Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң нотариатты реттеу саласындағы құзыретi

0
603

 \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:\r\n\r\n1) Аумақтық әдiлет органдарының нотариустардың халыққа құқықтық қызмет көрсету саласындағы заңдылықты ұйымдастыру мен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметiне басшылықты, оны үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады;\r\n\r\n2) Нотариустардың Нотариаттық iс-әрекеттердi жасау тәртiбi туралы нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;\r\n\r\n3) Қазақстан Республикасының архивтер және құжаттаманы басқарушы уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсу арқылы нотариаттық iс жүргiзу жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi және бекiтедi;\r\n\r\n4) Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын лауазымды адамдарын аттестациялау туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;\r\n\r\n5) Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;\r\n\r\n6) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтедi;\r\n\r\n7) Жекеше нотариустарды есеп алып тiркеу тәртiбi туралы ереже әзiрлейдi және бекiтедi;\r\n\r\n7-1) әрбiр нотариаттық округ бойынша нотариустардың санын бекiтедi;\r\n\r\n8) нотариат мәселелерi бойынша әдiстемелiк, нұсқамалық және түсiндiрмелiк материалдар әзiрлейдi;\r\n\r\n9) Нотариустардың қызметiн лицензиялайды;\r\n\r\n10) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi және лицензия берiлген адамдар туралы мәлiметтердi ведомстволық баспа басылымында жариялайды;\r\n\r\n11) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны тоқтата тұру және оның күшiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, сондай-ақ нотариустардың лицензияларын одан айыру туралы талаптарға бастамашылық етедi;\r\n\r\n12) Нотариаттық iс-әрекеттердi, нотариаттық куәлiктер мен қаулыларды, мәмiлелердегi және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларын тiркеу тiзiлiмдерiнiң нысанын белгiлейдi;\r\n\r\n13) Жеке практикамен айналысатын нотариустардың аттестациядан өту тәртiбiн бекiтедi;\r\n\r\n14) Республикалық нотариаттық палатаның келiсiмi бойынша нотариустардың қызметiн бақылау тәртiбiн бекiтедi;\r\n\r\n15) Кадрлық резерв және нотариустың бос лауазымына орналасуға конкурс өткiзу туралы ереженi бекiтедi;\r\n\r\n16)  «Нотариат туралы» Заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде нотариаттық қызметтi реттеудi жүзеге асырады.\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ