1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары.

0
12160
Гомотетия және оның қасиеттері

9-сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары.

Сабaқтың мақсаты: Қазақ халқының зиялы қауымын Сталиннің кезінде жазықсыз жазалау шараларынның түрлі айла әрекеттермен жүргізілгенін түсінеді.

Сабақтың міндеттері:

  • оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Қазақ жерінде қуғындау мен жаппай жазалау шараларының кесірінен ГУЛАГ-тар құрылып АЛЖИР, ҚАРлаг, Степлаг лагерлерінің пайда болғаннын түсіндіру.
  • Отаннын, елін, жерін сүйетін қазақ азаматттарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабaқтың типі: жаңа сабақ

Көрнекі-құрал: карта, сызба

Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақтың жоспары

IV. Сабақты бекіту:

V. Бағалау:

VI. Үйге тапсырмасы

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу. Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау ; 1920-1930жылдардағы қоғамдық саяси үдерістер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. 1930 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін.
  2. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары.
  3. Қорытынды.

1937 жылы БК(б)П ОК-ның И.В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты.

1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және тағы басқа айыптар тағылды. Соңғы зерттеу бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1ақпанына дейінгі кезде КСРО-да 3 млн 777мың адамды атужазасына соттап, оың 643 мыңына үкім орындалған,. 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамалып, миллиондаған адамдарды лаге1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс  құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО – да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам «халық жауы»  қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін  «геноцид саясаты»  осылай басталды.

1.Қазақстандағы екінші репрессия  1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы  Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі  үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы  сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, , содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді

Бюрократия – қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар өкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.

Репрессия – мемлекеттің өз азаматтарына  қолданатын қатаң жазалау шаралары.

Геноцид – қандайда болсын ұлттық, этностық немесе діни топтарды толық немесе жартылай жойып жіберу.

Тоталитаризм – әрбір азаматтың, қоғам өмірінің  барлық саласымемлекет тарапынан, толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрлыс түрі.

Сабақты бекіту:

  1. 1936-1938 жылдары айып тағылғандардың сандары қанша?
  2. 1930 жылы кімдер «халық жауы»деп тұтқындалды?
  3. Қазақстанда қандай лагерлер ашылды?
  4. ГУЛАГ дегеніміз не?
  5. Қуғын-сүргіннің зардаптары қандай?
  6. Қандай себептерге байланысты қудалау саясаты жүргізілді?

Бағалау,үй тапсырмасы: §22-23. 1937-1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары.

Тақырыпты оқу, жылдарды, терминдерді жаттау.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ