КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ АТА-АНАНЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

0
2427
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ АТА-АНАНЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ

Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына ерекше көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де білімді жастардың қолында екендігін атап көрсетті.. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі бәсекеге қабілетті, өмір сүруге дайын жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын негізгі талап– шығармашыл, белсенді, жауапты, терең білімді, кәсіби сауатты болу.

Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындады. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Қазақстанның білім беру жүйесіне жүргізілген ЭЫДҰ шолуының негізінде оқушылар үшін бағалауды барынша әділ және анағұрлым мәнді ету мақсатында барлық бастауыш және орта мектептерде критериалды бағалау моделін енгізу ұсынылды.Оқушылардың мектепте білім алуы олардың жан-жақты дамуына бағытталған. Оқушының қаншалықты дамығаны,қандай қиындықтарға тап болғаны туралы ақпарат алу ата-анаға аса маңызды. Осыған орай оқушының дамуына ,оқуға қызығушылығының артуына бағытталған критериалды бағалау жүйесі енгізілуде.Бұл үшін әр оқушы мен оның ата-анасына түсінікті тілде ,айқын,нақты бағалау критерилері бекітіледі.Нақты критерилердің көмегімен ата –ана баласының:

-білім алудың қай сатысында екендігі;

-неге талпынатыны;

-көмектесу үшін не істеу қажет екендігін біле алады.Ата-ана баласының оқуына, жетістікке жетуіне үнемі қолдау көрсетіп отыру керек екендігін білген жөн.Ата-ана мектепте бағалаудың критериалды негізде жүргізілетінін білгені маңызды.Бағалау критерийі арқылы баласының нені білуі және не істеуі керек екендігі анық көрсетіледі. Оқушының пән бойынша бағалануы екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау .Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үдерісінің ажырамас бөлігі,мұғалім мен оқушының арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Қaлыптастырушы бағалау кезінде балаңызға балл немесе баға қойылмайды,бұл бағалаудың түрі оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.Мұғалім қалыптастырушы бағалау кезінде балаңыздың дәптеріне не күнделігіне кері байланыс жазып отырады,Сіз мұғалімнің кері байланысына ыждағаттылықпен қарап ,балаңыздың оқу нәтижелеріне көңіл бөліп,қолдау көрсетуіңіз аса маңызды.бұл балаңыздың оқуда жіберетін олқылықтарының алдың алуға және жиынтық бағалауға дайындалуына әсерін тигізеді.

Қалыптастырушы бағалау

Өзара бағалау Өзін-өзі бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Кері байланыс

Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының әр бөлімін және белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда балаңыздың үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Балаңыздың оқу пәндерінде бөлім бойынша жиынтық бағалау 2 реттен, тек математика пәнінде 3 рет өткізіледі.Сонымен қатар өзін-өзі тану,дене шынықтыру, музыка пәндеріне жиынтық бағалау жүргізілмейді «сынақ» қойылады.Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында жүргізіледі,өткізілетін күн ата –ана мен оқушыға алдын ала хабардар болады,1 күнге 2 оқу пәнінен артық жиынтық бағалау жүргізуге болмайды. Осыдан барып балаңыздың оқу нәтижелері шығады:

Жиынтық бағалау

Бөлім бойынша жиынтық бағалау Тоқсан бойынша жиынтық бағалау

Балдар

Тоқсандық баға

Әр бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау жұмысына балл қойылады да тоқсандық баға шығу үшін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың 50% және тоқсандық жиынтық бағалаудың 50 % жиналады,осыдан тоқсандық баға немесе жылдық баға шығады. Жиынтық бағалау бойынша балаңыздың барлық жұмыстары портфолиосында жинақталады және Сіз танысуға құқылысыз.

Қолданылған әдебиеттер:

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау ата-аналарға арналған ақпарат Астана 2016

Абишева Бахыт Тугелбаевна
жоғары санатты,бастауыш сынып мұғалімі,оқу ісі жөніндегі орынбасары
Қ.Қайсенов атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектеп
Атырау қаласы
bakhyt.abisheva@mail.ru


ПІКІР ҚАЛДЫРУ