12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

0
3943
  1. Орта білім орындарындағы өскелең ұрпақ денінің сау болуына  зиян тигізетін ауыртпалықтардан құтқару. 15 жылдың көлемінде білім ошақтарындағы бағдарламаның тым ауырлап кеткенін ата-ана да, ұстаздар да жиі айтып, шағымданады. Салдарынан түлектердің 10 пайызының ғана тән саулығы қалыпты нормада екен. Ал, жеткіншектердің 15 пайызында жүйке ауруларына, ал, 50 пайызында түрлі созылмалы науқастарға шалдығу деректері жиі анықталып отырған. Осы себептерді алға тартсақ,  оқу бағдарламасының шамадан тыс зілбатпанын 12 жылдық білім беру едәуір жеңілдететіні дәлелдеуді қажет етпейді.
  2. Білім беру мазмұнын жаңа талапқа сай өзгерту. Соңғы жылдардағы сараптау түйінін қаперге алсақ, Кеңестік білім беру жүйесі өркениетті мемлекеттердің білім беру стандартына ілесе алмақ түгіл, әлдеқайда артта қалған хәлге жеткен. Әсіресе, жаратылыстану ғылымдары  жөнінен жаһандық санайғақта  еліміз көп мемлекеттерден кейіндеп қалғанын аңғарылады. Кеңестік білім жүйесінде информатика, экология, өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері енгізілмеген, әрі гуманитарлық пәндердің тәрбиелік мүмкіндіктері бағаланбайды.
  3. Материалдық-техникалық базаны жаңарта аламыз. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу арқасында талапқа сай емес материалдық-техникалық базаны жаңарту көзделген.
  4. Жұмыссыздықты кеміту – 12 жылдық білімнің аса маңызды артықшылығы десе болғандай. Яки, осы жүйеге сәйкес орта мектептің түлегі жоғары немесе арнайы оқу орнына түсе алмаса, жұмыссыз қалмайды. 12 жылдық мектепте алған кәсіптік мамандығы арқасында екі қолға бір күрек табылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ