Жасанды жапырақтар ауа тазарта алатын болып шықты

0
10500
Freepik.com

  Өсімдіктер — табиғи ауа тазартқыштар. Олар —  көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, фотосинтез арқылы оттегі бөледі.

Өсімдіктер арқылы таза ауамен тыныс алу — адам денсаулығының кепілі. Осыған байланысты жасыл желек қорын молайту басты мәселе саналады. Әлемде бұл мақсатта көптеген әрекет жасалғанымен, нәтижесі сәтсіз болды.  Себебі көмірқышқыл газын түрлендіру үшін асыл металдарды пайдалану тек процесті қымбаттата түсті.

Мәселенің түйінін шешу мақсатында Чикаго қаласындағы Иллинойса  университетінің қызметкерлері 2021 жылғы жаңа технология, оттегі шығару процесінің балама түрі — «жасанды жапырақтарды» жасап шығарды. Зерттеушілер фотосинтез блогының типтік тақтасын алып, оны мембранаға орап, ішіне кәдімгі су құйды. Сұйықтық біртіндеп микропоралар арқылы буланып кетеді. Күн сәулесінің көп болуы мен жылудың күштілігі процесті тездетеді. Атмосферадағы көмірқышқыл газы буланған су молекулаларының орнына түсіп, газ генераторлары үшін дайын отын — көміртегі тотығына айналады. Оттегі жанама өнім ретінде атмосфераға  қайта шығарылады.

Зерттеушілердің айтуынша, жасанды жапырақтар табиғи жапырақтармен салыстырғанда көмірқышқыл газының отынға айналу тиімділігін 10 есе арттыра алады. Сонымен қатар қарапайым өсімдікке тән функцияларды атқарады. Өлшемі 170 те 20см 360 жасанды жапырақтар бір күнде барлық көмірқышқыл газының 10% — ын өзінен 100 метр радиуста сіңіреді. 360 жасанды жапырақтар синтетикалық отын жасау үшін пайдаланылатын шамамен 500 келі көміртегі тотығын шығаруға жеткілікті.

Болашақта жоғарыда аталған мәселе жаңа технологияның арқасында өз шешімін табады.

                                                                                                               

 Сахан Нағима
«Тұран» университеті
Журналистика мамандығының 3 курс студенті 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ