Есімшелердің етістіктерше жұмсалу қызметі

0
3006

Есімшелер етістіктің де есімдердің де қасиетін бойына сақтаған функциялық тілдік бірлік дедік. Бірақ есімшелер барлық кезде де етістіктердің мына қасиетін сақтап қалады:\r\n

    \r\n

  1. Есімше тұлғасындағы етістік өзінің амал-әрекетін, қимылдық мағыналарын сақтайды.
  2. \r\n

  3. Есімше тұлғалы етістік өзінің салт-сабақтылық қасиетін жоғалтпайды.
  4. \r\n

  5. Есімше қосымшалары етістіктің болымды, болымсыз түріне қосылып, сол болымды, болымсыз мағынасын өзгертпейді.
  6. \r\n

  7. Есімшелерде шақтық мағына олардың негізгі мағынасы болып саналады.
  8. \r\n

  9. Етіс қосымшаларынан кейін қосылған есімшелер оларға шақтық мағына қосады, етіс мағынасына ықпал жасамайды.
  10. \r\n

  11. Сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданылған есімше формалары етістік сөйлем құрамындағы басқа (есім) сөздермен меңгеріле байланысады да, түбір етістіктің байланысу үлгісіне өзгеріс енгізбейді.
  12. \r\n

  13. Етістіктің көсемше формасы сияқты бірнеше аналитикалық формалардың қалыптасуына жағдайлар жасап, солардың құрылымында қолданылады т.б. Есімшенің өн бойындағы есімдерге (әсіресе сын есімге) тән қасиеттердің бар екендігі де белгілі. Осыдан болса керек кейбір түркітанушылар оны етістіктен бөліп қаруды жөн санайды. Етістікке арнап іргелі еңбек жариялаған М. Оразов есімше есім сөздерге тән қызмет атқарса да, етістіктік қасиетін, етістікке тән белгілерді жоғалтпайды деген тұжырым айтады.
  14. \r\n

\r\nЕсімшелер сан есімдерше жұмсалғанда да өздері анықтаған сөздің қалыптық сипатын, амал-әрекетін, қозғалыстың т.б. қасиеттер анықталатын сөздің тұрақты белгісі екендігін білдіреді. Мысалы: ағын су, ағарған шаш, барар жер және т.б. Яғни есімше тұлғалары етістік заттың түр, түсін, ішкі қасиетін білдірмейді. Сондықтан оны көсемше сияқты етістіктің функциялық жұрнағы деп таныған жөн. Дегенмен А.Байтұрсынұлы бұл тілдік бірлікке есімше есім сияқты деген атауда бекер тақпаса керек. Есімшелердің есімдерге тән қасиеті сан есімдерше қолдануымен ғана бітпейді. Олар заттанып зат есім орнына жұмсалады, тәуелденеді, барлық сөйлем мүшесі бола алады және болымсыздық мағынаны есімдерше бар, жоқ сөздері арқылы білдіреді.\r\n\r\nЕтістіктің функционалды-семантикалық категорияларының ішінде жақтың алатын орны ерекше . Есімше тұлғалары есімдер үлгісімен жіктеледі. Жоғарыда айтылғандарымыз көрнекі болуы үшін біз оны кесте түрінде ұсынуды жөн көрдік.\r\n\r\n \r\n\r\n         4-кесте. Есімшелердің жіктелуі\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Есімше

\r\n

Етістіктерше жұмсалуы Есімдерше жұмсалуы
1 2
\r\n

    \r\n

  1. Есімше тұлғалы етістік барлық есімше қолданысында да әрекетті білдіру мағынасын сақтайды: барар жол, айтатын әңгіме, көрмес адам және т.б.
  2. \r\n

  3. Етістіктер есімше жалғанса да салттық, сабақтылық қасиетін жоғалтпайды. Мысалы: сабақты етістіктер: оқымен кітапты оқығанмын, жазмен шығарма жазғанмын, көр – киноны көрермін;
  4. \r\n

\r\nСалт етістіктер: келмен

\r\n

    \r\n

  1. Тілде сын есімдерше жұмсалып, сөйлемде анықтауыш болады: Оқыған адам көп біледі.
  2. \r\n

  3. Есімдерше түрленеді, септеледі тәуелденеді, көптеледі, жіктеледі
  4. \r\n

\r\nоқығанға, оқығаным, оқығандар, оқығанмын және т.б.\r\n

    \r\n

  1. Заттанып, зат есім қызметінде қолданылып сөйлемнің барлық мүшесі бола алады.
  2. \r\n

  3. Болымсыздық мағынаны есім сөздер сияқты жоқ, емес сөздері арқылы
  4. \r\n

\r\n

       4-кестенің жалғасы  
1 2
келмеспін, тұросында тұрғанмын және т.б.\r\n

    \r\n

  1. Болымсыз етістікке жалғанғанда, болымсыздық мағына сақталады: барма-бармаған, жүрме-жүрмеген және т.б.
  2. \r\n

  3. Баяндауыш болып қолданылғанда шақты білдіретін негізгі тілдік элемент болып табылады: Мен барғанмын (бұрынғы өткен шақ),
  4. \r\n

\r\nСен барарсың (болжамды келер шақ), Ол баратын (дағдылы өткен шақ).\r\n

    \r\n

  1. Есімше тұлғалары етіс қосымшаларының мағынасына әсер етпейді, тек шақтық мағына береді: келгізгенмен, көтерісерсің, жасаттыратын және т.б.
  2. \r\n

  3. Бірнеше аналитикалық форманттар жасауға қатысады.
  4. \r\n

\r\n

білдіре алады.

\r\n \r\n\r\nБайқап отырғанымыздай есімшелердің етістіктерше жұмсалу өрісі кеңірек.\r\n\r\nЕсімшелер жоғарыда келтірілген етістіктерше және есімдерше жұмсалатынымен бірге күрделі құрылымдарды құрауға дәнекер болатындығы белгілі. Бұл қызметке жұмсалу үшін олар алдымен түрлі септік жалғауларын, функциялық жұрнақтарды немесе түрлі көмекші сөздерді жалғап  бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады (бұл мәселе 2 бөлімде арнайы талданатындықтан, оған қазір тоқталып жатпаймыз).\r\n\r\nЕтістіктің сабақтылық-салттық категориясының мәні оның біріншіден семантикалық сипаты, екіншіден, табиғатынан өзіне тән ерекшелік екендігін айта кеткен жөн. Өйткені, етістік жалпы грамматикалық мағынасы жағынан нені білдірсе де (іс-әрекетті, қимылды, қозғалысты, көңіл-күйді, саналық белгінің өзгеру процесін, туу, өсу сияқты қимылды, амал-әрекетті, қалыпты т.б. мағыналарды) және қандай тұлғада (негізгі және туынды түбір, қосарланған, біріккен, тіркескен күрделі түбір, лексика-грамматикалық етіс және болымсыз етістік, таза грамматикалық рай, шақ тұлғалары жіктеліп келгенде) тұрса да сабақты немесе салт мәнін білдіріп тұрады . Осы тұлғадағы етістіктер есімше жалғанса да, салттық жеке сабақтылық қасиетін жоғалтпайды. Бұны біз есімшелердің табиғаты етістік екендігіне тағы бір дәлел ретінде келтіре аламыз.\r\n\r\nЕтістіктің салт-сабақтылық категориясын арнайы қарастырған С.Исаевтың айтуынша, етістіктің салттық сабақтылық семантикалық түрлік ерекшеліктері зат есімнің жалпы есім-жалқы есім, адамға байланысты зат, адамнан басқа атауларға байланысты зат, сан есімнің сапалық-қатыстық немесе саналық сын есімнің түр-түсті және сапалық сан – көлемдік сан т.б. түрлеріне ұқсас келеді . Яғни, бұл мағыналар аталған сөз таптарының табиғатына тікелей қатысты болғандықтан етістіктің салт сабақтылық мағынасын өзгертпей жалғанатын есімшелер таза етістіктерге тән бірлік болып табылады.\r\n\r\nЕсімшелерге үйреншікті сипат болып қалыптасқан субстантивтік (әрекетті істеушінің аты болу), атрибуттық (заттың әрекеттену белгісі болу), предикаттық (баяндауыш болу) қызметтер бұл формалардың жалпы грамматикалық (категориялық) та, жалқы грамматикалық (шақты білдіруі) та мағыналарынан туған. Бірақ есімшелер осы функцияларды амал-әрекет түрінде сын-қимылдың белгісі я сипаты түрінде көрсетеді, өйткені әдетте, субъектінің қимылын білдіретін етістіктер (алды, алады; берді, береді т.б.) есімшеге айналғанда, мысалы, алған, алар, алатын т.т.), сол субъектінің қимылына емес, оның белгісіне көшеді. Дегенмен, сөйлемде ондай қызмет атқарса да, есімшелер өздерінің негізгі сипатынан – шақтық мәнді білдіру қабілетінен айырылмайды. Осы сипатына орай, есімшелер категориясы есімдер тобына емес, етістіктер тобында қаралады. Ендеше, есімшелер етістікке жіктелу сипатына қарап жатқызылмайды (өйткені қазақ тілінде баяндауыш болған сөздердің бәрі де жіктеледі), шақ сипаты болатындығына қарай жатқызылады және есімшелерді таптастырғанда, олардың осы сипаты негізге алынады.\r\n\r\nОсы айтылған қасиетіне қарай, есімше формалары өткен шақ есімше, осы шақ есімше, келер шақ есімше болып үш салаға бөлінеді .\r\n\r\nЕтістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясы -ма, -ме,  -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жасалатындығы белгілі. Бұл жұрнақ етістіктің болымсыздық түрін жасап қоймайды, болымдылық мәнге қарама-қайшы етістіктің болымсыздық (болымды-болымсыздық) категориясын да жасайды. Есімшелердің бір ерекшелігі болымсыздықты -ма, -ме жұрнағымен қоса,  жоқ, емес сөздерін тіркестіру арқылы білдіре алады. Көсемшелерде ондай қасиет жоқ. Біздіңше есімшелердің бұндай жұмсалу әдісі оларды есімдердің қатарына қосуға еш негіз бола алмайды, тек есімдерше жұмсала алатындығына тағы бір дәлел бола алады. Ендігі жерде есімше тұлғаларының осы қызметіне тоқталып өтейік.\r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n\r\n1 Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы.  –Алматы, 1992. –444 б.\r\n\r\n2 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы, 1999. –581 б.\r\n\r\n3 Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –783 б.\r\n\r\n4 Словарь по языкознанию. –Алматы, 1998. –540 б.\r\n\r\n5 Қазақ тілі (энциклопедия). –Алматы, 1998. –508 б.\r\n\r\n6 Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –Алматы, 1998. –301 б.\r\n\r\n7 Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 2005.   –439 б.\r\n\r\n8 Қапалбеков Б. Көсемшелердің жұмсалу өрісі. –Алматы, 2006. –161 б.\r\n\r\n9 Ақкөзов Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы. –Алматы, 2005. –166 б.\r\n\r\n10 Фердинанд де Соссюр. Труды по языкознанию. –Москва, 1977. 695 с.\r\n\r\n11 Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғылым.канд.дисс. –Алматы, 2000.  150 б.\r\n\r\n12 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1991. –381 б.\r\n\r\n13 Хасенова А. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. –Алматы, 1971. –307 б.\r\n\r\n14 Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казах-киргизского языка.Часть І, изд. 1894 г., –Санк-Петербург. – 154 с.\r\n\r\n15 Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. –Алматы, 1958. –80 б.\r\n\r\n16 Хасенова А. Қазақ тіліндегі туынды түбір етістіктер. –Алматы, 1959. –176 б.\r\n\r\n17 Маманов Ы. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 1966. –183 б.\r\n\r\n18 Оразов М. Етістік. –Алматы, 2001. –385 б.\r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ