Республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысыңыз!

0
2841

Ғылым мен білімді интеграциялау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі — Конкурс). Биылғы жылы Конкурс Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайы базасында  14 -17 ақпан аралығында өтеді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ғылыми сүйемелдеуімен өткізіледі

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік модельдері» тақырыбы аясындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан — 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

Конкурстың қорытынды кезеңінде 703 жас зерттеушілер 559 ғылыми жобаларын қорғайды. Конкурстың қорытындысы бойынша еліміздің құрама командасы өз жұмыстарын биылғы жылы Лос — Анджелес қаласында (Калифорния штаты) 14-19 мамыр аралығында өткізілетін Intel ISEF-2017 оқушылар ғылыми жобаларының халықаралық көрмесіне  ұсынады.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізу Ережесіне сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталған жүлдегерлерге Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу кезінде білім беру гранттарын тағайындауда басым құқық беріледі.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының ашылу салтанаты 14 ақпан күні сағат 13.00-де «Алатау» шипажайының мәжіліс-залында өткізіледі (мекен-жайы Каменка).

Женімпаздарды салтанатты марапаттау 17 ақпан күні сағат 11.00-де «Алатау» шипажайының мәжіліс-залында өткізіледі ( мекен-жайы Каменка).

Қосымша ақпаратты төмендегі мекен-жайлардан алуға болады:

Астана қаласы, Республика к. 34а, «Дарын» РҒПО, тел. 8 7172 29 52 32, 29-50-76

Алматы қаласы ,Достық 124 «Дарын» РҒПО филиалы, тел. 8 (7272) 62-78-62


ПІКІР ҚАЛДЫРУ