Кімді қалай тәрбиелейміз… Гендірлік тәрбие қазаққа қажет пе?

0
9903
блогер

 Нақты   айтар болсақ, бұл саясаттың қазаққа түккеде  қажеті жоқ. Бірақ халық оны бізсізде өз санына салып алған сынды.  Бұл дерт қазаққа ғана емес, кез-келген халыққа қауіпті.

Қаймана қазақ дәстүрінде қабылдамаған жат қлық, ендігі әйелді әйелмен әжуа қылып,ер мен ердің ерсілігін танытты. ІХ ғасырдың екінші жартысында осы сая­сатты ойлап тапқан Батыс қазір осының зардабын тартып отыр. Өз батпағына өзі малынып жатқаны жалған емес.

ХХ ғасырдың басында Еуропаның құлдырауы атты еңбегінде философ Освальд Шпенглер осы жайлы күзде солатын гүлге теңеп анықтама берген еді. Гендерлік саясат арқылы «еркек пен әйелді тең құқылы жасадық», – деп әлемге жар салған Еуропа елдері қазір бармақтарын шайнап, өкініп отыр . Бұл саясаттың жемісін кез келген Еуропаға  барған адам көре алады.                                                                                                                                                                                                                       Көшеде жас бала жоқтың қасы, қаптаған түріктер, цнегрлер мен сығандар, жергілікті халық саусақпен санарлық. Сонымен Европаның менмін деген гендірлік әлеуметтануына сипаттама берейік.Гендерлік әлеуметтану – бұл адамның өз гендерлік рөлін игеру үдерісі. Осы үдеріс арқылы «ер» және «әйел» ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына қатысты құндылықтарды, қажеттіліктерді меңгеруге болады.Бүгінгі таңда «гендер» ұғымы бәріміздің жиі еститін таныс сөзімізге  айналды. Бұл ұғымның әйел мәселесіне байланысты екенін аңғарамыз.

Осы ұғымға терең үңіле қарасақ, «гендер» тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Демек, тепе- теңдіктің өлшемі – ер азамат. Ал әйел ер адамнан кем болмауы тиіс.Осы саясатты қабылда­ма­ған Қытай, Үндістан, көрші­міз Өзбекстан, тағы басқа ел­дер адам санынан тапшы­лық көріп отырған жоқ. Хал­қы­мыздың таби­ға­ты­н­да өкі­­нішке қарай, әсершілдік, өзге жұрттан көргенімізді пай­да-зия­нына қарамасй сол қалпы қабылдайтын әдет бар.

Мәселен, арақ ішу, темекі тарту, есірткі заттарын пай­далану, қыздарымыз тізеден жоғары сандарын жалтыратып жүретін қысқа көйлек кию сияқты салтымызда жоқ келеңсіз нәрселерді тез үйре­ніп ала қойдық.Ол аз болғандай қасиетті Құранға қарсы шығып, гендерлік саясатты елден бұ­рын қабылдай салдық. Қаси­етті Құран Кәрімнің 4-сүресі Ниссаның 33-аятында «Ер­кек­тер әйелдерді билеу­ші. Өйткені Алла, бірін-бірінен артық   қылды…

Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсы­ну­шылар, Алла қорғауға бұ­йыр­ған кө­мескі нәрселерді (абройын) қорғаушылар десе, 31-аятта: «Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбек­терінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тие­сісі өзіне тән» деп соқырға таяқ ұстатқандай айтып бер­ген. Демек әйелдер еркек­терден төмен екенін ұмыт­паулары керек. Құран кәрім­нен аттамайық! Қазір бізде әкесіз өс­кен балалар көп. Олар ер­кектің өмірде алатын ор­нын түсінбей өседі. Олар үшін еркек табыс көзі ға­на.
Осы Құран Кәрімдегі аятқа мән бермей қарсы шыққан елдерде демография өспей, құлдырауда.

Гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, жайлы жағдай және амандық — бұлардың барлығы әрбір әйел үшін абзал міндет.

Біздің елімізде гендерлік саясаттың міндеттеріне мыналар жатады: билік құрылымына әйелдер мен ерлердің тең қатысуы, экономикалық тәуіелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, отбасындағы тең құқықтар мен міндеттер үшін талаптар құру, жыныс белгілері бойынша күштеу бостандығы, біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын шешімдер.Қазіргі таңда гендерлік саясатқа біздің мемлекетімізде аса көңіл аударылуда. Осыған орай отбасылық саясат саласында қандай жетістіктер болды және көкейкесті мәселелер барма, соған тоқталып өтейік.

Гендерлік стратегияны іске асырылған жылдары отбасылық-неке қатынастарында тұрған ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді.Отбасы міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілген. Сонымен қатар, әйелдердің, жүкті әйелдердің және баласы (балалары) бар әйелдердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар да пайда болды.

Осыған орай, балалы отбасыларды қолдау бойынша шаралар кешенінде мемлекет әлеуметтік жәрдемақылар мен көрсетілетін қызметтер арқылы қолдау көрсетеді. Әлеуметтік төлемдер ұсыну жүйесінде бала тууына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге жәрдемақылар, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қамтылған.

2008 жылы жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылған жағдайға сондай-ақ бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен әлеуметтік төлемдер төлеу енгізілген.

Балалардың отбасында тәрбиеленуіне жәрдем көрсету, бала асырап алушылар мен тәрбиелеушілерді материалдық ынталандыру мақсатында жетім балаларды асырап алушы азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім баланы немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырау үшін қорғаншыларға немесе қамқоршыларға арналған жәрдемақы, патронаттық тәрбиелеушілерге төлемдер беріледі.Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында белгілі бір прогреске қол жеткізілді. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Отбасы күні белгіленіп, жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық сайысы өткізіледі, отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық жоспар бекітілді.Шет мемлекеттердің дамуына жүргізілген талдау әлемде отбасылық және гендерлік саясат саласында бірыңғай әмбебап модельдің жоқ екенін көрсетті. Әрбір ел қалыптасқан мемлекеттік басқару, ұлттық ерекшеліктер мен мәдениет жүйесін ескере отырып, өзінің отбасылық және гендерлік саясатын қалыптастырады.

Көріп отырғанымыздай, гендерлік саясат әр елде әрқилы жүзеге асады. Гендерлік саясатты қолдау біздің еліміздеде бірінші орында. Гендерлік саясаттың жүзеге асыруын ілгерілету мақсатында біздің ойымызша әйел адамдарға заңмен қандайда бір жеңілдіктер қарастырылу керек. Мысалы, аяғы ауыр әйел адамдар мен 3 жасқа дейінгі балалары бар әйел адамдарға төрт күндік жұмыс күнін белгілеген дұрыс деп есептейміз. Сонымен қатар ай сайынғы алатын жалақының мөлшері де бес күндік жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалақысымен тең дәрежеде болуы керек. Сәйкесінше осы мәселені еңбек заңнамасының нормасымен бекіту қажет. Осындай жағдайларда әйел адамдарға көмек көрсетілетін болса, еліміздің гендерлік саясаты да ілгерілей түседі деген ойдамыз.

Бәтес Маликқызы
«Тұран» университеті

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ