Балаларды табиғатты аялауға баулу (ашық сабақ)

0
4166
табиғатты аулау
Білім саласы: Таным
Бөлімі: математика
Тақырыбы: «Көктемгі жайлауда»
Мақсаты: Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету. Балалардың табиғатқа деген белсенділігін арттыру. Балалардың геометриялық пішіндер  туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді  ажырату қабілеттерін байқау. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу. Өткен тақырыпты пысықтау.

Шаттық шеңбері: Сүйеміз біз табиғатты аялап,
Табиғат ол біздің үлкен саябақ.
Барша жанға тілейтінім тек қана,
Адамзаттық үлкен жүрек шапағат.

Тәрбиеші: Балалар, тілектерің қабыл болсын! Бүгінгі күн өте тамаша! Табиғат бізге жылы шуағын төгіп тұр.
-Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардан көктемгі күннің ерекшеліктерін сұрап, суреттер ілгізеді.
-Балалар, бізге біреу келіп тұрған сияқты, есік қағып жатыр. Бұл кім екен? Кіріңіз.
-Гүл ханшайымы.

Гүл ханшайымы: Саламатсыздар ма!

-Сіздер қандай әдемісіңдер! Балалар мен сендерді қонаққа шақырып келдім. Сендер саяхат жасағыларың келе ме? Егер сендер менің тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерді көктемгі жайлауға алып барамын.
— Сіздер маған көктем туралы тақпақ айтып беріңіздер.

Балалар көктем туралы тақпақтарын айтады.
— Балалар, біздер жайлауға келдік. Мынау орман. Үлкен дуал ағаштар. Түстері қандай?
-Жасыл, әдемі ағаштар.

  • Ағаштардың пішіндері қандай?

Жауабы: биік, аласа

Гүл ханшайымы: Маған сендермен көктемгі жайлауға саяхат жасаған ұнады. Сендер көп нәрсе біледі екенсіңдер. Сендермен қоштасатын сәт келді.

Балалар гүл ханшайымына «Бақыт гүлін сыйлады.
Тәрбиешінің жұмысы.

  • Балалар, біздерге табиғат жеміс-жидектер, көкөністер силайды. Мына себетте және табақта неше алма бар?

Жауабы: себетте 2 алма, табақта 3 алма бар.

vosh2.jpg179.jpg

-Балалар, алма жемістерге жатама әлде көкөністерге жатама?
Жауабы: алма жемістерге жатады, ағашта өседі.

Көктемгі табиғатта көлде аққулар жүзіп жүр:

  • Жақын жерде неше аққу жүзіп жүр?
    Жауабы: 2 аққу жүзіп жүр
  • Алыста неше аққу жүзіп жүр?
    Жауабы: 3 аққу

14_tabigat2.jpg

Сергіту сәті:
Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.
Сабақтары салалы,
Жерге ырғалып жайқалған.

Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: көктем ерекшелігін, жеміс- жидектерді, ораман ағаштарын біледі.

Түсінеді: көктемгі табиғатты.
Қолданады: геометриялық пішіндермен қол моторикасымен жұмыс жасауды қолданады.

Қорытынды: баланың зейінін,ойлау қабілетін,қол моторикасын, қоршаған ортадағы құбылыстарды қабылдай білуге тәрбиелеуде математикалық ұғымдардың маңызы зор.

Атырау облысы, Жылыой ауданы
Құлсары қаласы
Курманова Айнагул Сарсенбековна
КМҚК «Айгөлек» ясли бақшасыныңтәрбиешісі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ