Windows қолданушылары назарына!

комп

Компьютерден жаңа қалта (папка) ашқанда, оны қалай атасаңыз да өзіңіз білесіз. Бірақ, Microsoft компьютерлерінде бұған қарама-қайшылық бар. Бұлай дейтініміз Microsoft-та жаңадан қалта ашқанда оны «con» деп атауға болмайды. Неге дейсіз ғой? Оның өзіндік тарихы бар.Әлем танитын миллионер Билл Гейтсті танушы ма едіңіз?

1976 жылы Microsoft компаниясының негізін қалаған дәл осы Б.Гейтс болатын. Болашақ миллионер оқушы кезінде өзінефото ғаламтордан қызықсыз пәндерді ысырып қойып, математика пәнін сүйіп оқыған. Сыныптастары оны «con», яғни «оқымысты» деп атап келеке қылған көрінеді. Бұл оқушы Б.Гейтс үшін жағымсыз сөзге айналғандықтан, ол барлық жерде осы сөзден құтылуға тырысқан. Сондықтан да сіз Microsoft компьютерлерінде «con» атауымен қалта аша алмайсыз. Сенбейсіз бе? Өзіңіз көріп көз жеткізсеңіз болады.

Гүлманат Райымбаева


ПІКІР ҚАЛДЫРУ