НАҒАШЫБЕК ҚАПАЛБЕКҰЛЫ ӘҢГІМЕСІНДЕ: КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ БЕЙНЕСІ  

0
1923
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

(«ДОС ЖҮРЕГІ» ШЫҒАРМАСЫ БОЙЫНША)

Аңдатпа

Мақала Нағашыбек Қапалбекұлының «Дос жүрегі» шығармасына негізделе отырып, сондағы кейіпкерлердің бейнесін ашу жайлы. Сол бейнені ашуда кейіпкерлердің кескін- тұлғасына, іс- қыймылына, мінез- құлқына назар аудару қажеттігі. Бейненің ашылуы жазушының қолданар көркемдегіш құралдары мен сөз қолдану ерекшеліктеріне байланысты екенін түсіндіру.

Түйін сөздер: мінез- құлық, көркем бейне, көркемдегіш құралдар, көркем әдебиет стилі, функционалды- стилистика.

В ПОВЕСТИ НАГАШЫБЕКА КАПАЛБЕКОВИЧА: ОБРАЗ ГЕРОЕВ (ПО ПРОИЗВЕДЕНИЮ « ДОС ЖҮРЕГІ «)

Аннотация

Статья основана на произведении Нагашыбека Капалбековича «Дос жүрегі» и посвящена раскрытию образа героев. При раскрытии этого образа необходимо обращать внимание на личность, поступки, поведение героев. Разъяснение того, что раскрытие образа зависит от особенностей использования автором художественных средств и словоупотребления.

Ключевые слова: характер, художественный образ, художественные средства, стиль художественной литературы, функциональная — стилистика.

IN THE STORY OF NAGASHYBEK KAPALBEKULY: THE IMAGE OF HEROES (BASED ON THE WORK » DOS ZHUREGI «)

The article is based on the work of Nagashybek Kapalbekuly “Dos zhuregi” and is devoted to revealing the image of the heroes. When revealing this image, it is necessary to pay attention to the personality, actions, behavior of the characters. Explanation of the fact that the disclosure of the image depends on the peculiarities of the author’s use of artistic means and word usage.

Keywords: character, artistic image, artistic means, style of fiction, functional — stylistics.

 

 

Түркітанушы ғалымдар Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықовтың ғылыми зерттеулеріндегі «Ақиқат сыйы» 12 ғасырдағы өмір сүрген дана ғалым Ахмет Йүгінекидің прозалық және поэтикалық аудармаларындағы еңбектерінде келтірген ойында қайырлы істің кетсе, бәрі кетеді, егер ол келсе, бәрі айналып кетеді,- деген пайымды аудармалары мақаланың негізгі идеясына түрткі болып отыр [10, 84-б.].

Зерттеуші ғалым Ыбырайым Ә. О. көркем әдебиет стилі функционалды стилистиканың қоғамға қызмет ететін тіл екендігін өз кезінде стилистика және редакциялауға арналған оқу құралында айтып өтуге болады. Осы тұрғыда «Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз- ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер» [1, 83-б.]. Қаламгер өз шығармасында ерекше тұлғалық бейнені суреттеуге тырысады. Қандай ойдың, парасаттың биіктігі болса, шығарма тілі соншалықты дара жазылады. « Әдебиетте адамның көркем бейнесін жасағанда, жазушы оның кескін- тұлғасын, іс- әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешіліктерін танытатын типтік сипаттарымен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді де байқалатындай етіп суреттейді» [2].

«Ойдың, сезімдегі образы арқылы айрықша бейнелейтін ұшқыр ойдың көрінісі- көркем прозада бейнелеу тәсілінің образ құрылысына композициялық ерекшелік авторлық дара қатысымға байланысты болады» [1, 87-б.].

Мысалы Н. Қапалбекұлының Дос жүрегі әңгімесінде: « Ермектің түр-тұрпатын көріп күліп жібердім, ол қысылып, кепкісін шеше қойды. Қазандай басындағы анау-мынауға көнбес жылқының қылындай қайратты қара шашын ұстарамен тап-тақыр сыпыртып тастапты. Айырдай  қолымен сол үрленген қарындай жалтыраған басын әлсін-әлсін сипалай береді» [3, 161-б.]. Демек, автордың бірінші жақта баяндау ерекшелігі оқырманды өзіне бірден баурап алуы, айтар образдың қасына апарып қоюы ерекше даралықты, қатысымды көрсетеді. Бұдан оқырман мен автордың кейіпкердің ортақ іске теңдей келуі ешқандай шексіз байланысқа түсіретін көркем бейнені тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

Көркем әдебиет тілі- талантты жазушының көркем бейнені жасау құралына айналғанынкөреміз.

Зерттеуші ғалымдар Д. Н. Шмелевпен Н. М. Шанскийдің негізгі ойы да, Л. Ю. Максимовпен Н. А. Мещерскийдің көрсетулері бойынша, әдеби көркем тілдің мәртебесін функционалдыстильдерде мүмкін емес дейді [1, 87-б.]. Бұл ойға қарсы келген ғалым Б. Н. Головин, басқада ғалымдар сияқты, стильдерді әлеуметтік әрекеттің типтеріне, сана (ойлау) жұмысының типтеріне, шындықтың функционалды аспектілеріне (тіл мен шындықтың өзара әрекеттесімі жағынан), қарым-қатынас жағдайларына сондай-ақ сөйлеу құрылымдарымен стильдердің типті құйымдарына қатынасына қарай көркем әдебиет тілі «басқа стильдермен қатар», ол басқа стильдерді өзіне сіңіріп алмайды және әдеби тіл шегінен шықпайды деп есептейді [1, 87-б.].

«Тіл ішіндегі тіл» деген анықтамаға, көптеген ғалымдар стилистикада әдеби тілдің ерекше түр мәртебесінде қаралады деп санайды. Ол өзге стильді сіңіріп алмайды, өзінің шекарасынан шықпайды. « Көркем бейнеге тән типті және даралық сипат- ерекшеліктері- тұтас ұғым. Кейіпкердің іс- әрекетіндегі, мінезіндегі көптеген жекелік- сипат белгілер өзінің даралық, нақтылық қалпын сақтай отырып, типтік мағынаға да ие бола алады» [2].

Мысалы Н. Қапалбекұлының Дос жүрегі әңгімесінде автор былай береді: «Ол кеткеннен кейін де  көпке  дейін бір  көңілді  әуен сәулесі көкірегіме қанат  жайып,  сүйсіне жадырайтыным бар. Сол  дәудірлеген  Ермектің  бүгінгі  келісінен  кейін, қайта  елі  көшкен  күзгі  жайлауда  жалғыз қалғандай  құлазыдым  кеп» [3, 162-б.]. Жоғарыда аталған дәлелге сәйкес автор даралық сипат ерекшелігін кейіпкердің іс әрекетімен мінезіндегі достық қатынасы сыйласымын өте өткір сезім көлеңкесінде бере алған.

Себебі: Ермек Қайыркеннің Таңатқа ренішін сезеді, бірақ автор палата есігінен шығып бара жатып, естілер естілмес бәсең дауыспен Таңаттың Қаратауға қайтып кеткендігін сыбырмен айтып кетеді. Автор іле шала Ермектің үстінен бензин шығып кеткендігін бірден осы жерде қозғайды. Бұл автордың Таңатқа деген ренішін «бензин» сөзімен алмастырып, ішті өрттеп жіберуге даяр екендігін шығарма басталмай жатып, өкпесін көрсетеді. Әрине, бұдан қоғамға қызмет ететін функционалды-стилистиканың бір түрі көркем әдебеиет тілі екендігін аңғарамыз. Автордың бұл әсерлеп беруі ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлының зертеулеріндегі меңзеуі екендігін көрсетеді. «Тілдің міндеті- ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын… Сондықтан сөзден жасап, сөз шығару деген әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың да сөздері бәрі бірдей жақсы бола бермейді» [4]. бұдан Н.Қапалбекұлыныңақылдың аңдауын, қиялдың меңзеуін, көңілдің түйінін, тілді түйгенінше жұмсай білетін адам екендігін аңғаруға болады.

Көркем әдебиет стилінің мақсаты- тілдік құралдарды пайдалану арқылы бейне образ жасау. Соған орай, онда сөйлеудің көркемдік, экспрессивті- эмоционалдық бояулары кең қолданылады дейді [1, 86-б.]. Кейіпкер бейнесін ашуда оның мінезімен қылығына да мән беру айрықша маңызды. С. Қирабаев, Р. Тұрысбек және Б. Құндақбаев секілді профессорлардың еңбектерінде Ж. Аймауытұлының шығармашылығы мен соларға жүргізген зерттеулері жайында жазса, профессор А. Ақажанова да адам қылығын бақылау туралы зерттеген Ж. Аймауытұлы еңбектеріндегі ойды жүйелеп, қадағалап, назарда байқап отыруды, сонымен бірге ол амалдарғаәсер беретін сыртқы жағдайлардың өзгешілігін және бақыланушының ішінде болып жатқан қызмет ағымдарын қарастыру екендігін айқындаған [5, 42-б.]. Демек, таңдалған зерттеу объектінің ішіндегі назарда тұрған кейіпкерлерді бақылау. Автор шығармасында өз өміріне ғана емес, өзгенің өміріне де бақылау жүргізгендігін байқауға болады. Сол замандағы, қоғамдағы адамдардың бейнесін бақылау, саралау, нәтижесін беру осы шығарманың негізіне арқау болады. Ендеше, шығармада бірден көзге түскен, алайда жағымсыз тұсынан байқалған Таңатты ерекше бөліп, баса айту керек.

Мұндағы Таңаттың бар айтқаны ол өзінің жеке басында болып жатқан жағдайлары туралы. Мысалға осы фрагментті қарастырып көрелік: «Өзімізден бір класс  қана төмен  оқыған, кезінде  шалбар киіп жаяу  жарысқа  түсіп  жүретін Сәбира  деген қызға  ғашықтығын жазады, оқуының  қиындығын, “Сопромат” дегеннің  миына  кірмейтініне  қиналады, стипендия  ала алмай, жағдайының  ауырлығын  айтады. Баяғы тоғызыншы  кластағы  алған  пальтосы қысқарып кетсе де  әлі киіп жүргенін, оқу бітірген соң  күреп ақша табатынын жыр қылады: “Сен білесің бе, геологтар бір айда мың сомға  дейін  табады екен, егер қазба байлық тауып қалсаң, ақшаның астында қалдым дей бер” дейді қиялдап» [3, 163-б.]. Демек, кейіпкер Эгоист болғаны. « Эгоизм (өзімшілдік) – басқалардың мүддесімен санаспайтын, тек өз мүддесін ғана көздеуді көрсететін адамның жеке бастық теріс қасиеті» [6]. Таңат бірде бір рет досының жағдайы жайлы сұрамағанын анық байқаймыз. Бұл да эгоистік (өзімшілдік) мінездің белгісі. « Өзімшілдік- адамның басқа адамдардың мүмкіншілдіктерімен және қызығушылықтарымен санаспай, тек өзінің жағдайын түзеуге тырысатынын көрсететін мінездің жақтары» [6].

Біз бақыланушының, яғни кейіпкердің бойындағы мінезін, амалын анықтадық. Ендігі кезек сол мінездің, амалдың танылу себебі немесе соның пайда болуына әсер берген сыртқы жағдай: Бірінші тараптан отбасындағы бір түйір бала болса, екінші тараптан балаға ата-анасының берген әсерімен тәрбиесі. Осыған дәлелдеме: «Жеңіс мерекесі күні сендердің  үйлену  тойларың  болды.  Кәрі әке-шешең  сүйектері  сыртылдап жалғыз буаз сиырын  былтырғы торпағымен қосып,  Ұзынағаштағы базарға  сатып, пұл жасап, ел  қатарлы  тойыңды  өткізді» [3, 164-б.]. Ата-ананың мұндай жағдайға бару себебі: бір жерінен «Жұрт не дейді?» деген басқалардың ойына тәуелділік болса, «Басқаның ойына тәуелді болу- психологиялық күй. Нақтырақ айтар болсақ, адамға өзіне керекті емес, өзге жұртқа қажет дүниені істеткізетін, айтқызатын психологиялық қысым» [7]. бір жерінен баласына деген шын махаббаты мен жанашырлығы. Бұны ата-аналық борыш дейміз. «Борыш- тұлғаның өзге адамдармен қоғам алдындағы жауапкершілігі, міндеті, парызы» [6]. Дәстүрлі түсінік бойынша, баласы дүниеге келгеннен бастап, бағып- қағу, қажеттіліктерін қамтамасыз ету ата- ананың мойнында, ал қартайған шақта ата-анаға қамқор болу бала борышы болып есептелінеді [6].

«Көркем сөйлеуде түрлі тілдік бірліктердің метафоралығы мен бейнелігі жиі байқалады да, онда синонимдердің, көп мағыналықтың, лексиканың түрлі стилистикалық қабаттарының бар мүмкіндіктері жиі қолданады» [1, 87-б.]. Мысалға: « Қолында  қолатыры белі  үзіліп кете сақтап,  бізге сыңқ-сыңқ еркелей Сәбираның күлгені  қандай! Кеудесі  аяққаптай  Таңаттың  “О, бауырларым” деп қапсыра құшағына   алғаны қандай  десеңші?..» [3, 165-б.]. Автордың сипаттауында оның өмірі күнделікті ауыл күрбелең тіршілігімен өтуде, бірақ күншуақты Сенбіде, аялдамада сары автобусты күту қуаныштың символы іспеттес. Себебі: Таңаттың қаладан оралар күні оларға кішігірім мереке. Осындағы « Аяққап- Ертеде көшкен үйдің ыдыс-аяқ салатын киіз қабы» [6]. Автор Таңаттың кеудесін дәл осы аяққаптай кең екендігін, құшағына бірден екі адамды алардай үлкен екендігін көрсетеді. Қасындағы Сәбираның «белі үзіліп» дегенінен оның нәзік, арықша келгенін ұғынамыз. Автордың лексикадағы тілдік бірліктердің, соның ішінде синонимдер мен көпмағыналықты дұрыс бағытта бере алауы, бізге көз алдымызға кейіпкер түр-сипатын елестету мүмкіндігін сыйлайды.

«Бұрын мұндайда  “Апырай солай ма?” деп таңданып, ежіктеп  қайта  сұрап  жататын Таңат, бипазданып,  жерді өкшесімен  қазып  қозғалатын мінез тапқан» [3, 165-б.]. Автор Қайыркенмен Ермектің жанталасып ауылдың бітпейтін хикаяларына Таңаттың бұрынғыдай тамсана тындайтын қылығы, үйленгеннен кейінгі салқындау, жабық мінезімен алмасқанын меңзейді. Бұл дегеніміз адамның көп жағдайда үйленгеннен кейін мінезінің ауысуын көрсетеді. Джорджия университетіндегі психология кафедрасының доценті Джастин Лавнердің айтуынша: «Понятно, что молодожены акцентируются на своих отношениях, уделяя меньше внимания друзьям и коллегам» деген болатын [8]. Шығармадағы осы үзіндіге назар аударсақ: «Одан әлгі  Серіктің  ала бас  сиыры  егіз ұрғашы  бұзау  туғанын, аттестат  ала сап Рәсілдің  қызы күйеуге  қашып  кеткені  сияқты, жамырап, бітпейтін  ауыл хикаяларын  соғамыз» [3, 165-б. ]. осындағыАуыл әңгімелерін жанды, табиғи түрде көрсету үшін сол кездің адамдарының бейнесін беруде, сол арқылы Серіктің малшы екенін, Рәсілдің қызы жеңілтек екенін аңғарамыз. « Жеңілтектік- адам мінезіндегі ұшқалақ, дәйексіз, жеңілдікті білдіретін сипаттары. Ж. Мінез жеке адамның іс- әрекетінде, адамдармен қарым-қатынаста әрбір істің мәнжайына ой жіберіп, терең ойламай жай түрде қарайтын асығыс ой түйетін өзіндік ерекшелігі» [ 9, 216-б.].

Зерттеуші ғалым Ыбырайым Ә.О айтқанындай сөйлеудің жандылығымен табиғилығы көрсеткішін алу үшін ауыз екі сөйлеу тілінің бөлшектері де қолданылады [ 1, 86-б.]. Дәл сол ауыз-екі сөйлеу тілінің бөлшектерін қосқанда, біз кейіпкерлердің ашық эмоционалды айқындығы мен бейнесін аламыз [1, 86-б.]. Мысалға: шығармадағы Сәбираның айтқан сөздерінен оның ерке қылықты, адамды өзіне баурағыш, «сыңқ- сыңқ» күлгенінен қу мінезді, «бүкіл иығын көмілдіріп шашын тарайды» десе ұзын шашты жанды елестету оңайға соқтырады.

Автордың атынан баяндау, автор өзі енгізген «сөйлеуші тұлға» әңгімелеуші тарапынан жүргізіледі. Кейіпкердің белгілі бір идеялық-көркемдік міндеттерімен бірге, белгілі дәрежеде автордың өзі де көрінеді [1, 94-б.]. Шығармада да автор көп жағдайда әңгімеленуші тарапынан бір көрінсе, кейіпкер тарапынан тағы бір көрінеді. Мысалы: анасынан айырылғандығын, артынан бес бала қалғандарын көркемдегіш құралдарды қолдана отырып жазғанда, автордың эмоцияларын сезініп, жағдайының мүшкілдігін байқаймыз. Жағдайат бірден бірнеше кейіпкердің бейнесін ашады. Мысалы: шешенің үй ошағы секілді жылу, мейірімі бірден көрінсе, әкенің жасы келген, оның үстіне сырқаты бар кісі екенін ұғынамыз. Оқиғаның отбасы мүшелеріне аяқастынан түскендігінен ешқайсына оңай болмады, әсіресе әкесінің жағдайы әсерлеп, оқырманды осы көріністі көз алдына елестете аларлықтай жеткізген. Мысалы:«Әншейінде  алдындағы  асын  әзер алып ішіп жүрген әкем тіпті  божырап, бой-бойы шығып, сәл нәрсе болды көзін жасқа шылайды» [3, 167-б.].

Жағдайларының одан әрі күрделенуі зоотехник Құсбектің әңгімеде келгенімен өрбиді. « Салым-салымы шыққан  әкем  мөлиіп  кете  барған. Адамды  бір сүріндірмесін де, шешем өліп, қайғымыз  басымыздан  асып жатқанда  әкеме  сиырға мініске берген, колхоздың құйрық-жалдан жұрдай  арық сары аты жоғалды» [3, 167-б.]. Себебі: анасынан айырылғандығы аздай, сиыр құнын сұраған Құсбектің келуі, Колхоздың сары арық атының жоғалуы қарбаласып жағдайларының мүшкілдігін көрсетті.

«Кекірейген Құсбек  сүйегін сыртынан санап алуға болатын ыңыршағы шыққан сиырының  етін де, терісін де  алмай: -Күніне екі шелек күрпілдетіп тұрып сүт беретін сиырым еді, құны-жеті жүз сом! Тауып  әкеп бер! – деп  зіркілдеп отырып  алсын жер  тепкілеп» [3, 167-б.]. Осындағы Құсбектің арам ойлы, тәкаппар адам екенін көреміз. Демек, кейіпкердің анық көрінуі- «төл сөзде» яғни, диалог, монолог жүзінде жүзеге асады [1, 95-б.].

Келесі шығарманың үзіндісіне мән бесрек: «Әсіресе әлі  тілі шықпаған  екіден жаңа асқан  Фарида,  шешемнің сүт кенже  ерке қызы —  бір жыласа көзінен бүртік-бүртік  жас сорғалап қане  тиылсашы,  тек апаммен жатып, апаммен  бірге тұратын, енді сол  иісті аңсап жүр-ау сәби  көңілі» [3, 170-б.]. Мұнда «ортақ төл сөз» көмегімен кейіпкер баяндалуда, яғни «ортақ төл сөз» бізде үшінші жақта беріледі. Біз кейіпкердің ауызынан емшек сүті кетпеген, анасына деген сағынышын білдіріп жатқан сәби екенін ғана аңғармай, авторға да бұл сезім ортақ, таныс екенін түсіне аламыз. Себебі: «ортақ төл сөз кейіпкер мен авторға ортақ ой, сезімдерді береді» [1, 96-б.].

Кейіпкерден айқын бейне алу төл сөз арқылы жүзеге асады дегеніміздей [1, 95-б.]. Керісінше, диалог арқылы басқа кейіпкер бейнесін аша аламыз. Мысалға: Қайыркенмен Таңаттың арасындағы диалогі кезінде Болғанбаевтың бейнесі ашылуда. Сол арқылы Болғанбаевтың ұсақ, мейірімсіз, қатыгез, екі жүзді, байлық құмар деп мінез жағынан айтсақ, бет келбеті жағынан «шегір көзді шикіл сары толық кісі» деп сипаттайды. Дәл осы диалогтан Жорик есімді ұлының да жағымсыз қасиеттері байқалады. «Жоригі жүрісі сұйық бала, өзі сатып жіберуі мүмкін» [3, 175-б.]. дегеннен, оны ерке, сотқар, даңғой бала дейміз.

Құрылыс учаскесінің прорабы Иван Иванович Бейруттың «сіріңке қара» десе қара-торы, арықша келгенін елестете алсақ, «темекіден тісі сап-сары болған» дегенде шылымды көп тартатын кісі екенін түсінеміз. Түсінігі мол, мейірімді жан деп мына үзіндіге қарап айта аламыз: «-Жағдайың ауыр екені рас. Арыз жаз давай. Қысқа отын керек шығар, оны да жаздырып ала ғой,- деп қазақша судай ағып, ақтарылып түсті» [3, 182-б.].  Ендеше, төл сөз стилистикалық, тілдік және графикалық белгілері жағынан ерекшеленіп тұрады [1, 95-б.].

«Автор оқырманға көркем бейне арқылы әсер етуге тырысады. Тілдің көркемдік бейнелегіштік құралдарын өзінше құбылтып, өз мақсаттарына сай пайдаланады» [1, 90-б.]. Осыған мысал: «Келіншегім де дәрігер болғасын ба жиіркенбей, тыжырынбай, асты-үстін  тазалап, уақтылы  дәрісін егіп тұрады» [3, 185-б.].

Айтылғандардың барлығын жалпыласақ, алдымызға қойылған зерттеу мақсатымыз: шығармадағы кейіпкелердің мінезін, іс-әрекетін, кескін- тұлғасын танытуын саралап, кейіпкер бейнесін аша алу, онымен қоса автордың көркем әдеби тілде қалай жазғанын көрсетуіне қол жеткізе алдық дегім келеді. Шығарма бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесінде: Біз кейіпкер бейнесін ашуда бірден екі затты қарастырдық, біріншісі кейіпкердің бет-келбеті, екіншісі мінезі және оған әсер еткен сыртқы жағдай. Сонымен бірге шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашуда автордың көркем әдеби тілді қолдана алуы маңызды бөлшек десек болады. Себебі: Зерттеуші ғалым Ыбырайым Ә. О. зерттеулеріне негізделсек, әдеби шығарманың негізгі құралы- тіл екенін ұғынып, тұлға бейнесін ашуда жазушының шеберлігіне, халықтық тіл байлығын білгеніне байланысты болғанынан, оны қолдана алу, шебер суреттей білуіне тікелей бағыныштылығын көреміз [1, 90-б.].

Ғабиден Мұстафин айтып кеткендей: «Тіл қаруы- сөз, сөз қаруы- ой. Ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғары қасиеті» [11]. Демек, Нағашыбек Қапалбекұлының терең, ұшқыр ойын әсерлеп жеткізе алуы, оның қаламгер ретіндегі- жақсы көрінісін аңғартады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ыбырайым Ə.О. Стилистика жəне редакциялау: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2014 . 240 б.
  2. https://znanija.com/task/38158682
  3. Қапалбекұлы Н. Ақ шымылдық.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» баспасы, 2009.- 384 б.
  4. А. Байтұрсынұлы Шығармалары. –Алматы, 1989. 141-б.
  5. Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия/ Араб жазуынан көшірген А. Ақажанова.- Алматы: Рауан, 1995.- 321 б.
  6. https://sozdikqor.kz/sozdik/?id=39
  7. https://syrlasu.kz/jurt-ne-deidi-ozgenin-oyina-taueldi-bolmanyz
  8. https://www.elle.ru/otnosheniya/psikho/tolko-posle-svadby-kak-brak-menyaet-lichnost-id6785041/
  9. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.
  10. Ә. Құрышжанов, Б. Сағындықов «Ақиқат сыйы». – Алматы: 1985.- 150 б.

 

Орындаған: Абен Балдана Маратқызы

Алматы қ. «Тұран» университеті

Ғылыми жетекші:  Тулекова Гүлжан Қажымұратқызы

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ