындылай келе,елімізде болып жатқан өзгерістер,жоспарлар барлығы да мемлекеттің дамуы үшін,алға жетелеуі үшін деп білемін.

Елбасымыздың осы бағыттағы саясатын,құрған жоспарларын дұрыс түсіну қажет, оның шын мағынасында уақытша қажеттіліктен туып отырғандығын, біртұтас Қазақ мемлекетін құрудың алғашқы баспалдағында басып өтетін жол екендігін, бірақ біртұтас Қазақ мемлекетін құрып шығудың ұзақ мерзімдік саясаты емес екендігін анық түсінуі, əрі халыққа оны тура түсіндіруі керек деп білемін.Кешегі мен бүгінді ұштастыра отырып салыстыру,тұлпардың қос тізгінін ұстап алға бет бұру әрбір қазақ азаматының борышы.Тәуелсіз елдің ұлы-өжет, қызы-қайратты, халқы-қаhарман-демекші,еліміздің биіктен көрініп,болашағы жарқын болуына бірден-бір себепкері бізбіз. Жарқын,дербес болашақ туын көкке желбірету-жастардың қолында!

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ