Бизнес — бұл оңай нәрсе емес. Және бұл бірден және сіз қалағандай болмауы мүмкін. Бұл көп күш пен еңбекті қажет етеді. Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізбен ғана емес, өзіңізбен де жұмыс істеуге тура келеді. Ал бұл бағытта ең алдымен стереотиптерден арылу керек. Стереотиптер – бизнесменнің қас жауы. Стереотиптер дамуымызға және табысқа жетуге кедергі жасайды.
Кәсібін бастап, оны ары қарай өрге домалатқысы келетін адамдарда ең жиі кездесетін стереотиптердің бірі ол: бастапқы капитал, инвестиция және артқа ақша қалдыру. Яғни болашақта кәсібіңде келеңсіздіктер, құрдымға кетушілік орын алса қосымша артыңда қалған ақшаны пайдалану. Бұл үлкен қәтелік.
- Бастапқы капиталға ақша жинап жатқанда, артқа ақша қалдыруды ойланып-толғанып жатқанда, инвесторлар іздестіріп жатқанда сен өз мүмкіндігіңді жіберіп аласың. Кез-келген тәжірибелі, табысты кәсіпкерлер айтады: бірнеше идеяны сынап көріп, жан-жақты қарастырған жеңіске жетеді. Ал бір ғана идеяның табысты болуын күтіп, бір ғана мүмкіндікті қолданатын адам жеңіліске ұшырайды дейді. Сондықтан көптеген кәсіпкерлер жіберетін қателік: ол керек кезде, керек уақытында шешім қабылдай алмау. Өзіңе деген сенімнің аздығы. Белсенді қадамдар жасау және алғашқы ақшаны табу сіздің бизнесіңізді одан әрі дамытуға ынталандырады, ал ұзақ жоспарлау дамудан гөрі, құрдымға кетіреді.
Келесі кездесетін стереотиптердің бірі: «Алдымен – жоғары білім, одан кейін – жұмыс және бизнес.Жоғарғы білімсіз ешнәрсе өнбейді.
- Әрине, білім — бұл жақсы құрал, және жоғары білім алу процесі сізге өзін-өзі тәрбиелеу, көптеген ақпаратты өңдеу және қабылдау, стандартты емес шешімдерді табу, байланыс орнату сияқты дағдыларды береді — бұл бизнест өте пайдалы. Бірақ бұл қарапайым нәрсені бастауға болмайды дегенді білдірмейді. Жоғары мамандандырылған дағдыларды қажет етпейтін көптеген салалар бар. Мысалы, көтерме қоймадан тауарларды сатып алып, оларды бөлшек саудада сәтті өткізу. Кез – келген тауарды арзан бағада алып, қымбатқа өткізу деген сынды. Егер сіз санауды білсеңіз немесе кем дегенде калькуляторды қолдансаңыз, онда бәрі қарапайым түрде дами береді. Сондықтан жоғарғы білімсізде еңбегіңіз өнімді болары анық.
Тағы бір бизнестегі қадам басуды тежейтін стереотиптердің бірі: Бізге дейін ойлап табылған немесе бұндай нәрселер көп қой. Үлкен бәсекелестік болған жерде, оған араласу пайдасыз.
- Көптеген кәсіпкерлердің жүрексінетіні осы нәрсе. Үлкен бәсекелестікке түскісі келмейді, бұған дейін бар PS5 клуб ашу немесе квест ашу деген сынды ойлап табылған нәрсеге барғысы келмеу. Бәсекелестіктің көп болуы – бұл алаңның сұранысқа ие екендігінің белгісі. Сұранысқа ие болу – бұл үлкен табыстың иісі емеспа?! Бәсекелестіктен қорқып ашпай қойғаннан гөрі, бәсекелестерден қалай асып түсетінін анықтау керек. Мүмкін қызметтің жоғары деңгейін немесе өнімнің жетілдірілген нұсқасын ұсынатыну арқылы бәсекелестеріңнен асып түсесің. Сондықтан қорқынышты жеңіп, бәсекелестіктен қорықпау керек.