1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы  қазақ ұлттық зиялы қауымы

0
7136

1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы  қазақ ұлттық зиялы қауымы

Жоспар:

 

І. Кіріспе.

  1. Көтерілістің басталу себептері, сипаты және қозғаушы күштері.
  2. Жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп жетілуі.

 

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. Көтерілістің Жетісу және Торғай облысындағы орталығы
  2. Қазақстан 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде . Ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы және «Алаш» партиясының құрылуы.

 

ІІІ. Қорытынды бөлім.

  1. Қозғалыстың жеңілу себептері және тарихи маңызы.

 

 

 

 

1916 ж. Ұлт-азаттық көтеріліс жағдайындағы  қазақ ұлттық зиялы қауымы

ХХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің  Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды,сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болған. Бұл кезде егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, қырғыз, өзбек және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп ешқандай жері жоқ қазақ-қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90% тен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдаланды. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс-украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістірді, жер мәселесі жөніндегі саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалы Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнелтілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркісианнан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40.899.044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруларын кәсіпорындарға кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істеу күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына, халық арасында аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алым-салық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлінушілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыс пісіп жетілді.

Соғыс ауыртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өсуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднигінде Орынбор-Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққы қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай толқулар Верный, Семей қалаларында болды. Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама-қарсылық, бір-біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдануына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті.

Қазақ жастарын майдандағы тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып, болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттерді майданға жұмысқа алынатын «қара тізіиге қосты», ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен 60 жастағы шалдарды 30 жаста болып, 25-30 жастағы бай балалары 50 жастағы балалары болып жазылды.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байларды өлтіру, ірі феодардардың иеліктеріне шабуы жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағақдардың т.б. жойып жіберу секілді ашу-ыза әрекеттері кең лрын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп малдарын әкету жиілей түсті.

Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарда ұлт-азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалистік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалысты еңбекші қалықтың өкілдері басқарды. Торғай қаласындағы қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейтқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында Әділбек Майкөтев, Жетісуда Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол 1916 жылы қазақ интеллигенциясының көсемдері, яғни ұлт-азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне қарсылық көрсете алмай, тағы да қырғынға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны-халық көтерілісін тоқтатуда мүмкін болмады. ”Қазақ” газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

Бір сөзбен айтқанда,стихиялық халық көтерілісінен ұлтазаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды.Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жылы 27 ақпанда бас-аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады.осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ «Алаш» партиясының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген де үщқары жалған сөздер айтылды. Олардың көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.

Ал  көтеріліс басылып,қазақ жігітттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас-көз болып, кейін аман-есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары \оқытушылар, аңгерлер т.б.\ серіктерімен майдандарға \реквизацияланғандармен \ бірге аттанды. Бұл шын мәніндгі патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігіттерінің елге аман оралуы екі талай еді.

1919 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак-орыс шоғырлары болды.

Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі “бөліп ал да билей бер” деген тактикасында кеңінен қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал-губернаторы  Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылудан қанаушы таптардың бір қатар өкілдері босатылды. Олар:Басқару органдарының қызметкерлері, жергілікті халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері,имамдар, молдалар, медресседе істейтіндер,мекемелерде қаражат  мәселесімен айналысатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік және жекелеген оғары және орта білім беретін оқу орындарында оқып жүргендер, мемлекеттік мекемелерде қызмет істеп жүрген бұратана халықтың өкілдер.мұның өзі патша үкіметіне жалпы халықтық қозғалыстан бүратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүмкіндік берді.

1916 жылғы қазақ халқы көтерілістің болған басты аудандарының бірі – Жетісу еді. Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент-Тараншы болысының Городское селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға қарсылық көрсетумен басталды. Сол жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан (Алматы) шамамен 40 шақырымдай Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері съезге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін, жұрт таудан түспесін,  әкімшілік тарапынан күштеу шаралары қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізімі жойылсын деген шешімдер қабылданды.

10 шілдеде Ұзынағаш болысының Үлкенсаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінен көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудың он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да «оқтың астына барғанша осында өлген артық» деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный және Жаркент уездерінің көптеген болыстарында жаппай бас көтерулер болды. Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.

1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстары қазақтарының Самса стснциясы маңына біріккен бас көтеруі басталды. Көтеріліс бұл жерден Тоқмақ маңына ауысты. Верный-Қордай жолының бойындағы барлық почта бекеттері өртелді. Ташкентпен, Пішпекпен және Пржевальскімен телеграф байланысы үзілді. Тамыздың орта шенінде Жетісу облысының барлық болыстары дерлік толқыды.

Жетісудағы көтеріліс басшылырының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин. Ол халықтар арасындағы үгіт жұмысына басшылық етті, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді, үстем феодал-байлар тобының сатқындық рөлін әшкерлеп, патша жарлығын орындамауға шақырды. 1916 жылғы тамыздың бас кезінде революциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің жеңісіне дейін отырды. Жетісу жеріндегі отрядтарға сонымен бірге Бекболат Әшекеев, Нұрке Сатыбеков, Жәмеңке Мамбетов, Ұзақ Саурықоы /Қарқара/, Ақкөз Қосақов /Мерке/ және басқа да көптеген адамдар басшылық етті.

Жетісу облысындағы, сондай-ақ Қазақстан мен Орта Азияның басқа да облыстарындағы көиеріліс патша әкімшілігін қатты абыржытты. Түркістан өлкесі соғыс жағдайында деп жатияланды. Түркістанның генерал-губернаторы Куропаткин «ешқандай амалдардан тартынбай, көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды» талап етті. Ол сондай-ақ жергілікті әкімшілікке көтерілісшілерге қарсы күресу үшін тұрғылықты халық арасындағы рулық және тайпалық қайшылықтарды да пайдалануды ұсынды.

Көреілісшілерге қарсы зеңбіректермен, пулеметтермен жарақтандырылып, арнайы жасақталған жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзету күшейтілді, әскери-далалық соттар ұйымдастырылды. Түркістан өлкесінің басқа облыстарынан Жетісу облысына үш әскери жасақ, жеті атқыштар ротасы, қазақтардың бес жүздігі және он төрт зеңбірек жеткізілді, майдандағы армиядан казак-орыс батареясы және екі пулемет орыс-казак полкы келтірілді.

Көтерілісшілерге қарсы әскерлер жіберілгеніне, ауылдар мен қалаларда «күдіктілердің» бәрін жаппай тұтқынға алуға, ал әскери-дала соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығарғанына қарамастан, патша әкімшілігі көтерілісшілердің жауынгерлік рухын жасыта алмады. Көтерілісшілер қорғанып қана қоймай, кейбір жерлерде шабуыға да шығып отырды. Тоқмақ қаласы төңірегінде, Жаркент уезінің кейбір селоларында /Таврическое, Владиславское, Мещерское, Красноярское, Новокиевское/ күшті шайқастар жүрді. Ұзынағаш селосынан тауға жақын жерде Жайылымыс болысының көтерілісшілері мен подполковник Вазилевичтің жазалаушы отрядтарының арасында шайқастар жүрді. Алайда, көтерілісшілер саны көп және техникалық жағынан басым патша әскерлерін жеңе алмады.

Жазалаушылармен соңғы ұрыс 1916 жылғы қыркүйектің аяғында Қапал уезіндегі Вежа өзенінің маңында болды. Көтерілісшілердің жасақтары жеңіліске ұшырап, қалғандары тауға кетті. Жетісудағы көтеріліс 1916жылғы қазанда басып-жаншылды.

Патша жендеттері көтерілісшілері ғана емес, бейбіт халықты да жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдры қиратылды. Олардың малын айдап әкетті, мүлкін талам-таражға салды. Патша әскерлері қудаланған 300 мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туған жерін тастап, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды. Көтерілістің ең басты жетекшісі Бекболатты дарға асып өлтірді.

Сотсыз-тергеусіз атылғандарды, жазалаушылар мен кулак отрядтары қолынан қаза тапқандарды есептемегеннің өзінде Куропаткин бекіткен сот үкімдері бойынша ғана Түркістан өлкесінде 1917 жылғы 1 ақпанға дейін 347 адам өлім жазасына, 168 адам каторгалық жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916 жылы халық көтерілісі сондай-ақ Сырдария, Ақмола,Семей, Орал облыстарында және Бөкей ордасында қамтыды.

Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созыған, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, жер мәселесінің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.

Торғай уезінің қыпшақ руының қазақтары өздерінің ханы \әмірі\ етіп Нияз бидің немересі Әбдіғапар Жанбосыновты сайлады. Ал оның әскерінің бас сардарбегі \әскер қолбасшысы\ болып Амангелді Иманов тағайындалды. Арғын руының болыстарын Оспан Шолақов басқарды.

Амангелді көтерілісшілер арасында әскери тәртіп орнатып, оларды машықтандыруға көңіл бөлді. Ол отрядтарын 10, 50, 100 және 1000адамнан құралған бөлімдерге бөлді. Олардың басына онбасы, ,елубасы, жүзбасы, мыңбасы тағайындалды. Көтерілісшілер отрядтарын жинақтап, мүмкіндігіне қарай оларды қаруландырып, Амангелді Иманав шабуыл қимылдарына көшті. 22 қазанға қарай көтерілісшілер Ырғыздан Торғай мен Қарабұтаққа дейінгі барлық почта бекеттері мен телеграф желісін қолдарына алды.

1916 жылғы қазанға қарай Торғай және Ырғыз уездерінде 20-ға тарта көтерілісшілер отряды болды. 23 қазанда Амангелді Иманов бастаған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. Бірақ олар қаланы ала алмай, қоршау бірнеше күнге созылды. Амангелді бастаған көтерілісті басу үшін патша үкіметі генерал А.Д.Лаврентьев бастаған 10 мың әскер жасақтады. Оған 17 жаяу әскер ротасы, 18 казак-орыс жүздігі, 18 зеңбірегі мен 17 пулеметі бар 11 әскер эскадроны кірді. Лаврентьевтің Орынборда жасақталған әскерлері темір жол арқылы Шалқарға, Ақтөбеге, Қостанайға түсірілді.

Лаврентьев әскерлерінің келе жатқанын естіп, көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, оған қарсы аттанды. 16 қарашада Тосын және Шұбалаң болыстарының Амангелді Иманов бастаған жолпы саны 10-12 адамдық көтерілісшілері Түнқойма почта бекеті маңында маңында потполковник Котоминнің отрядына шабуыл жасады. Жазалаушылар көп шығынға ұшырап, көтерілісшілер қатарын әрең бұзып өтіп, 16 қарашада Торғай қаласына келіп кірді.

Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Бетпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрды. Амангелді Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңнен пайдаланды. 22 қарашада Ырғыз уезіндегі Ұлпан станциясында 4 мың көтерілісші есауыл Фроловтың отрядымен соғысты. Соғыс қақтығыстары сондай-ақ 21-23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуік, Аманкөл және Қызылжар болысының 6 мың көтерілісшілері подполковник фон Розеннің отрядымен шайқасты.

Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті. Сөйтіп 1917 жылдың басынан бастап А.Иманов күресті әрі қарай жалғастыруды көздеді.

1917 жылдың басында Қостанайдан Бетпаққараға қарай беттеген бірінші жазалаушы отрядтың жолын Наурызымның екі болысының Амангелді Иманов бастаған 2 мыңдай көтерілісшілері бөгеді. 1917 жылғы 13 қаңтарда Күйікқопа деген жерде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды. 18-19 ақпанда кулак-бай отрядтары қолдаған подполковник Тургеневтің мықты қаруланған отряды мен Амнгелді сарбаздары арасында шайқас жүрді. 22-24 ақпанда көтерілісшілер Доғалүрпек  маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. Барынша күш сала шайқаса отырып, көтерілісшілер қырға қарай шегінуге мәжбүр болды. 27 ақпанда жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққараны көтерілісшілердің қолында қалдырып Торғай қаласына шегінді.

Патша жазалаушылары мен Амангелді Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін де жалғаса берді. Толық емес мәліметтерге қарағанда,Уақытша үкімет ұлт –азаттық қозғалысына қатысқаны үшін Торғай обылысында 3мың адамды жауапқа тартты, олардың ішінде 201 адам өлім жазасына кесілді, 162 адам каторгаға айдалды.

Торғай обылысында Аманкелді Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп,оның дүниетанымын қалыптастыруға зор ықпал жасаған бльшевик Әліби Жангелдин еді. Ол 1884 жылы Торғай уезінің Қойдауыл болысында кедей семьясында туған. 1902 жылы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін ол Қазан семинариясына оқуға түсті. 1905 жылы Қазан студенттерінің революцлық қозғалысына қатысып, бұл үшін семинариядан шығарылды. 1906 жылы революциялық қызметі үшін оны осының алдында ғана оқуға түскен Мәскеу семинариясынан шығарды. 1915жылы большевиктердің Петроград ұйымы оны партия мүшелігіне қабылдады.

Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жақын белес болып табылады. Көтеріліс дүние жүзілік империалистік соғыстың қызып тұрған кезінде, Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының мықтап өрлеу жағдайында өтті. Бұл қозғалс ең алдымен империалистік соғысқа және өз жерлерін тартып алуына қарсы бағытталып, империализмнің жалпы ресейлік системасына мықтап соққы берді.

Көтерілістің бірыңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап, өзара  байланысты болып отырады. Көптеген  аудандарда көтеріліс антифеодалдық сипат алды. Алайда, көтеріліс стехиалы түрде дамып,  онда  тұрақты, жеткілікті біріккен басшшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді. 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана- сезімін артыруда зор рөл атқарды. Көтереліс патшаның малайлары ретінде феодалдық рулық жоғары топтың шын сиқын қазақ шаруаларына  айқын көрсетіп , ауылдағы тап күресін жаңа сатыға көтерді.

Көтерілістің негізгі қорғаушы күші ұлтттық шаруалардың қалың топтары , сондай-ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері , қолөнершілері еді. Оған қазақ халқының өзге топтарының , сонымен бірге демократиялық интеллегенцияның өкілдері де қатысты. Жалпы алғанда , Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қазақтармен қатар  ұйғырлар, өзбектер , дүнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан тұтас бір ұлттық сипатқа ие болды.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысы – Ресей империализмі дағдарысының бір көрінісі еді . Бұл қозғалыс Ресейдегі азаттық күресінің жалпы тасқынына ұласты .

1917 жылдың басында Ресейдің төңкерістік жаңа толқыны көтерілді. Империалиистік соғысты азамат соғысына аййналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады . Төңкеріістік дағдарыыстың пісіп-жетілііп келе жатқандығы ұлт аймақтарында , оның ішінде Қазақстанда да сезілді .

1917жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық төңкеріс жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтың өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарыныңкеңестері құрылды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азаттық алудың бастамасы ретінде қабылдады. Төңкерісшіл халық бұқарасының белсенді қимылдары нәтижесінде өлкеде бұрынғы өкімет өкілдері орындарынан түсіріліп тұтқынға алынды. Буржуазиялық-демократиялық төңкерісінің жеңіске жетуі өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды.

Қазақстанда кеңестер 1917 жылы наурыз-мамыр айларында Семейде, Әулиеатада, Петропавлда, Көкшетауда, Ақмолада, Павлодарда, Оралда, Өскеменде, Атбасарда, Түркістан өлкесінде және т.б. жерлерде құрыла бастады. Жұмысшы табы мен солдат депутаттарының кеңестері мен қатар сәуір-мамыр айларында шаруа депутаттарының кеңестері құрылды. Оларда көпшілік орынды меньшевиктер мен эсерлер алды. Сонымен бірге буржуазиялық уақытша үкіметтің жергілікті органдары 1917 жылы наурыз-сәуір айларында құрылды. Мәселен, Семейде қалалық думаның, офисерлердің өкілдерінен, биржалық комитет пен кооперативтердің, кулактың одағы мүшелерінен қоғамдық ұйымдар мен армияның Семей атқару комитеті, Петропавлда, Өскеменде қауіпсіздіктің т.б. бірлескен атқару комитеті жұмыс істей бастады. Көкшетауда көпестер мен шенеуніктердің жиналысы уақытша коалициялық комитет сайлады. Өскеменде де осындай атқару комитеті құрылды. Уақытша үкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері мен казак-орыс станицалары қанаушы басшы топтары өкіметінің органдары – казактық комитеттер құрылды. Бұлардың басында бұрынғы патша өкіметінің отарлаушы шенеуніктері, қанаушы таптардың өкілдері тұрды. Қазақстан сонымен қатар қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік коммитеттері де ұйымдастырылды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілері, атап айтқанда Торғай облысында Ә.Бөкейханов,  Жетісу облысында М.Тынышпаев, Түркістанда М.Шоқаев т.б. тағайындалды. Бірақ, олар шын мәнінде отарлық әкімшіліктің шенеуніктері болғандықтан жергілікті қазақ халқының мәселелерін шеше аламды. Кейбір жағдайда ұлттық интеллигенция өкілдері Ақпан төңкерісінен кейінгі қоғамдық-саяси дамудың өте маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шығып кетті.

Уақытша үкіметтің Қазақстандағы жергілікті органдары кулактарға, казактардың басшы топтарына, қазақ ауылдарының бай-манаптарына арқа сүйеді. Олар жұмысшылар мен еңбекшілердің революцияшылдық шабытын әлсіретуге тырысты. Халықты тонауларын жалғастыра берді, Бұқараның империалистік соғыстың ауыртпалықтарын өз мойындарымен көтеруге мәжбүр етті. Қазақтарды саяси құқықтарынан айырған ескі заңдар күшінде қалды, орасан зор жер иеліктері мен орыс-казак әскерінің сословиелік артықшылықтары сақталды. Қазақ халқының таңдаулы жерлерін тартып алушы қоныс аудару бастамасы өз қызметін өзгертпеді. Сөйтіп, Уақытша үкімет Қазақстанда бұрынғы патша өкіметінің саясатын одан әрі жалғастырды. Өйткені, бұл жаңа үкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқарну әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігінен айнымай, жергілікті халыққа олар қалай қараған болса, солай қарады.

Патша өкіметі құлатылғаннан соң, Қазақстан большевиктері астыртын жағдайдан шықты. Орынборда және Торғайда П.Кобезев, Ә.Жангельдин, А.Коростелев, Ақтөбеде В.Ф.Зинченко, Пировскіде А.В.Черняхов, Оралда П.Парамонов, П.Дмитриев, Шымкентте Н.Морозов, Семейде П.Салов, Петропавлда К.Сүтішев т.б. партиялық ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Большевиктік партияның қатарына С.Сейфуллин, Б.Серікбаев, Т.Рысқұлов, С.Арғыншеев және басқалары кірді. Олар Уақытша үкімет саясатының мәнін халыққа ашып берді, революция жауларының арам пиғылдарын әшкереледі, жұмысшылар мен шаруаларды, солдаттарды төңкерістің жеңісі жолындағы күреске топтастырды.

Ақпан төңкерісі жеңілгеннен кейінгі Қазақстан жұмысшы табының елеулі табысы – кәсіпшілер одақтары ұйымдарының құрылуы еді. Олардың қалыптасуында Орынбор – Ташкент темір жол торабы темір жолшылырының Құрылтай съезі және Омск теміржол жұмысшылары мен қызметкерлерінің бірінші съезінің үлкен маңызы болды. Бұл съездердің күн тәртібінде бірқатар маңызды саяси және экономикалық мәселелер қаралды. Олар: Уақытша үкімет пен соғыс көзқарас, сегіз сағаттық жұмыс күні, жұмысшы, солдат пен шаруалар депутаттары Кеңестеріне қатыстылық, контурреволюциямен күрес Құрылтай жиналысына қатысу, пенциямен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер.

Осы кезде Омск, Орынбор, Ташкент, Семей, т.б. қалалары оқу орындарының қазақ жастары алғашқы кезде мәдени-ағарту істерімен шұғылданған жастар үйірмелері мен ұйымдарын құрды. Орынборда «Еркін дала», Омск «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын және басқа жастар ұйымдары, 20 шақты үйірмелер мен топтар пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ — өлеңдер таратты, ойын-сауық кешендері, айтыс-талқылаулар т.б. ұйымдастырылды. Бұл ұйымдардың белгілі бір бағдарламалары болмады, әлеуметтік құрамы жағынан да біркелкі емес еді. Алайда, олар қазақ халқын патша өкіметінің ұлттық ортылық езгісінен азат етуді шын пейілдерімен қалады, өз халқының білім алуын талап етті, сңбекшілер санасында ұлттық  бірлік, бостандық пен тәуелсіздік идеяларын оятуға ұмтылды. Осы топтар мен үйірмелер арасынан неғүрлым батыл революциялық бағдарламамен әрекет жасағаны Әулиеата уезінде Т.Рысқұлов ұйымдамтырған «қазақ жастарының » революцияшыл одағы еді. Оның құрамын қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатарлы жастар енді. Бұл кездегі империя көлемін қамтыған саяси тұрақсыздық жағдайында Орынбор қаласында шоғырланған қазақ оқығандары өзара кеңесіп, кезек күттірмейтін ұлттық мәселелерге байланысты бір тұжырымға келу үшін жалпы қазақ съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Олар «Қазақ газеті» арқылы қазақ және қырғыз халықтарына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып басшы органдарын сайлады. Оған Ә.Бөкеханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров, М.Шоқай. М.Тынышбаев, Х.Досмұхамедов. Ж.Досмұқамедов, Х.Ғаббасов, т.б. кірді.

 

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995
  2. Дулатов М. Шығармалары. Алматы, 1991
  3. Назарбаев Н. Ә. Тарих толқынында. «Атамұра», 1999
  4. Мырзағалиұлы М. Төрғай көтерілісі. Егемен Қазақстан. 2006,29 тамыз, №204

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ