Жұмысқа қабілеттілікті қалай арттыруға болады?

0
9543
Иллюстрация: Freepik.com

 Ғалымдар адамның миы өз мүмкіндіктерінің тек 3-10% — ында жұмыс істейтінін анықтады. Дегенмен біздің миымыз ақпаратты жоғары деңгейде қабылдауға және өңдеуге қабілетті.

Ғалымдардың пікірінше, қалыпты жағдайда ми өзінің әлеуетінің тек 3% — ын пайдаланады, ал үлкен жұмыс, ауыр жұмыс немесе уақыт тапшылығы нәтижесінде мидың өнімділігі 3-тен 10% — ға дейін артады. Егер төтенше жағдай туындаса, мидың белсенділігі ондаған есе артады. Нәтижесінде, адам өзі түсінбестен, қарапайым өмірде өзіне тән емес әрекеттерді орындайды.

Мысалы, егер ит сізді қуып жетсе, биік дуалдан секіресіз. Сонан соң мұндай биіктікті қалай бағындырғаныңызға таң қаласыз. Демек, адамның өнімділігі ми белсенділігімен тікелей байланысты. Cондықтан өнімділік деңгейі де үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, кеше сіз көптеген шұғыл мәселелерді шештіңіз, ал бүгін сізді әріптестердің әңгімелері, дәліздегі шу, ыңғайсыз орындық, аяқ киім, бөтен иістер алаңдатады. Кейде жеке мәселелерге байланысты ештеңе ойыңызға түспейді. Не істеу керек? Сізге әрдайым шұғыл жағдайлар жасау керек емес қой.

Психологиялық құпиялар:

  1. Шоғырланумен жұмыс. Не нәрсеге назар аудару керек?

Тек бір іспен айналысыңыз. Бір уақытта бірнеше істі орындау кезінде ми ақпараттың мұндай көлемін қабылдап үлгермейді. Өйткені біз шашыраймыз, жұмысты сапалы түрде аяқтай алмаймыз, “маңызды нәрсені жіберіп аламыз” деп тәуекелге барамыз. Эксперимент өткізсек. Сол және оң қолыңыздың алғашқы саусақтарын жоғары көтеріңіз. Бір уақытта саусақтарыңызға шоғырланыңыз. Қолыңыздан келе ме? Әрине, жоқ. Себебі шоғырлану — тек бір объектіге назар аудару. Сондықтан бір нәрсені жасай отырып, назар сапасын арттыра аласыз.

Биоритмдер. Адам жұмыс уақытында үнемі көтерілуді немесе күшінің төмендеуін сезінеді. Биоритміңізді бақылап, ең жоғары белсенділік кезінде аса жауапты және шұғыл мәселелерді шешуге тырысыңыз.

Мәселені шешу туралы медитация. Жақсы шоғырлану үшін сыртқы және ішкі тыныштық қажет. Жұмысқа кіріспес бұрын, отырыңыз, демалыңыз, барлық сыртқы ойдан, идеядан, мәселеден арылыңыз. Міндетке қалай қол жеткізуге болатынын, талаптарды қалай орындау керек екенін қарастырыңыз. Сізде қандай ақпарат бар және қайсысын іздеу керек? Оны қайдан іздейсіз? Енді тапсырманы орындауға кірісе аласыз.

Инсайтқа келгіңіз келе ме? Онда жатыңыз! Сіз жатып, қиялдаудың оңай екенін байқаған шығарсыз? Ғалымдардың айтуынша, көлденең позиция көбінесе адамды инсайтқа әкеледі. Мұның бәрі норадреналиннің деңгейі төмендеуінен, ми аймағының белсенділігінен болады. Бұл алаңдаушылықты азайтады және шығармашылық ойлауды белсенді етеді.

  1. Өз-өзіңмен жарыс. Өзіңіздің іс-әрекеттеріңізді бәсекелестік ретінде қарастыра аласыз. Әсіресе өзіңізді мәжбүрлеп, сендіретін істер тізімі болса. Яғни “бүгін мен слайд-шоуды аяқтап қана қоймай, сертификаттау сұрақтарын  үйрене бастаймын, ертең олармен айналысуды жалғастырамын, ал бос уақытымды деректер базасын толтыруға арнай аламын”. Сізде біртіндеп құмарлық пайда болады. Себебі өз көрсеткішіңізді жеңу әрқашан қызық. Бастысы саны мен жылдамдық бойынша асыра сілтемеңіз, денсаулығыңызды күтіңіз.
  2. 3. Хранометраж. Бүкіл жұмыс күніңізді сипаттаңыз, не істегеніңізді және оған қанша уақыт кеткенін жазыңыз. Әдетте, бастапқыда бос жұмсалған уақыттың нәтижесі 50-80%-ды құрайды. Осыған байланысты қорытынды жасауыңыз қажет. Мысалы, интернетке көп уақыт жұмсайтындығыңызды анықтадыңыз. Сіз оны тиімді жұмсайсыз ба немесе өзіңізді шектейтін кез келді ме? Мүмкін жаңа істерді енгізудің уақыты келді?
  3. Марапаттау. Белгілі бір сәтті жұмысыңыз үшін өзіңізді марапаттаңыз. Сіз үшін мотивация болады.

 

Аталған кеңестерге құлақ түріп, кез келген жұмысты орындауға қабілетті болыңыз!

 Сахан Нағима
«Тұран» университеті
Журналистика мамандығының 3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ