1-11 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

0
2272
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

1-11 сыныптарға арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынының сценарийі

Фанфар.  Жүргізушілер шығады:

  1. Жүргiзуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
  2. Жүргізуші: Қош келдіңіздер, соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиынымызға келген қадірменді қонақтар мен жиналған қауым.
  3. Жүргiзуші: Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 40 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.
  4. Жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау салтанатты жиыны «Болашақ – жастардікі!» тақырыбында өтпек, өйткені Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды – «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Жастар, олар – Қазақстанның он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары болып есептеледі.

    1. Жүргізуші: Елбасымыз жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар бергені белгілі, өйткені жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Яғни, Қазақстанның болашағы бүгінгі шәкірт, ертеңгі маманның қолында.

2.Жүргізуші: Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «7-20-25», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр.

1.Жүргізуші: Мемлекетіміздегі жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген.

2. Жүргізуші: Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор. Ендеше сіздердің қошеметтеріңізбен 2018 — 2019 оқу жылының бітіруші түлектерін құрметпен ортаға шақырамыз.

1.Жүргізуші: Қарсы алыңыздар, 11 «а» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Асқарова Әлия Серікболатқызы. Сыныпта 20 оқушы. Олардың ішінде: жеңіл атлетикадан ҚР 7 дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың 4 дүркін чемпионы, спорт шебері Керимова Мадина, Көгалдағы хоккейден ҚР – ның чемпионы, спорт шебері, ҚР-ның құрама командасының мүшесі Ілияс Аружан және республикалық, облыстық пән олимпиадалар, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен мектеп белсенділері Санатқызы Гүлзат, Долқын Ақнар, Сулейменова Данагүл, Қайратқызы Аружан, , Молдабай Баян, Илибаева Аяулым, Сарсет Айбике, Нұртілеуова Аружан, Әділхан Дильназ,Қадыр Құтбек, Будырбай Жанболат, Русланұлы Темірлан .

2.Жүргізуші: -Қарсы алыңыздар, 11 «ә» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Байсалхан Гүлназ. Сыныпта 20 оқушы. Олардың ішінде: «Алтын белгі» үміткері – Жанатбек Ақерке, «Үздік аттестат» үміткері – Орманова Риза, сонымен қатар республикалық, облыстық пән олимпиадалары, түрлі байқаулардың жеңімпаздары мен мектеп белсенділері: Мұратханқызы Қарлығаш, Нұрғалымқызы Маржан, Қанатханов Қуаныш, Қуандық Альмира, Айнабекова Әйгерім, Абайханова Тахмина.

  1. Жүргізуші: Арыстандай айбатты,

    Жолбарыстай қайратты –
    Қырандай күштi қанатты.
    Мен жастарға сенемiн! – деп Мағжан атамыз жырлағандай, әр заманда халқымыз болашақ жастардың қолында деп, үлкен үміт күткен.

2.Жүргізуші: Міне биыл жастар жылы аталды.
Қазақ елім жаңғыруға бет алды.
Енді сірә,тоқтата алмас ешбір күш,
Жібітеміз қиын менен қаталды.

Түлектерімізге сәттілік тілей отырып, мерекелік жиынымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! 

Гимн

1.Жүргізуші: Мерекелік жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтейік:

1.Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Сырым Алишер:

2.Қалалық білім бөлімінің маманы -__________________________________________________________

3.Еркін ауылдық округінің әкімі Матаев Қайрат Замантайұлы;

4.Қалалық мәслихат депутаты, мектебіміздің демеушісі Ақажанов Темірболат аға;

5.Қамқоршылық кеңестің төрайымы Омарова Мариям апай;

6.__________________________________________________________

2.Жүргізуші: Қәне, жастар, бір жұдырық болайық.
Өзге елдің көшінен біз қалмайық.
Жастар жылы аталынбас тектен тек,
Бар дүние көз тігердей қылайық! –– дей отырып алғашқы сөзді мектебіміздің директоры ———————— береміз.

  1. Жүргізуші:

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық жар салайық.

Биылғы жетістігі мол түлектерді,

Құрметпенен қол соғып қарсы алайық.

2018-2019 оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларды марапаттауға Құрмашев Бекзат Жанатбекұлы мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шакерова Гүлбаршын Махмудқызын ортаға шақырамыз.

(үздіктерге грамота беріледі) Музыка қоя

  1. Жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіңіз де,
    Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
    Сөз берейік құрметпен өзіңізге,
    Шәкірттерге арналсын тілегіңіз — дей келе сөз кезегі __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________беріледі.
2.Жүргізуші: Республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты, Республикалық «Сарын» өнер байқауының І орын иегері, мектебіміздің «Үкілі домбыра» домбырашылар ансамбілін қарсы алыңыздар. Жетекшісі — Муксатова Қалдыгүл Мырзахметқызы, Сейтек , күй

«Той бастар», орындайтын «Үкілі домбыра» ансамбілі, қабыл

алыңыздар!

  1. Жүргізуші: Ұстазсыз шәкірттерге бақ келген бе?
    Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
    Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
    Сөз кезегі — жетекші бапкерлерде.

Ортаға 11а сыныбының сынып жетекшісі Асқарова Алия Серікболатқызын оқушыларымен бірге қошеметпен ортаға шақырамыз. Сөз кезегі өздеріңізде құрметті мектеп бітіруші түлектер.

  1. Жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп артық күліп,
    Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
    Шақырайық вальске түлектерді
    Қоштасудың вальсін айтып тұрып. (11 а сыныбының вальсі)

1.Жүргізуші:

Тыңдаған көңілдегі толғамымды,

Шыңдаған тәрбием мен талғамымды.

Өмірдің маған сыйы деп білемін,

Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды, — дей отырып ортаға 11ә сынып

жетекшісі Байсалхан Гүлназды оқушыларымен бірге қошаметпен

ортаға шақырамыз. Сөз кезегі өздеріңізде.

2.Жүргізуші:

Мереке өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Мың бұралып қоштасу вальсін 11ә сыныбы билейді,

Халайық қол соғыңыз мархаббатты. (11 ә сыныбының вальсі)

  1. Жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
    Халқынан ата-анадан бата алады.
    Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
    Ортаға шақырайық ата-ананы.
    Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз : Кошманов Санат пен Орманов Асхат ағайларымызға беріледі.

Сіздерді ортаға шақырамыз.

Сөйлеп, кітапты беріп болған соң

1.Жүргізуші: «Жақсы кітап – жан азығы» — демекші, құрметті ата-аналар кітапханамыздың кітап қорына қосқан үлестеріңіз үшін көп рахмет. Тілектеріңіз қабыл болып, түлектеріміз тек биіктен көрініп, бәрімізді қуанта берсін.

2.Жүргізуші:

Білімді құйып санаңа
Шәкірт болыңдар білікті.
Орнымызды нық басар деп,
Тапсырамыз «Алтын кілтті»!

1.Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімнің Алтын кілтін,
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің Алтын кілтін 2019 жылғы «Алтын белгі» үміткері Жанатбек Ақерке 9 сыныпты «Үздік аттестатқа» аяқтап отырған Таңатар Дияна, Ғалымова Айша, Сағындықова Ақжарқынға тапсырады.
  1. жылдың түлегі, «Алтын белгі» үміткері сөйлейді)

2.Жүргізуші:

Ардағым деп қуанады ел саған,

Тарланым деп табынады жер саған.

Болашақтың бар тізгіні сендерде,

Сенім артар азаматым, болшы аман! – деген 11а,ә сынып оқушыларының

1 сыныпты бітіріп отырған іні, қарындастарына деген естелік сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.

  1. Жүргізуші: Гүлдерге толып омырау
    Түлектер тойын тойлайды.
    Қағылмақ соңғы қоңырау
    Қаққызбай өмір қоймайды.

Соңғы қоңырау соғу құрметі «Алтын белгі» үміткері – Жанатбек Ақерке, «Үздік аттестат» үміткері – Орманова Риза, «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті мен белсенділері Санатқызы Гүлзат, Долқын Ақнарға және 1а , 1ә, 1б сыныптардың үздік оқушыларына беріледі.

(ҚОҢЫРАУ ҮНІ)

ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛЫП БОЛҒАН СОҢ.
  1. Жүргізуші:

Көгершіндей самғаңдар түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді-ау ерекше жүректерің.

  1. Жүргізуші: Бүгінгі күн – жас түлектің жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн.Тек биіктеп самғай беріңдер, жас түлектер. Сіздерге тек ақ жол тілейміз!
  2. Жүргізуші: Үлкен өмірге аттаған қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын, жас түлектер!!!

1.Жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн
«Сәт сапар!»-деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін.

2.Жүргізуші: Осымен соңғы қоңырау мерекелік жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылына амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

Алматы облысы Талдықорған қаласы
Еркін ауылдық округіндегі МДШО бар №26 орта мектеп,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Анар Калибаевна

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ