Екпе алып миллионер атануға бола ма?

Калифорнияда ковидке қарсы вакцина алған адам миллионер атанғаны рас па?

Әлемді жайлаған індетті жеңу үшін жаппай вакцинациалау жүргізілуде. Екпе салдыруға ерікті түрде келісіп отырған адамдар қарасы көп болғанымен, күмәнмен қарап отырғандар да бар. Бұл мәселенің шешімін шетелдік билік ойлап тапқан. Халықты вакцина салдыруға алып келетін күш Vax-a-Million лотереясы болып табылады. Аталмыш лотереяны Devine компаниясы COVID-19 вакцинасын насихаттау мақсатында бастаған. Кем дегенде бір вакцина алғандар автоматты түрде қатысушылар тізіміне енгізіледі. Ғажап емес пе?

фото жеке архивтенСонымен, миллионер атанған адам кім?  Огайо штатының тұрғыны Эбигей Бугенске бір миллион доллар ұтып алды. Сол күні ол көлік сатып алмақшы болған. 22 жасар қыз дәл сол күні миллионер атанамын деп ойламаған. Лотерея нәтижесінде Эбигей басты ұтысқа ие болды. Өз ұтысының белгілі бір бөлігін көлік алуға, ал қалғанын қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізген.

Оған қоса, оқу орнынына стипендия жеңіп алған бала жайлы айтқан болатынбыз.

Ол – мектеп оқушысы Джозеф Костелло. Жоғарғы оқу орнына  грант жеңіп алған. Стипендия штаттың кез келген университетінде немесе колледжінде оқу ақысын, сондай-ақ төрт жыл бойғы бөлме мен тамақтану ақысын төлейтін болады.

14 жастағы жеткіншек қандай ЖОО-ны таңдайтынын әлі шешпеген. Бірақ, Огайо штатында білім алатыны анық.

Калифорнияда өткізілген алғашқы ұтыс нәтижесінде барлығы он адам сыйлық алады. Бес ересек және бес жасөспірім. Осындай лотереялар біздің елімізде де жалғасын тауып жатыр.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ