Құны азаймаған – «Оян қазақ»

0
901

Міржақып Дулатұлы – қазақ тарихындағы шоқтығы биік тұлғалардың бірі. Өмірінің соңына дейін, қазақтың болашағы мен тағдыры үшін күресіп өткен болатын. Бірақ та, «Міржақыптың образы мен шынайы бейнесі сәйкес келеді ме?», осы сұрақтың жауабын іздеп көрелік. Фильмнен біз Міржақыптың қайтпас қайсар мінезін, тайсалмай тік сөйлеуін, елі үшін шынайы жанашырлығын байқай аламыз. Расында бұл мінез Міржақыптың образын аша алды. Оған дәлел ретінде 1913 жылы құрылған «Қазақ» газетін айта аламыз. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының басшылығымен жасалған бұл газет, сол уақытта үлкен танымалдылыққа ие болды. Оның бірден-бір себебі, Міржақыптың мақалалары болатын. Өткір мінезділігімен, өзекті тақырыптарымен және жазу ерекшелігінің арқасында, «Қазақ» газеті танылды. Түйіндей келе, Міржақыптың образы мен тарихи бейнесі сәйкес келеді, деп, дөп басып айта аламыз. Келесі мәселе, «Оян қазақ» фильмінде көтерілген мәселелер. Менің ойымша, «Оян қазақ» фильмінде, үкімет тарапынан көрсетілген қысымнан бұрын, жалпы идея қазақтың көзін ашу, яғни білім мәселесі болды. Өлеңнің өзіне мән беріп қарар болсақ, қазақтарды білім алуға, сауатты болуға шақыратындығын түсінуге болады. Сонымен қатар көркем туындыда, әлі күнге дейін жарасы жазылмаған, қазақтың-қазаққа деген сатқындығын бейнелейді. Ішіндегі көреалмаушылығының кесірінен, өзінің қазақ бауырын орыстың алдына жығып береді. Не болмаса, «жеп қалсам», «ішіп қалсам», «көріп қалсам», деген, нәпсінің қалауын қанағаттандыру үшін, бірінің атын бірі жамылып, айламен өмір сүргендерді де көрсетті. Расында бұл жағдайларды жоққа шығара алмаймыз. Себебі, сол заманда қазақтың аяғынан шалған, тек өзіміздің қазақ болды. Осынау бір үлкен мәселені «Оян қазақ» фильмінде көркем түрде көрсете алды.

Қорытындылай келе, «Оян қазақ» фильмі, қазақ кинемотографиясындағы тарихи фильмдердің көшін бастап тұр десек, артық айтпаймыз. Тарихи деректер мен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, халықтың рухын көтеріп, өз өткенімен мақтанатындай дәрежеге жеткізу – үлкен шеберлік. Сонымен қатар ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита қызметі мен өміріне қаьтысты нақты тарихи деректер негізінде Қазақстан тарихы пәнінің лекция курсында тарихи деректерді де талдадық.

 

Будайбекова Жанерке

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің

1-курс студенті

Жетекшісі: Хасанаева Л.М.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ